Сабақ кестесі, қантар 2020 ж.
Тиімді ғылыми жұмысқа және оны сараптауға арналған Web of Science Group ресурстары
Наукометрия : не, не үшін, кім үшін. Мақсаты мен міндеті, наукометрия мүмкіндіктері. Сараптамаға арналған деректер және оның шектелуі. Негізгі көрсеткіштер: импакт-фактор, һ-іndex, CNCI және т.б. Оң және бұрыс пайдалану, себебтері мен нәтижелері. Ашық қолданыс. Наукометрияның ғалымға, мекемеге, елге беретін мүмкіндігі. Web of Science платформасы: мүмкіндіктеріне шолу. Авторлық профильдер ( Publons, ORCID) және мекеме профилі: мүмкіндіктері, құру мен өзгерістер енгізу.
Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
–22 қаңтар, сәрсенбі 10:00-11.30 (мәскеу уақытымен) – б.ғ.к. Ирина Тихонкова өткізеді
–23 қаңтар, бейсенбі 14:00-15.30 (мәскеу уақытымен) – б.ғ.к Ирина Тихонкова өткізеді
Ғалым мен журнал үшін Web of Science ақпараттық платформасының мүмкіндіктері
Ғылыми басылымдарды іздеудің тиімді жолдары. Ғалымның, журналдың, мекеменің құнды еңбектерін анықтау, гранттық қолдауды талқылау. Ғылыми зерттеу тақырыбын бағалау, серіктес іздеу, нәтижелерді сақтау. Арнайы немесе негізгі коллекциялық базаларда жұмыс істеу. Базалық, кеңейтілген және мақаладағы әдебиеттер бойынша іздестіру. Web of Science Core Collection мен Russian Science Citation Index базаларының ерекшеліктері. Іріктеу түрлері/ Web of Science Core Collection журналдарын іріктеу.
Ғылыми электрондық кітапханадан арнайы шақырылған спикер Арефьев Павел Геннадьевич Elibrary.RU және Clarivate Analitics-пен серіктестік жайлы, контент жайлы, Russian Science Citation Index-ке журналдар іріктеу туралы әңгімелейді.
Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
–23 қаңтар, бейсенбі 10:00-11.30 (мәскеу уақытымен) — б.ғ.к Ирина Тихонкова мен Ғылыми электрондық кітапхананың сараптама бөлімінің жетекшісі Павел Геннадьевич Арефьев өткізеді
–24 қаңтар, жұма 14.00-15.30 (мәскеу уақытымен) — б.ғ.к. Ирина Тихонкова мен Ғылыми электрондық кітапхананың сараптама бөлімінің жетекшісі Павел Геннадьевич Арефьев өткізеді
Ғалымның мақаланы жариялаудағы стратегиясы
Ғылыми басылымдардың сапасының критерилері. Басылымның бизнес-моделдері. Ақысыз журналды қайдан және қалай табуға болады. Басылымды жариялау процесі. Басылым таңдау. Мақаланың құрылымы. Журналдың форматына сәйкестендіріп қолжазбаны дайындау(EndNote). Рецензиялау. Мақала не себепті қабылданбайды. Ғылыми коммуникацияда нені ескеру керек. Мақаланың таралуы. Web of Science Core Collection-да басылымның индексін тексеру. Бонус: жабайы басылымдар жайлы және оларға ұрынып қалмау жолдары.
Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
––24 қаңтар, жұма 10:00-11.30 (мәскеу уақытымен) – б.ғ.к. Ирина Тихонкова өткізеді
–22 қаңтар, сәрсенбі 14:00-15.30 (мәскеу уақытымен) – б.ғ.к. Ирина Тихонкова өткізеді
Сіздерді біздің семинарларда күтеміз!