«

»

Jan 25 2013

Print this Post

Кітапхана туралы

Кітапханалар біздің өмірімізде елеулі орын алады. Адамдардың көбісі олармен мектеп кездерінен бастап танысады. Жаңа білімге деген құштарлық әр жастағы және әр мамандықтағы оқырмандарды кітапханаға әкеледі.

Университеттің кітапханалары әрдайым қоғам тарихында ерекше рөл атқарды. Оқу үрдісі, әдістемелік және ғылыми зерттеулер, мәдени мұра, тәрбие және дәстүрлер кітапхананың қатысуынсыз жүзеге аспайды.

Қарағанды техникалық университетінің кітапханасы 1953 жылы тау-кен институтының кітапханасы ретінде құрылды. Кітап фондының негізін Мәскеу, Ленинград, Днепропетровск, Харьков тау-кен институттарының кітаптары құрды.

ҚарТУ-дың бүгінгі кітапханасы өзінің ашылу кезінен едәуір басқаша болып өзгерді. Ол Орталық Қазақстанда ең ірі кітапханаларының бірі болып табылады. Оқу залдары мен абонементтер, әр түрлі жинақтар, ойластырылған анықтама аппараты кітапханамызға  тек біздің университетіміздің студенттері мен оқытушыларын ғана емес, сонымен қатар қаланың жастары мен интеллегенциясын тартады.

Университет кітапханасының міндеттері:

  • Кітап қорын сақтаудың қалыптасқан дәстүрлі тәсілдеріне ақпараттық орталық функцияларын енгізу арқылы, ашық ғылым бастамасына қолдау көрсете отырып, ақпараттық кеңістікте университеттің оқытушылары мен қызметкерлері контенттерін толық әрі мазмұнды көрсету.
  • Инновациялық білім беру өнімдері мен технологияларын енгізуге, білім беру сапасын арттыруға, электронды және қашықтықтан оқыту технологияларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру қызметтерінің портфелін қалыптастыру.
  • Білім мен ғылымды дамытудың заманауи тенденцияларына сәйкес кітапхана қызметін дамыту және түрлендіру.
  • Ақпараттық гигиена бойынша жалпы мәдени дағдыларды қалыптастыру, пайдаланушыларды кітапхана ресурстарынан тыс сапалы ақпаратты іздеуге үйрету.

Қызметі

Кітапхананы дамыту стратегиясы ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттарымен, міндеттерімен сәйкес келеді.

Кітапхананың қызметінің негізгі бағыттары:

  •  кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде оқу үрдісінің мазмұнды және жан-жақты болуы;
  • барлық санаттағы пайдаланушылар үшін кешенді кітапханалық-ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру, олардың ақпаратқа, білім алуға, идеяларға, мәдени құндылықтарға еркін және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • оқырмандарды кітапты және басқа ақпарат тасушы құралдарды пайдалана білуге, іздеуге, таңдауға және ақпаратты бағалауға үйрету;
  • университеттің ғылыми және білім беру саясатын жүзеге асыру.

Серіктестері

ҚарТУ кітапханасы университеттің зияткерлік кеңістігінің біртұтас, бөлігі болып танылады сонымен қатар кітапхана мен оқырман арасындағыақпараттық ресурстар агрегаторларымен, кітап бизнесі кәсіпорындарымен кітап қорын жабдықтау саласындағы серіктестік қарым – қатынас механизмін әзірлеуге ықпал етеді.

Оқырманкез келген кітапхананың басты серіктесі. Оқырмандардың сұраныстары негізінде кітапхана дамып, құжат қорын қалыптастырады, ақпараттық технологияларды енгізеді, болашаққа жоспар жасайды.

Электрондық кітапхана жүйесі оқу процесінде қолданылатын оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік және басқа да әдебиеттерді қамтитын мәліметтер қоры болып табылатын кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етудің міндетті элементі болып табылады.

Кітап баспасы – оқырмандар сұранысына сәйкес кітап қорын толықтыру және университеттің әртүрлі мақсатты топтарының мүдделерін қанағаттандыру көзі.

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/kitaphana-turaly/