https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jul 25 2022

Print this Post

Әдебиет толымдау және ғылыми өңдеу бөлімі

Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімі оқырмандардың сұранысына орай кітап қорын толықтырып отырады.

Бөлім кітапты және басқа да құжаттарды тіркеу, жүйелеу, есепке алу жұмыстарын өзара бір-бірімен байланыстағы автоматтандырылған, атап айтқанда, «Комплектатор» «Каталогизатор», «Книгообеспеченность» сияқты бірнеше жұмыс орнынан(АРМ) тұратын ИРБИС кітапханалық-ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

Кітап қорын құжаттармен жүйелі және қажет болғанда жедел түрде мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде дәстүрлі және электронды тасымалдағыштарда толықтырып отырады.

  • Қорды құжаттар және ақпараттық ресурстармен толықтырып отырады.
  • Университет кафедралары, бөлімшелердің тапсырыстары бойынша кітап сатушы мекемелер мен баспалардың прайс-парақшаларына сүйене отырып, алдын-ала өтінімдер даярлайды (оқу әдебиетіне өтінім үлгісі). Мерзімді басылымдарға жазылу үшін каталогтар мен прайс-парақшалар таратады. Өтінімді толтыру кезінде көмек көрсетеді.
  • Түскен және шығарылған құжаттарды есепке алып отырады.
  • Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізіп, кітап сақтау функциясын қатар атқаратын Жоғарғы курс студенттеріне қызмет көрсету бөліміне тапсырады.
  • Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан оқу процесіне көмек ретінде оқу және ғылыми басылымдарды сыйға қабылдайды (қызметтік жазба үлгісі).

Орналасуы: бас корпус, 136 ауд

Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі: Абдрахманова Жанар Нұрғалиевна

Жұмыс телефоны: 56-59-32(ішкі 1059)

Электронды пошта: okinol_1059@mail.ru

Жұмыс кестесі:

дүйсенбі-бейсенбі 8.30-17.30
жұма – 8.30-17.00
сенбі, жексенбі – демалыс
айдың соңғы бейсенбісі – тазалық күні

Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/debiet-toly-mdau-zh-ne-y-ly-mi-deu-b-limi-2/