Clarivate Analytics 2019 жылдың 18-27 наурыз аралығында өтетін ғылыми басылымдардың өзекті мәселелеріне арнаған онлайн-семинарлар сериясына қатысуға шақырады.
1-Серия: Ғылыми басылымдар авторлары үшін ақпараттық құралдар
Web of Science ақпараттық платформасымен жұмыс істеу машықтары: ғылыми ақпаратты іздестіру
Web of Science ақпараттық платформасының және Web of Science Core Collection деректер базасының негізгі сипаттамасы. Қолданушының жеке профилін ашу. Ғылыми басылымдарды мейлінше тиімді іздестіру жолдары. Алынған ақпаратты сараптау. Ғылыми басылымдардың толық мәтіндерін іздеу мүмкіндіктері.Жаңа басылымның жарыққа шыққаны және дерек сөздердің алынғаны(цитируемость) туралы хабарландыру.
– 18 наурыз, дүйсенбі 9:00 (мәскеу уақытымен)
– 25 наурыз, дүйсенбі 6:00 (мәскеу уақытымен)
– 25 наурыз, дүйсенбі 13:00 (мәскеу уақытымен)
Ғылыми нәтижелерді басып шығару үшін журнал таңдау және оны бағалау.(Journal Citation Reports)
Журналдың форматы және бизнес-моделі. Сапалы ғылыми журналдың көрсеткіштері мен атрибуттары. Импакт-фактор мен квартильдер. Web of Science, EndNote (Match) және Journal Citation Reports-ты пайдалана отырып, мақаланы жариялау үшін тақырыптық басылымдардың тізімін жасау. Журналдарды іріктеу мен бағалаудағы Journal Citation Reports-тың сараптамалық құралының мүмкіндіктері.
– 21 наурыз, бейсенбі 9:00 (мәскеу уақытымен)
– 26 наурыз, сейсенбі 6:00 (мәскеу уақытымен)
– 26 наурыз, сейсенбі 13:00 (мәскеу уақытымен)
Web of Science-тағы ғалымның еңбек көрсеткіштері және автор бойынша басылымды іздестіру
Автор бойынша іздестіргендегі кездесетін кедергілер. Ғалымның ғылыми жұмысына сараптама жасау, дәйек сөздер бойынша есептеулерді интерпретациялау және құру (цитирование, индекс Хирша, т.б.). Ғалымның барлық еңбектерін көрсету және олардың Web of Science мәліметі бойынша жетістіктерін бағалау мақсатында және кез-келген ғалымдар тобы үшін атқарған ғылыми еңбектері бойынша автоматты түрде есеп беруді құрастыру үшін ResearcherID-де тегін авторлық идентификатор алу мүмкіндігі.
– 22 наурыз, жұма 9:00 (мәскеу уақытымен)
– 27 наурыз, сәрсенбі 6:00 (мәскеу уақытымен)
– 27 наурыз, сәрсенбі 13:00 (мәскеу уақытымен)
2-Серия: Ғылыми еңбекті сараптауға арналған ақпараттық құралдар
Ғылыми әдебиеттерді сараптауда Web of Science платформасының беретін қосымша мүмкіндіктері. Кеңінен іздеу мүмкіндіктері /advance search в Web of Science Core Collection. Логикалық операторлар мен іздеу жазықтығы арқылы іздеу сұрақтарын құрастыру. Мақалада берілген библиографиядан іздестіру. Web of Science платформасының арнайы деректер базасындағы және ғылыми дәйек сөз қолданудың(цитирование) аймақтық индексіндегі ақпаратты талдау.
– 25 наурыз,дүйсенбі 9:00 (мәскеу уақытымен)
Web of Science-тағы мекеменің профилі: мүмкіндіктері, құру, түзету
Мекеменің басылымдарын іздестірудегі туындайтын қиындықтар. Web of Science Core Collection деректер базасында Address іздеу жазықтығын және SAME іздеу операторын пайдалану. Мекеменің басылымдарына сараптама жүргізуде және идентификациялауда Advanced search кеңінен іздеу жазығын пайдалану. Құру алгоритмдері /Organization Enhanced арқылы мекеменің біріктірілген профилдеріне түзетулер енгізу/.
– 26 наурыз, сейсенбі 9:00 (мәскеу уақытымен)
Ғалымның, мекеменің, мемлекеттің ғылыми жетістігін бағалаудағы InCites мүмкіндіктері
InCites сараптама ресурсы бойынша шолу-семинар. Ғылыми еңбекті жан-жақты бағалаудағы құралдың негізгі көрсеткіштері мен жаңа функциялары.Web of Science деректері бойынша базалық және ағымдағы есептерді жасау,әрі оны ғылыми жұмыстарды жоспарлауда қолдану.
– 27 наурыз, сәрсенбі 9:00 (мәскеу уақытымен)
3-Серия: Халықаралық журналдарда жариялануға қажетті практикалық ұсыныстар.
Жауапкершіліксіз журналдарға ұрынбай, дұрыс журналды қалай таңдап алуға болады.Сапалы ғылыми журнал көрсеткіштері. Импакт-фактор мен квартильдер. Web of Science, EndNote (Match) және Journal Citation Reports-ты пайдалана отырып, мақаланы жариялау үшін тақырыптық журналдардың тізімін жасау. Жабайы (қоқыс, жауапсыз) журналдаржәне оның негізгі белгілері. Жабайы таратулар(хищнические рассылки) мысалдары: сізге мақалаңызды қайда жіберуге ұсынғанын қалай тексеру керек.
– 18 наурыз, дүйсенбі 16:00 (мәскеу уақытымен)
– 19 наурыз, сейсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен)
Жеке кітапхананы құру және библиографиялық тізім жасау(EndNote Online)
Халықаралық журналға мақаланы дайындау барысы. Журналдардың мақалаға қоятын талабы. EndNote Online көмегімен жеке библиографиялық деректер базасын жасау.Жазбаларды сұрыптау, топтар құру және оларды қолдануды басқару. Библиографияларды жасауда шаблондарды пайдалану. Microsoft Word-қа арналған Cite-While-You-Write модулін пайдалану және мәтінді жазу барысында әдебиеттер тізімін жасау.
– 21 наурыз, бейсенбі 16:00 (мәскеу уақытымен)
– 20 наурыз, сәрсенбі 10:00 (мәскеу уақытымен)
Халықаралық журналдарда мақалаға қойылатын негізгі талаптар
Редакторды күту. Мақаланы қайтарудың негізгі себептері.Рецензенттің түзетулерімен жұмыс.Ғылыми мақаланың құрылымы. Негізгі бөлімдерді жазуда практикалық кеңестер. Академиялық ағылшын тілінің ерекшелік қасиеттері. Аңдатпа жасау. Тақырыпты жазу. Кілт сөздерді таңдау.
– 21 наурыз, жұма 10:15 (мәскеу уақытымен)
– 22 наурыз, жұма 16:00 (мәскеу уақытымен)