Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сенім. – Алматы: «Атамұра», 2014. – 248 бет.
Ирина Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сенім» атты кітабы КСРО халық әртісі, классикалық вокал өнерінің жарық жұлдызы Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың естеліктері бойынша жазылған. Кітап басты кейіпкердің атынан баяндалады. Әншінің өмірі, отбасы, өнер жолы, қызметі жайлы, көмек қолын созып, жәрдем берген, жанына шуақ сепкен адамдар тұралы әңгімелейді. Бибігүл Төлегенова – өте тартымды, пайымды-парасатты, жан-жақты, өмірге аса құштар жан. Күні бүгінге дейін концерттер беріп жүрген әнші, педагог, қоғам қайраткері, жаны жарқын, ақылы асқақ, көркіне көңілі сай, әр кезде алуан қырынан көріне білетін, жүзінен қашанда шуақ лебі есіп тұратын Бибігүл Ахметқызы біздің бәрімізге таңғажайып өмір өрнектерін жайып салады: ешқандай ауыртпашылыққа, мұқтаждық пен қиыншылыққа қайысып көрмеген ол қай кезде де шат-шадыман, үлкен жүректі адам болған, айналаңдағылардың баршасын барынша жақсы көріп, жарқырап атқан әртаңды қуанышпен қарсы алып, өмірдегі өзіңе тиесілі міндеттін мінсіз атқаруға, алдыңа қойған мақсат-мұратыңа айрықша сеніммен қарауға үйретеді.
Ирина Серкебаеваның Бибігүл Ахметқызы туралы аса бір нәзік сезіммен, соншалықты сүйіспеншілікпен жазуының да себебі – ең алдымен бұл адамның өз өміріндегі алатын ерекше орнына байланысты болса керек. Сүйікті қаласы, бал дәурен – балалық шағы, Калинин, Төлебаев көшелерінің аумағы, әкесі – Ермек Серкебаев, анасы, мектебі, опера театры, Бибігұл Ахметқызының өзі, ол кісінің балалары: автордың айтуына қарағанда осылардың барлығы «жан дүниесіне жылулық ұялататын, балдырған шағынан бастап, бүкіл өмір бойына жүрегін елжірететін таңғажайып көктемгі жалын құс» бейнесіндегі әсерге бөлейтін көрінеді. Біздің бәрімізге Бибігүлді тарту еткен Жаратқан иемізге мың алғыс!
Римова Б
Еңлікгүлім Б. Римова. - Алматы : Өнер, 1987. – 150 б.
Бұл кітапты, жазар алдында бастан кешкен небір қуанышқа топы шат күндерім де, қайғылы-қайғысыз өткен күндерім де бірінен соң бірі есіме түсіп, көңілім бір түрлі қобалжып, толқумен біраз уақыт жүріп алдым.
Біздің бүгінгі жас буын, жаңа толқын қазақ сахна өнерінің майталман шеберлері Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, С. Қожамқүлов, Ш. Айманов секілді т. б. актерлер жайында көп біле бермейді. Білсе, тек олар жайында жазылған естелік мақалалар мен деректі шығармалар арқылы. біледі.
Әдетте, актер өнері күнбе-күн, жылма-жыл көріп, тамашалап келе жатқан көрермендерімен бірге өсіп, бірге қалыптасады. Бірге жасайды. Айталық, кезінде қазақ сахнасының көркі болған көрермен қауымды сан күлдіріп, сан жылатқан Р. Қойшыбаева, Ж. Өгізбаева, С. Телғараев сияқты актерлеріміздің творчестволық өмір жолдарын зерттеп, шеберліктерін кейінгі жас буынға үлгі етіп ұсыну театр мамандарының орындай алмай келе жатқан ісі, атқара алмай келе жатқан міндеттері десек, қате айтқандық бола қоймас. Осындай жағдайлар мені біраз толғандырды.
Актер адамның творчестволық еңбегі мен өнерпаздығы туралы оқи отырып, жеке басының өмірі жайында: жолдасы кім, қайда туып, қайда өскен екен дегенді білгісі келетін оқырмандар да жоқ емес. Оқырман қауым актер өмірінің небір қызықты сәттерін білу арқылы оның адамдық тұлғасын таныса керек.
Ойлап отырсам, қиындығы мен қызығы мол өнер жолында қырық жылдан астам өмір өтіпті. Бұл аз уақыт емес, әрине. Осы өткен жылдарымның ішінде әр жанрда, әр түрлі спектакльдерде үлкенді-кішілі ұзын-ырғасы жүзге тарта рольдерде ойнаппын. Жиырма шақты көркем фильмге түсіппін.
Әрбір актердің алғашкы қадамы, қалыптасып өскен, ке мелденген кезі болады, Қырық жылдан астам өнер жолында осы кезеңнің бәрін бастан кештім. Мен де өз тұстастарым сияқты, ескі мен жаңаның күресі аралығында туып, ел басына түскен қилы-қилы кезеңдерді бастан өткердім. Қазіргі өнер сүйгіш оқырман жастарға біздің творчестволық өмір жолымыз қызықты көрінуі ғажап емес. Сондықтан, қысқаша болса да, өмірбаянымды айта кетуді жөн көрдім.
Латиева С.
Бұлбұл: өмірбаяндық повесть-эссе / С. Латиева. - Алматы : Өнер, 1984. – 160 с.
Қазақ сахнасының бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова өмірі мен творчествосына арналған бұл кітапта әншінің ұлттық опера өнерімізді дамытудағы еңбегі; дүние жүзілік, орыс, совет және ұлттық классикалық шығармаларды игерудегі жемісті ізденістері әңгіме арқауына айналады. Сонымен қатар, автор әншінің образ сомдау жолындағы ойлары мен ішкі толғаныстарын да сергек сезімталдықпен, лирикалық сыршылдықпен оқырман алдына жайып салуға ұмтылады.
Кітап өнер сүйген көпшілік қауымға арналған.
.
.
.
Жиенқұлова Ш.
Өмірім менің - өнерім: әдеби жазбасы Шәрбану Құмарованікі Ш. Жиенқұлова. - Алматы : Жазушы, 1983. – 212
Шара өмірі – қазақ өнерінің өсу жолы. Олай болса, кемелді жасқа толған, көрген-түйгені мол азамат қайраткердің айтары да аз болмаса керек. Айтулы өмір белестерінің биігінен қарай отырып биші өз тұрғыластарының қазақ өнерінің уығын шаншысып, шаңырағын көтеріскен өкшелес замандастарының бейнесін жаңғыртып, оқушыға тарту етеді. Мухтар Әуезов, Темірбек Жүргенов, Күләш Байсейітова, Дина Нұрпейісова, Құрманбек Жандарбеков сынды халқымыздың ардагер ұл- қыздарының өз оміріне қатысты сәттерін тебірене баяндайды.
Қазақ ССР-інің халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Шара Жиенқулова өзінің автобиографиялық повесінде өнер жолындағы қиындықтарды, ересен еңбекпен, табандылықпен ғана алынатын абырой-даңқ қуанышын баяндай отырып халқымыздың рухани қазынасы – көркем өнерді қастерлеп молайта беруді келер ұрпаққа өсиет етеді.
Халимульдина А. И.
Звездный час Маншук : научно-популярная литература А. И. Халимульдина, А. К. Халимульдин. – Алма-Ата: Жалын, 1985. – 400 с
Имя славной дочери казахского народа, комсомолки Маншук Маметовой известно и дорого советским людям. Во время Великой Отечественной войны она добровольцем ушла на фронт и мужественно сражалась с немецко-фашистскими захватчиками.
За смелость и мужество, проявленные в боях с немецко-фашистскими захватчиками, Маншук Маметовой присвоено звание Героя Советского Союза.
.
.
.
Шолпан-жұлдыз : деректі-танымдық жинақ. құраст. Е.Қ. Төлеу. - Нұр-Сұлтан : Кәусар, 2022. – 223 бет
Жинақ КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына орай жарық көріп отыр. Кітапта қазақ театр өнері жарық жүлдызының өз мақалалары және замандастары мен белгілі театртанушылардың естеліктері топтастырылған. Еңбектің құндылығы – талантты актриса туралы әр жылдарда басылымдар беттерінде жарияланған жазбалардың жүйелі жинақталуында.
.
.
.
.
.
Кыз-Жибек : лироэпическая поэма: пер. с каз. – 2-е изд., перераб. - Алматы : Мектеп, 2003. – 134 с
Лироэпическая поэма «Кыз Жибек» является выдающимся памятником казахской народной поэзии. Получившая свое начало от одной сюжетной линии, поэма имеет несколько вариантов, но наиболее популярен среди читателей вариант Жусипбека Шайхулисламова, впервые опубликованный в 1900 году издательством Казанского университета. Известны и другие, более ранние издания поэмы, одно из которых датируется 1894 годом,
А если представить возраст поэмы с периода ее рождения в народе и до наших дней, то он покроет не одно столетие, теряя свое начало где-то в средневековье.
За время существования этой поэмы мастера народной поэзии – акыны – не раз отшлифовывалиее, и до нас она дошла как произведение профессионального искусства и поэтического гения казахского народа, как жемчужина казахского фольклора,
Предлагаемый читателю художественный перевод поэмы «Кыз Жибек» осуществлен поэтом Бахытжаном Канапьяновым непосредственно с оригинала. Я считаю, что переводчик в целом справился с задачей. Разумеется, при каждом переводе есть потери. Есть они и в новом переводе, но нельзя не отметить основного — бережного отношения к народной сокровищнице.
Будучи слушателем Высших литературных курсов, Бахытжан Канапьянов посещал и лекции по казахскому фольклору, которые мне приходилось в свое время читать студентам Литературного института.
Консультируя его по некоторым фрагментам «Кыз Жибек», я заметил, что в процессе перевода молодой поэт будто бы переживает ту далекую эпоху, в которой обитали персонажи поэмы.
«Огонь оставляет золу. Пламя развеет ветер, занесет песок, но там, где горел огромный костер, всегда остается след. Как археологи находят в толще земли и под барханами песка остатки когда-то цветущих городов, так историк литературы, копаясь в курганах литературного наследства, может обнаружить бесценные крупицы древней поэзии кочевников, живших в далекие века в гармонии с природой и создававших неповторимые шедевры, впитавшие их вольнолюбивый дух», — так я написал лет двадцать тому назад в книге «Кобыз и копье». Нынешние молодые переводчики по найденному следу идут вглубь, их влечет огонь древности. Они не довольствуются успехами предшественников. Они своим поэтическим сердцем стремятся представить современному много- миллионному читателю казахский эпос в его первозданности.
Фарида Шәріпова. - Алматы:Өнер, 2006. – 152 бет.
Бұл кітап – көрнекті сахна жүлдызы және киноактриса, халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Фарида Шәріпова әлемі біртұтас сөз болып, қарастырылатын, театр өнеріндегі парасаттық бастау қатарынан табылатын хас шебердің рухани-эстетикалық және адами әлемін зерделеуге, сол арқылы Тұлғалық болмысын тануға бастайтын алғашқы толымды еңбек, ұжымдық еңбек.
Кітапта Шәріпова өнері туралы замандастары, әріптестері, белгілі суреткерлер, өнертанушылар, журналистер сөйлейтін және Шәріпованың өзі замандастары, әріптестері, суреткерлер туралы ой толғайтын материалдар; актрисаның өз мұрағатынан және М.Әуезов театры музейі қорынан алынған фотосуреттер мол топтастырылған.
Кітап өнерсүйер қауымға, өнертанушы жастарға, сондай-ақ қалың оқырманға арналған.
.
Оңғарсынова, Фариза.
Дауа : өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. – Алматы : Атамұра, 2002. – 287 бет.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлендерінен тұрады.