1- Серия: Web of Science: ғылыми басылымдар әлеміне бағыт беру жүйесі
Web of Science ақпараттық платформасы: мазмұны, мүмкіндіктері, қолданылуы
Web of Science ақпараттық платформасының және Web of Science Core Collection деректер базасының негізгі сипаттамалары. Пайдаланушының жеке профилін құру. Ғылыми басылымдарды іздеудің тиімді жолдары. Алынған ақпаратты сараптау. Ғылыми басылымдардың толық мәтінін іздеу мүмкіндіктері. Жаңа басылымдардың жарық көргені және дәйек сөзге алынғаны(цитируемость) туралы хабарлама жіберілуі.
–17 ақпан, дүйсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–25 ақпан, сейсенбі 14:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Journal Citation Reports және импакт-фактор: халықаралық ғылыми журналдарды қалай салыстыру және таңдау керек
Журналдың форматы және бизнес-моделі. Сапалы ғылыми журналдың көрсеткіштері мен атрибуттары. Импакт-фактор мен квартильдер. Web of Science, EndNote (Match) және Journal Citation Reports-ты пайдалана отырып, мақаланы жариялау үшін тақырыптық басылымдардың тізімін жасау. Журналдарды іріктеу мен бағалаудағы Journal Citation Reports-тың сараптамалық құралының мүмкіндіктері. JCR 2019 басылымындағы жаңалықтар.
–18 ақпан, сейсенбі 16:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–26 ақпан, сәрсенбі 09:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Publons-тағы ResearcherID: авторлық профилі, авторлар идентификаторы және жарияланым белсенділігі
Автор бойынша іздестіргендегі кездесетін кедергілер. Ғалымның ғылыми жұмысына сараптама жасау, дәйек сөздер бойынша есептеулерді интерпретациялау және құру (цитирование, индекс Хирша, т.б.). Ғалымның барлық еңбектерін көрсету және олардың Web of Science мәліметі бойынша жетістіктерін бағалау мақсатында және кез-келген ғалымдар тобы үшін атқарған ғылыми еңбектері бойынша автоматты түрде есеп беруді құрастыру үшін ResearcherID-де тегін авторлық идентификатор алу мүмкіндігі.
–19 ақпан, сәрсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–28 ақпан, жұма 14:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
2 – Серия: Clarivate Analitics құралдарымен ғылыми нәтижелерді бағалау.
Web of Science-те мамандандырылған іздестіру техникасы
Кеңірек іздестірудегі мүмкіндіктер/advance search в Web of Science Core Collection. Іздестіру жазықтығы арқылы немесе логикалық операторлар арқылы іздеу тақырыптарын құру. Мақалада берілген библиография бойынша іздеу. Арнайы деректер базасында және Web of Science платформасында ғылыми дәйек сөздердің(цитирование) аймақтық индексі арқылы ақпаратты талдау.
–25ақпан, сейсенбі 09:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
–26 ақпан, среда 14:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Web of Science –тағы мекеменің қызметін бағалау: профиль құру, дәйек сөздер жайлы есеп жасау.
Мекеменің атынан мақалаларды іздеудегі туындайтын қиындықтар. Web of Science Core Collection деректер базасында Address іздеу жазықтығын және SAME операторлық іздеуді қолдану. Мекеменің атына мақаланы сәйкестендіру және сараптау үшін кеңінен іздестіру жазығы Advanced search –ты пайдалану. Құру алгоритмдері/ Organization Enhanced арқылы мекеменің біріктірілген профилдеріне түзетулер енгізу.
–26 ақпан, сәрсенбі 12:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
–28 ақпан, жұма 09:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында және оның нәтижесін бағалауда заманауи библиометриялық индикаторларды пайдалану.
«Библиометрия» терминіне түсініктеме. Дәйек сөз(цитирование, Хирш индексі және т.б.) бойынша есеп жасау. Ғалымның барлық жарық көрген еңбектерінің бір жерге жинақталуындағы, Web of Science-тің беретін ақпараты бойынша оның жетістіктерін көрсетудегі және автоматты түрде жасалатын мақалалары бойынша есептеулер жасаудағы ResearcherID тегін авторлық идентификатордың мүмкіндіктері.
27 ақпан, бейсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен) – Павел Касьянов өткізеді
–27 ақпан, бейсенбі 14:00 (мәскеу уақытымен) – Павел Касьянов өткізеді
3-Серия Халықаралық журналдарда жариялануға байланысты практикалық ұсыныстар
Редакторды тосу. Басылымнан бас тартудың негізгі себебтері. Рецензенттің түзетулерімен жұмыс істеу. Ғылыми мақаланың құрылымы. Негізгі бөлімдерді жазу бойынша практикалық кеңестер. Академиялық ағылшын тілінің ерекшеліктері. Аңдатпа(аннотация) жазу. Мақаланың тақырыптарын жазу. Кілт сөздерді таңдау.
–17 ақпан, дүйсенбі 14:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–18 ақпан, сейсенбі 09:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
Библиографиямен жұмыс істеудегі EndNote мүмкіндіктері
Мақаланы халықаралық журналға жариялау барысындағы дайындық жұмыстары. Журналдардың басылымдарға қоятын талаптары. EndNote Online арқылы жеке библиографиялық деректер базасын құру. Жазбаларды сұрыптау, топтар құру және оларға кіруді басқару. Библиографияны рәсімдеуде шаблондарды пайдалану. Microsoft Word-қа арналған Cite-While-You-Write модулін пайдалану және мәтінді жазу кезінде әдебиеттер тізімін жасау.
–19 ақпан, сәрсенбі 14:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–20 ақпан, бейсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Халықаралық журналдарда жариялауға мақаланы дайындау
Тәуір журналдардың көрсеткіштері олардың Импакт-факторлары мен квартилдері. Web of Science, EndNote (Match) және Journal Citation Reports арқылы тақырыпқа сәйкес басылымдардың тізімін құру. Жабайы(хищнический) журнал түсінігі және оның белгілері. Жабайы(хищнических) таратымдар мысалдары: қалай тексеруге болады, сізге мақалаңызды қайда салып жіберуді ұсынды.
–20 ақпан, бейсенбі 14:00 (мәскеу уақытымен) – Валерия Курмакаева өткізеді
–21 ақпан, жұма 10:00 (мәскеу уақытымен) – Варвара Соседова өткізеді
Сіздерді біздің семинарларда күтеміз!