https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jan 31 2022

Print this Post

Жас ғалымдарға арналған кітапхана

«Жас ғалымдарға арналған кітапхана» жобасы аясында 28 қаңтарда «Кітапхананың ақпараттық ресурстары» онлайн-дәрісі өтті (Microsoft Teams платформасында). Кітапхана қызметкерлері магистранттар мен докторанттарға университет кітапханасының электронды ресурстарына не кіретінін, оларды оқу және ғылыми қызметте пайдалану жолдарын айтып берді.

Онлайн-дәрістің бірінші бөлімі электронды каталог пен электронды кітапханада іздеу, қолжетімділік ережелері мен электронды кітапхана жүйесін пайдалану және ашық интернет ресурстарына сілтемелерді іздеуге арналды. (Презентация)

Екінші бөлімде мерзімді басылымдарға электронды түрде жазылу және оларға қол жеткізу, кітапхананың электронды каталогының мерзімді басылымдар базасынан журналдар мен газеттерді іздеу туралы айтылды. (Презентация)

Үшінші бөлімде шетелдік халықаралық ресурстарға шолу, сілтеме индекстері және оларды пайдалану ережелері қамтылды. (Презентация)

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/zhas-alymdar-a-arnal-an-kitaphana/