https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Sep 13 2022

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Бұл айтулы дата ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Ұлт руханияты үшін үлкен бір маңызы бар бұл шараға кітапхана ұжымы да өз үлесін қосып «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтын ұлықтаған тұлға» атты көрме ұйымдастырды. Көрме университеттің бас корпусында электронды оқу залында(254 ауд.) орналасқан. Көрмемен күн сайын 8.30-17.30 аралығында таныса аласыздар.
Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыздар: https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2236

image-12-09-22-04-52-1

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-150/