Баспа қызметіне көмек ретінде ғылыми жарияланымдар, диссертациялар және мақалалар үшін ӘОЖ/КБК шифрларын қашықтықтан тапсырыс беруге қолжетімді.
ӘОЖ/КБК индекстерін және құжатқа авторлық құқықты алу үшін келесі мәліметтер ұсынылуы керек:
- факультет, кафедра, авторлардың аты – жөні;
- тақырыбы;
- нақты аннотация немесе құжаттың толық мәтіні;
- кілт сөздер;
- байланыс телефон нөмірі.
Ағылшын тіліндегі құжат үшін автор міндетті түрде кілт сөздердің аудармасын және орыс тіліндегі толық аннотацияны ұсынуы керек.
ӘОЖ/КБК индекстері және авторлық құқық 1 жұмыс күні ішінде тапсырыстың жалпы тәртібіне сәйкес беріледі.
Тапсырыстың мерзімі тапсырыс санына, құжаттардың күрделілігіне байланысты 2 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Басылымдарды индекстеу және жіктеу индексін алу туралы сұранымды жіберу тәсілдері: e-mail (b.beysembaeva@mail.ru) немесе WhatsApp.