https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jan 20 2016

Print this Post

IPRbooks электрондық-кітапханалық жүйесіне қолжетімділік

2016ж. 19.01-20.02 аралығында ҚарМТУ үшін Prbooks ЭКЖ тесттік қолжетімділік ашық. Біздің оқу орнымыздың кез-келген студенті мен оқытушысы Ресейдегі жалғыз сертификациялық электрондық кітапханалық жүйе, электронды басылымдардың толықмәтінді лицензиялы базасын тегін қолдана алады. IPRbooks ЭКЖ – білім алудың әртүрлі бағыттарына арналған, қажетті білім алып, соның көмегімен жобалар мен қажетті жұмыстарға, сенімді әрі пайдалы ресурс болып табылады, ақпараттық технологияларды және лицензиялы оқу әдебиеттерін, сынақ пен емтихандарға, семинарға дайындыққа, оқу және ғылыми зерттеу жұмыстарын біріктіре алатын жүйе.

PRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын дайындағанда, сабаққа дайындалғанда, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпарат алу үшін пайдалы болып табылады. ЭКЖ әртүрлі пәндер бойынша 20 000 аса оқулық және ғылыми басылымдармен, көбі ЖАК тізіміне кіретін 200 ға жуық ресей және шетелдік журналдар, 300 аса федералды, аймақтық, университеттер баспалары, ғылыми-зерттеу институттарын, жетекші авторлық ұжымдармен ғалымдар еңбектері енген.
Пайдаланушыларға әр түрлі пәндер бойынша өз білімін тексеру үшін сайтта онлайн-режимдегі тест бар (350-ден астам).
Оқытушылар үшін өз жұмыстарының электронды жарияланымдарын IPRbooks ЭКЖ қосу мүмкіндігі қарастырылған.
Онлайн нұсқасымен жұмыс жасау тәулік бойы мына сайтта қосылып тұрады http://iprbookshop.ru. Толықмәтінді басылымға қолжеткізу үшіг авторизация жасалуы керек, ол үшін кітапхананы дамыту бөлімінен логин-пароль аласыз (бас оқу ғимараты, 146В ауд.). Пароль алғаннан кейін жеке тіркеуден өту қажетті және әрі қарай өз тіркелу мәліметтеріңізбен ЭКЖ қызметтерін пайдаланып жұмыс жасай бересіз. ЭКЖ жұмыс істеуге арналған қажетті нұсқаулық сайтта пайдаланушының жеке кабинетінде тұрады.

  Нұсқаулық.

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/iprbooks-elektrondy-kitaphanaly-zh-jesine-olzhetimdilik/