Қашықтықтан оқытуға көмектесу үшін электрондық құжаттарды жеткізу қызметі (ЭҚЖ) қол жетімді.
ЭҚЖ қашықтағы пайдаланушыларға ҚарТУ кітапханасының қорында сақталған құжаттардың электронды көшірмелеріне тапсырыс беруге және алуға мүмкіндік береді. Электрондық көшірмелер «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы No 6-1 Заңына сәйкес басылымның 15% -нан аспайды. Басылымдардың толық көшірмесі орындалмайды. ЭҚЖ қызметін алу үшін сіз КарТУ кітапханасының оқырманы болуыңыз керек және дұрыс электрондық пошта мекен-жайы болуы керек. Құжаттарды электронды түрде беру тәртібі мен шарттары туралы толық ақпарат кітапхананың http://lib.kstu.kz сайтында көрсетілген.
Сіздерге жемісті еңбек тілейміз!