https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Dec 12 2024

Print this Post

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік! Туың биік ұлы Елім. Өзіңменен бірге соққан жүрегім. Сенің ғана тағдырыңа алаңдап, Сенің ғана бақытыңды тіледім.

                                                                              Тұрғынбекұлы Серік (ақын)


Независимость – начало размышлений о своей судьбе, которая уже неотрывна от судьбы всего мира

Сулейменов Олжас Омарович

(поэт, ученый, публицист и политик ; 1936- ).


1

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2018. – 44 б.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 


Чеботарёв А.2

    Тәуелсіз Қазақстан тарихы: саяси модернизация / Ал­маты: «Жібек жолы» БҮ, 2022. – 312 б., 16 б. сурет.

Монография тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің, сондай-ақ саяси модернизация контекстіндегі оның негізгі институттарының қалыптасуы мен дамуына арналады. Еңбекте модернизация мен оның Қазақстанның саяси тәжірибесінде көрініс табуын зерттеудің теориялық негіздері қарастырылған. Сайлау және партиялық жүйелердіц, парламентаризмнің, атқарушы биліктің, жергілікті өзін- өзі басқару жүйелерінің, адам құқығы саласындағы саясаттың даму ерекшеліктері сарапталған. Түрлі уақытта қилы қоғамдық-саяси бір- лестіктер мен жеке саясаткерлер ұсынған елдегі саяси модернизация- ның балама жобаларына да баға беріледі.

Автор – саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чебо­тарёв. Монография сала мамандарына, студенттерге, жогары сынып оқушыларына, жалпы көпшілік қауымға арналады.


1

Шибутов М.

Тәуелсіз Қазақстан тарихы: үкімет пен атқарушы билік / Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2022. – 256 б., 16 6. сурет.

Бұл зерттеу Қазақстан аумағындағы үкімет пен атқарушы биліктің әртүрлі нысандарының туындауы мен олардың түрленуіне арналған. Үкімет пен әкімдіктердің тарихи қырынан басқа, олардың атқарушы және заңнамалық билік құрамындағы өзге мемлекеттік органдармен арақатынасы жеке қарастырылады. Үкіметтің, министрліктер мен әкімдіктер қызметінің реттелуі, ресурстары, функциясы, құрылымы мен қызметі егжей-тегжейлі сипатталады.

Сонымен қатар зерттеу құрамына салалық орталық мемлекеттік органдардың тарихына, негізгі құқыктық актілерге және үкімет пен әкімдіктердің қызметін реттейтін конституция баптарын салыстыруға арналған қосымшалар кіреді.

Автор – географ және саясаттанушы. Монография саясаттанушы- ларға, тарихшыларға, әлеуметтанушыларға және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға арналған.


4

            Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағының сериясыҚүраст. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Б.Б. Еңсепов. Б.Ғ. Аяғанның ред. – Алматы: Раритет, 2011.1 т. (1990 1995 жж.). – 320 б.

Кітап тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихындағы маңызды деректерді жинақтаған алғашқы ақпараттық-анықтамалық басылым. Шежіреге енген оқиғалар мен үдерістер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдық-саяси, ішкі әлеуметтік- экономикалық және мәдени өзгерістерді қамтиды.

Оқиғалар хроникасы студенттер мен магистранттарға, ізденушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихына қызығушылык таныткан оқырман қауымға арналған.

.

.

.

.


5

Независимый Казахстан: день за днем. Хроника событий/Сост. Б.Г. Аяган,

А.М. Ауанасова, Н.С. Лапин. Под ред. Б.Г. Аягана. — Алматы: Раритет, 2011. Т. 1 (1990-1995 гг.) – 320 с.

Книга открывает хронику независимого Казахстана, в которой в хроноло­гическом порядке представлены разнообразные сведения, факты об истории становления молодого государства (1990-1995).

События и факты, вошедшие в I том, освещают общественно-политичес­кие, социально-экономические, культурные, внешнеполитические переме­ны, происходившие в стране в этот период.

Данное издание может быть полезно как для студентов, магистрантов, так и для всех читателей, интересующихся историей независимого Казахстана.

.

.

.

.


6

  ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: 1991-2000 жж. I том. Құрастырушылар:

   Г. Тәңірбергенова, Қ. Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р. Әлімбеков- Астана: «Күлтегін» баспасы, 2008. – 424 б.

Халықтың тарихы мемлекет тарихымен бірге дамиды.

XX ғасырдың аяғы – XXI ғасырдың басы – бұл Еуразия континентінде еркін, тәуелсіз мемлекеттердіңпайда болған кезеңі. Солардыңарасында егеменді Қазақстан Республикасы ерекше орын алады.

Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының он алты жылы ішінде мемлекет ретінде аяғынан тік тұрып, тең тұрғылы саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып, дүниежүзілік қауымдастыққа танылды.

Отанымыздың дамуына, елімізде саяси-экономикалық реформалардың қарқынын жеделдетуге, даму бағытын анықтауға, мемлекеттің күш-қуатын нығайтуға, ұлттық мемлекеттіліктің гүлденуін қамтамасыз етуге ықпал еткен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық негізгі бағыттары бойынша қазақ мемлекеттілігінің тарихи шежіресі, мемлекеттіліктің қайнар бастаулары болып табылатын мыңдаған жарлықтарға қол қойған оның Көшбасшысы – Тұңғыш Президентіміз Нурсултан Назарбаев.

«Қазақстан Республикасы» сериясының «Тәуелсіздік шежіресі» атты екі томдық басылымның басты құндылығы – Отан тарихына деген қызығушылықты оятуға, тәуелсіз мемлекеттің саяси мұрасын қадір тұтуға, Елбасына деген құрмет сезімін, өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштігін бойына сіңіретіндігінде, елдегі және әлемдегі түбегейлі қоғамдық-саяси қайта құрулардыңжалпы үрдісімен біте қайнасып жатқан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму динамикасын жіті көзбен қадағалауға мүмкіндік беретіндігінде.

Басылымда материалдар хронологиялық принциппен берілді.

Бірінші томға тәуелсіз Қазақстанның алғашқы он жылдығында (1991-2000 жж.) мемлекетті және мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтуға, экономикалық және саяси құрылыстың іргетасын қалауға бағытталған орасан зор маңызы бар тәуелсіздік, шекара, қарулы күштер, ұлттық қауіпсіздік, тіл, ұлттық валюта туралы және тағы басқа көптеген іргелі құжаттар енгізілді.

Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, зерттеушілерге, ізденушілерге, сондай- ақ қалың оқырман қауымға арналған.


7

 Сыздыков С., Канаев С., Женіс Ж.

 «Мәнгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық. – Астана:    Фолиант, 2013. – 320 б.

Кітапта Қазақстан Республикасының түңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев- тын «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын Қазақ Елінін Үлттық идеясы етіп жариялауына байланысты осы идеяның теориялық негіздері, әлеуметтік-саяси ал- ғышарттарының қалыптасуы және бүгінгі таңда Қазақ Елінін Ұлттық идеясына айналуы тарихи сабақтастықта зерделенген.

«Мәңгілік Ел» идеясынын үш түғыры ретінде – Түрік қағанаты мемлекеті- нің Күлтегін бітіктасында жария етілген саяси актісі – манифесі, әл-Фарабидің саяси-теориялық философиясы және Жүсіп Баласағұнның қүқықтық-мемлекеттік қағидалары қарастырылған. Сонымен қатар ежелгі түркілердің дүниетанымы мен мемлекеттік идеологиясының дамуы «Мәңгілік Ел» идеясының әлеуметтік-мәдени және саяси алғышарттарын қалыптастырғаны дәлелденген.

«Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностық топтардың жалпыұлттық идеясы болғандықтан, кітапты Қазақстан халқы Ассам- блеясы мен жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің этносаралық қатынастар усн конфессияаралық толеранттылықты түрақты етудегі іс-шараларында танымдық- әдістемелік қүрал ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар жалпы Түркі кеңісті- гінің оқырмандарына, ғылыми көпшілікке және студент жастарға үсынылады.


8

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНДАРЫ. / Б.Ғ. Аяған, А.Ж. Ғабдуллина, М.С. Бекенова, Ж.Н. Ңалиев. Б.Ғ. Аяғанның ред. – Алматы: Раритет, 2011. – 260 б. ңазацша, орысша.

СИМВОЛЫ НЕЗАВИСИМОСТИ / Б.Г. Аяган, А.Ж. Габдуллина, М.С. Бекенова, Ж.Н. Налиев. З .Г. Аягана.

- Алматы: Раритет, 2011. – 260 с .- и»., рус.

.

.

.

.

.

.

.


Список литературы

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/16-zhelto-san-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-ni/