Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің символы




Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев


 

 

Конституция Республики Казахстан: — Алматы : NURPRESS, 2018. — 44 с. — ISBN 978-9965-830-92-1.

 

 

 

 

 


 

Қаржы : оқу құралы жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне арналған / С. Қуашбаев, Ә. М. Жұманов. — Алматы : Экономика, 2011. — 671 бет. — ISBN 978-601-225-324-5.

Оқу құралында қаржының экономикалық мәні, тегі мен функциялары, оның экономикалық жүйе мен әлеуметтік секторда атқаратын рөлі жэне нарықтық экономика жағдайында қаржы қатынастарының объективтік зандылықтарыньң, оларды ұйымдастырудың концептуалдық негіздерінің қалыптасу негізінде қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларында қаржыны қолданудың теориясы мен практикасы баяндалған.

Оқу құралы университеттердің, гуманитарлық жоғары оқу орындарының, колледждердің экономикалық факультеттерінің оқытушыларына, магистранттары мен студенттеріне, мемлекеттік басқару саласының мамандарына, ғьлыми қызметкерлер мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика жағдайында қаржы мәселесіне кызығушылық танытатын барша қауымға арналған.

 


Наше Отечество. Символы независимости Казахстана: сборник / С. Трофимова. — Алматы : ТОО «8&8″, 2013. — 23 с. — ISBN 978-601-268-245-8.

“Біздің Отанымыз” басылымдарының сериясы Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасына арналған. Басылымдардың материалы ел өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтиды. Әр түрлі нақты мәліметтер оқушыларға Қазақстан туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білуге көмектеседі. Әр басылымның соңында материалдың қаншалықты игерілгенін тексеруге мүмкіндік беретін викторина ұсынылады.

Серия мектеп жасындағы балаларға ұсынылады және құқықтық жалпы білім беру және әлемді тану сабақтарында қосымша оқу ретінде пайдаланылуы мүмкін.

“Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері” басылымы біздің жас мемлекетіміздің қалыптасуы туралы баяндайды. Оқырмандар елдің мемлекеттік рәміздерімен, ұлттық валютамен, Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған ескерткіштермен танысады.

 

 


 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы = Национальная валюта Республики Казахстан = National currency of the Republic of Kazakhstan. — Алматы : Қаржы-Қаражат, 1995. — 44 б.

 

 

 

 

 


Қазақстан қаржы нарығы: 7 томды таңдамалы шығармалар / О. Б. Баймұратов. — Алматы : Экономика, 2007 — .

VII том: жоғары оқу орындарының профессорларына, оқытушыларыны, студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына және экономика мамандарына арналған оқу құралы. — Алматы, 2007. — 294 б. — ISBN 9965-783-73-X

Бұл кітапта республиканың қаржы нарығын жүйелі зерделеген және еліміздің қаржы институттары сияқты күрделі әрі маңызды тақырыптарға ерекше көңіл бөлінген.

Ғылыми жаңалықтарды қолдана отырып, автор түрлі қаржы процестерінің мәнін толық ашады. Қаржы қарым-қатынасын ырықтандыру жөніндегі шараларды анықтайды. Автор банк жүйесі, валюта, қор, сақтандыру нарықтары мен зейнетақы қорларының даму жолдарын көрсетеді.

Кітап жоғары оку орындарының профессорларына, оқытушыларына, студентгеріне, магастранттарына, аспиранттарына және экономика мамандарына ұсынылады.

 

 


 

 

Тәуелсіздік нышандары = Символы независимости : научное издание / Б. Г. Аяган, А. Ж. Габдуллина, М. С. Бекенова, Ж. Н. Калиев ; под ред. Б. Г. Аягана ; М-во образования и науки РК, Институт истории государства. – Алматы : Раритет, 2011. – 260 б. – (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл).

Кітап екі бөлімнен тұрады, алғашқысында Тәуелсіз Қазақстанды сипаттайтын нышандар кешені құрылған, екінші бөлімінде республикамыздың жетістіктері көрсетілген. Кітапта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фотосуретшісі Ш. Шахай мен «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі И. Бургандиновтың мұрағаттарындағы фотоқұжаттар пайдаланылған

 

 

 


 

Мемлекеттік бюджет : оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған / Б. С. Өтебаев. — Алматы : Экономика, 2006. — 318 б. — ISBN 9965-783-19-5.

Оқулық «Мемлекеттік бюджет» атты курс бағдарламасы мен жаңа Бюджет кодексі ережелеріне сәйкес жазылған. Оқулықта Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі түсініктері, ережелері, принциптері мен механизмдері, сондай-ақ бюджеттік қатынастар, бюджет процесінің қатынасушылары, бюджеттерді құру, қарау, бекіту, атқару, бюджеттік есеп пен есептілік жэне бақылау процестері толық және логикалық тізбекті жазылған.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне жэне мемлекеттік бюджет мәселелеріне кеңіл бөлетін оқырмандарға арналған.

 

 

 


Валютное право: понятия и термины: учебное пособие для студентов, магистрантов, аспирантов, слушателей школ переподготовки и повышения квалификации / Н. Б. Мухитдинов, К. Н. Айдарханова, А. С. Жукенова ; Казахский государственный национальный университет им. Аль-Фараби. — Алматы : Қазақ университеті, 2004. — 202 с. — ISBN 9965-12-659-3.

 

Оқу құралы негізгі валюталық-қаржылық ұғымдар мен терминдердің кеңейтілген сөздігі болып табылады. Онда валюталық ұғымдарды түсіндіру арқылы валюталық құқықтың мазмұны ашылады, валюталық заңнама институттары, валюталық реттеу және бақылау мәселелері қаралады. Халықаралық валюталық-кредиттік ұйымдарға сипаттама беріледі. Валюталық құқықты зерделеу үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер ұсынылған, нұсқаулыққа Қазақстандағы қазіргі валюталық қатынастардың мазмұнын ашатын кейбір негізгі заңдар мен ережелер енгізілген. Оқу құралы валюталық құқықтық қатынастардың мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі валюта нарығының жаңа шындықтарын ескеруге мүмкіндік береді.

Студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мектептерінің тыңдаушыларына, практикалық қызметкерлерге, сондай-ақ валюталық құқық мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналған.

 


 

Қазақстан экономикасының транформациясы: ғылыми басылым / Н. Байғабылов [және басқалары]. — Астана : Indigo Print, 2019. — 343 с. — (Konrad Adenauer stiftung). — ISBN 978-601-80781-0-1.

«Қазақстан экономикасының трансформациясы» кітабын Конрад Аденауэр атындағы Қор шығарған және бұл кітап республика экономикасының негізгі секторлары бойынша Қазақстан және Германия сарапшылары мақалаларының жинағы. Кітапта олардың дамуы, алдында тұрған негізгі сын-тегеуріндер сипатталады және әртүрлі бағыттар бойынша сараптамалық ұсынымдар беріледі. Кітап Қазақстан Республикасының  экономикалық дамуы қызықтыратын көпшілік оқырман үшін тартымды болады.

 

 

Мақалалар


 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әдебиеттер тізімі