«

»

Jan 26 2013

Print this Post

Оқырмандарға

ҚарМТУ кітапханасын қолдану ережелері

1.Жалпы ережелер

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің кітапханасын қолдану қазіргі Ережелері Университет Жарғысына сәйкес құрылып, кітапхана оқырмандарына (қолданушыларына) қызмет көрсету ұйымдастырудың жалпы тәртібін регламенттейді. Кітапхана фондтары Университет меншігі болып, қоғамдық пайдалануға қазіргі ережелерге сәйкес ұсынылады.

2.Кітапхана қолданушылары

Кітапхана қолдану құқығы қолданушылардың екі категориясына ұсынылады:

1. Студенттер, магситранттар, докторанттар, колледж студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы, университеттің ғылыми және басқару-шаруашылық қызметкерлері (тұрақты қолданушылар).

2. Ғылыми қызметкерлер мен аймақтық халық шаруашылығының мамандарына, ғылыми дәреже ізденушілеріне, машықтанушылар, талапкерлер, және жеке тәртіп бойынша кітапханаға баратын тұлғаларға (уақытша қолданушылар).

3.Кітапханаға жазылу тәртібі

Кітапханаға тұрақты қолданушы ретінде жазылу үшін студенттік билет немесе қазіргі жылдағы мөрі бар сынақ кітапшасын, 3х4 см. өлшеміндегі 1 (бір) фото ұсынып, оқу формулярын, оқырманның тіркеу картасын толтыру керек.

Профессорлық-оқыту құрамы, ғылыми қызметкерлер, университет қызметкерлері ҚБД-дан анықтама, жеке куәлік (немесе оны алмастыратын құжат), 3х4 см.өлшеміндегі 1 (бір) фото ұсынып, оқу формулярын, оқырманның тіркеу картасын толтырады.

Кітапханаға уақытша қолданушы ретінде жазылу үшін жеке куәлік және Университет ректорынан рұқсат алу үшін жұмыс мақсаттарын және қажетті тақырып белгілеумен жұмыс немесе оқу орнынан жазбаша өтініш ұсыну керек.

 

4.Қолдану құқықтары

Қолданушылардың :

- үйге кітапхана фондтарынан кітаптарды, баспаның басқа шығармалар мен материалдарды уақытша қолдануға;

- кітапхана көрсететін библиографиялық және анықтама-ақпараттық қызметтерін қолдануға;

- кітапхана ұсынған техникалық құралдармен жұмыс істеуге;

- монитор экранынан құжат оқу арқылы Кітапхананың электрондық каталогынан және алынған немесе өзінің электрондық деректер қоры немесе толық мәтінді құжаттарды жұмыста қолдану құқығы бар.

  

5. Кітапхана материалдарын қолдану тәртібі

Әдебиетті үйге беру абонементтерде іске асырылады:

- оқу әдебиетті оқырмандарға бір семестрге беріледі.

- көркем және ғылыми-көпшілік әдебиет 14 күнге беріледі.

- аз данадағы және жоғары сұраныстағы әдебиет 20 күнге беріледі.

Қолданушының:

- әдебиетті алып, басқа оқырманның орнына қол қою;

-бір басылымның екінші данасын алуға құқығы жок.

Кітапты алғанда қолданушы басылымдарды қарап шығу керек, бір кемістік  тапқан жағдайда кезекші кітапханашыға хабарлау керек. Әйтпегенде кітап бүлдіру үшін басылымды ақырғы алған қолданушы жауапты болады. Оқу залдарында әдебиетті шығару құқығысыз қолдануға болады.

 

6. Электронды кітапхананы пайдалану тәртібі

Кітапхана кітапхананың пайдаланушыларына жергілікті қол жеткізудің электронды ақпараттық ресурстарына, кітапхана мен Интернет арқылы қашықтан қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, колледж студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, университеттің ғылыми және әкімшілік қызметкерлеріне толық мәтінді құжаттарға толық қол жетімділік беріледі.

Облыстың ұлттық экономикасының ғалымдары мен мамандары, академиялық дәрежеге үміткерлер, тыңдаушылар, ізденушілер және кітапханаға жеке тұлғалар қатысатын басқа тұлғаларға толық мәтінді құжаттарға тек оқу режимінде қол жетімділік беріледі.

Пайдаланушы электронды кітапхананың мүмкіндіктерін тек ақпаратты іздестіру және оқу процесіне және ғылыми зерттеулерге қажетті дербес жұмыс үшін пайдалануға құқылы..

7. Компьютерлерді қолдану

Кітапханадағы компьютерлерді ақпарат іздеу үшін , көбінесе оқу және ғылыми мақсаттарда қолданады. Компьютерлердің бір бөлігі электрондық каталогтарда іздеу үшін арналған.

Кітапхананың компьютерлік немесе басқа жабдықтың бүлінуі немесе бұзу әрекеті маңызды бұзушылық ретінде қарастырылып, Университет күзеті мен әкімшілігіне хабарланады.

Компьютермен жұмыстағы ақауларда қолданушылар электрондық оқу залының кітапханашысына хабарласу керек. Компьютердің әр аппараттық және бағдарламалық конфигурациясын өзгертуге рұқсат етілмейді.

Баспа ақпаратты тасымалдаушыға (алмалы USB тасымалдаушысы, CD/DVD, цифрлы камерелар және т.б.) көшіру «Авторлық құқығы және сабақтас құқықтары туралы» ҚР Заңың бұзбайтындай көлемінде, оқуға, ғылыми жұмысқа жеткілікті көлемде рұқсат етіледі.

Дискеталар мен ақпараттың ауысымды тасымалдаушылары «Ақпаратты қорғау. Жобалау, қондыру, жөндеу, қанау және ақпараттық жұйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талаптар. СТ РК 34.022-2006  »Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес вирус болуына тексерілу керек.

 

8.Қолданушылардың міндеттері

Қолданушылар:

осы Ережелердің талаптарын орындауға;

- кітапхана материалдарына ұқыпты қарап, белгі жасамауға, парақтарын жұлмауға және бүкпеуге, мультимедиялық тасымалдаушылардың бетін сырмауға, материалдарды кітапханашының рұқсатынсыз шығармауға;

-  кітапхана фондынан алынған әдебиетті кітапхана белгілеген мерзімде қайтаруға міндетті.

- Кітапхана фондынан кітап немесе баспаның басқа түрін жоғалту немесе бүлдіру жағдайда қолданушы оны сондай шығарма немесе материалмен немесе кітапханамен тең бағалы деп танылған кітаппен алмастыруға міндетті. Егер жоғалған немесе бүлінген кітапты алмастыруға болмайтын жағдайда қолданушы олардың бағасын өтеу керек.

- университеттен шыққан жағдайда қолданушы барлық кітаптарды қайтару керек.

- кітапханаға сыртқы киім мен бас киімде кіруге болмайды.

- тыныштық, тазалық және тәртіпті сақтап, ұялы телефонды қолдануға тыйым салынады.

Осы Ережелерді бұзған жағдайда қолданушылар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзіміне дейін Кітапхана қолдану құқығынан айырылады.

Permanent link to this article: http://lib.kstu.kz/kz/o-y-rmandar-a/