https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Mar 05 2013

Print this Post

Кітап сақтау функцияларымен жоғары курс студенттеріне қызмет көрсету бөлімі және әскери кафедрасының оқу залы

 


Күндізгі бөлімнің 3-5 курс бакалаврлары мен қашықтықтан білім алатын студенттерге, колледждің 3 және 4 курс студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріна

қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша әдебиеттер қоры ұсыну арқылы қызмет көрсетіледі.

Бөлім кітапхана қорын ұйымдастыруды, сақтауды, басқаруды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

Кітапхананың құрылымдық бөлімшелері мен кафедралардағы әдістемелік кабинеттерге жаңадан түскен басылымдарды таратады, кітап көрмелеріне әдебиеттер береді, әдебиеттерден бас тартуларды қарайды,
кітапхана қорынан құжаттарды есептен шығарады.
Қорда бір данада бар басылымдарға сұраныстарды орындайды, Сұраныс парақтары бойынша қызмет көрсету бөлімдері мен оқу залдарына кітап сақтау қорынан әдебиет береді.

Бөлімде кітапхананың барлық білім салаларындағы негізгі әдебиеттер жинағы бар: • білім беру; • оқу-әдістемелік; • ғылыми; • Университеттің, ірі университеттердің, салалық институттардың және Ұлттық ғылым академиясының жұмыстары; • диссертациялар; • өлкетану; • сирек кітаптар.

Жоғары курс студенттеріне қызмет көрсету бөлімінің бастығы Куанышбаева Сауле Советовна

Жұм.телефоны 56-59-35 (ішкі 1059)

Эл. адресlibrary_ktu@mail.ru

 

Жоғары курс студенттеріне абонемент

Әскери кафедрасының кітап беру пункті

 

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/zho-ary-kurs-studentterine-y-zmet-k-rsetu-b-limi-2/