https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Oct 30 2019

Print this Post

Ақпарат күні

Кітапхананың электрондық оқу залында (254 ауд., бас корпус) 29 қазанда инновациялық технологиялар факультетіне арналып Ақпарат күні өткізілді. Ақпарат күні аясында факультет профиліне сәйкес ғылымның, жоғары білімнің өзекті мәселелері бойынша және кәсіптік тұрғыдан қызығушылық туғызатын мерзімді басылымдармен және жаңа әдебиеттермен таныстыру көрмесі ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағы аясында IPR MEDIA (Саратов қ.)компаниясының дамыту директоры Вита Викторовна Кутуева IPR BOOKS электрондық-кітапхана жүйесінің оқытушылар мен студенттерге арналған мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

IMG_20191029_150231IMG_20191029_150305

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/a-parat-k-ni-3/