https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Nov 09 2019

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

«Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясының қазылар алқасының шешімімен 2019 жылы Қазақстанда жалпы оқуға арналған басты кітаптар болып Қазақстан халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Қазақстан халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың(1909-1998) поэзиясы танылды.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген ынтасын арттыру, Қазақстан әдеби мұрасын зерттеп-білуге деген құлшынысты туғызу, сондай-ақ, жас буынның зияткерлік және рухани жағынан дамуына жәрдемдесу.
Акция аясында, Қазақстан тарихы кафедрасымен бірлесе отырып, дәстүрлі оқырман конференциясы өткізілді. Қатысушылар жазушылардың өмірі мен творчествосы жайлы әңгімеледі, олардың шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті.
Акцияға қатысушы кітаптар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.IMG_2127

IMG_2138

IMG_2191

IMG_2150

IMG_2184

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-100/