Құрметті әріптестер,Scopus-та индекстелуі тоқтатылған басылымдардың да тізімі жарияланды. Эксперттік кеңес 2018 жылы 263 басылымды қарап, оның 135-інің индекстелуін тоқтатты.
Сіздерден бұл журналдарға ғылыми еңбектеріңізді жарияламау сұралады. Scopus контентіндегі өзгерістерді Elsevier-дің орыстілді сайтының «Скопус» бөлімінен қадағалай аласыздар.
Ғылыми еңбектеріңізді жарияламас бұрын сақ болыңыздар!
Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелетін
журналдарға немесе ғылыми конференциялар материалдарының жинағына жариялану туралы ақпараттың анықтылығына көз жеткізіңіз. Мақалаларыңыз жариялана қалған күнде оларды ресейлік және шетелдік дәйексөздер (цитирование) базасында (Scopus, Web of Science, РИНЦ және тб.) дұрыс өңдеу үшін мекеменің мекен-жайын дұрыс жазу керек ( Ғылыми басылымдар авторлары үшін).
Мақалаларды жарияламас бұрын журналдарды тексерістен өткізу туралы ұсыныстар
Scopus деректер базасында авторлардың Хирш индексін (ашық жарияланымдағы басылымдар) мына жерден тексере аласыздар. Авторды қалай іздеуге болады?