«

»

Jan 25 2013

Print this Post

Кітапхана туралы

Кітапханалар біздің өмірімізде елеулі орын алады. Адамдардың көбісі олармен мектеп кездерінен бастап танысады. Жаңа білімге деген құштарлық әр жастағы және әр мамандықтағы оқырмандарды кітапханаға әкеледі.

Университеттің кітапханалары әрдайым қоғам тарихында ерекше рөл атқарды. Оқу үрдісі, әдістемелік және ғылыми зерттеулер, мәдени мұра, тәрбие және дәстүрлер кітапхананың қатысуынсыз жүзеге аспайды.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің кітапханасы 1953 жылы тау-кен институтының кітапханасы ретінде  құрылды. Кітап фондының негізін Мәскеу, Ленинград, Днепропетровск, Харьков тау-кен институттарының кітаптары құрды.

ҚарМТУ-дың бүгінгі кітапханасы өзінің ашылу кезінен едәуір басқаша болып өзгерді. Ол Орталық Қазақстанда ең ірі кітапханаларының бірі болып табылады. Оқу залдары мен абонементтер, әр түрлі жинақтар, ойластырылған анықтама аппараты кітапханамызға  тек біздің университетіміздің студенттері мен оқытушыларын ғана емес, сонымен қатар қаланың жастары мен интеллегенциясын тартады.

Permanent link to this article: http://lib.kstu.kz/kz/kitaphana-turaly/