Кітапхананың электронды оқу залында(бас корпус, 254 ауд.) 03.04-04.04 аралығында «Металлургия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтарына арналған «Диплом алушы күні» болып өтті.
«Диплом алушы күні» шеңдерінде өткізілген шеберлік сабағында оқытушылар мен диплом алушылар электрондық ресурстарды мен халықаралық деректер базасын пайдалану, библиографиялық тізімді құрастыру туралы кеңестер алды. Кету қағазына(обходной лист) қол қойғызу схемасымен және «Диплом алушы кейсімен» танысты. Web– Ирбис арқылы кітапқа тапсырыс беруді үйренді.