https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Feb 07 2020

Print this Post

Назар аударыңыз!

БАННЕР 1

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін «Гребенников» баспа үйі» электрондық кітапханасын тестілік түрде қолдануға рұқсат берілді: Grebennikon. GREBENNIKON ЭК-сы экономика, маркетинг, жарнама, менеджмент және тағы басқалары бойынша практикалық құрал болып табылады.

Электрондық кітапханаға қазіргі кезде 40 000 астам мақала енген.

Ақысыз тестілік қолданыстағы кез келген материалды оқуға болады( жүктеусіз, басып шығармай және т.б.-тек қана оқу(қарау) режимінде. Кітапхананың 300 тақырыпқа арналған ыңғайлы рубрикаторы, мақалалардың толық аннотациясы бар. Мақалаларды автор, атауы, кілт сөздер арқылы іздеу мүмкіндігі берілген.

2018 жылы Grebennikon электронды кітапханасы медиатекамен –маркетинг, менеджмент, қаржы, жарнама, персоналды басқару, жобалар мен программаларды басқару және басқа тақырыптардағы оқыту видеоматериалдарының жинағымен толықтырылды. Электронды басылымдар тізімі

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/nazar-audary-yz-7/