Валюта-мемлекет тұлғасы
Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Конституциясы: Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды ҚР Парламентінің Жаршысы, 1996 жылғы № 4, 217-құжат (ҚР Парламентінің басылымы) = Конституция Республики Казахстан : конституция жана редакцияда – ҚР 7.10.1998ж. № 284-1; 21.05.2007ж. № 254-ІІІ; 2.02.2011ж. № 403-ІV; 10.03.2017ж. № 51-VI; 23.03.2019ж № 238-VI; Зандары мен өзгертілген:. – Астана : Жарқын КО, 2022. – 109 бет.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы = Национальная валюта Республики Казахстан = National currency of theRepublicof Kazakhstan. – Алматы : Қаржы-Қаражат, 1995. – 44 с.
Трофимова, С. Біздің Отан. Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері : сборник / С. Трофимова. – Алматы : ТОО “8&8″, 2013. – 23 бет.
«Біздің Отан» басылым топтамасы Отанымыз-Қазақстан Республикасына арналған. Басылым дүниелері еліміз өмірін жан-жақты қамтиды. Әр басылым соңында викторина сұрақтар бар. «Қазақстан Тәуелсіздігінің Рәміздері» басылымы мемлекеттік рәміздермен, ұлттық валютамен таныстырады.
Тәуелсіздік нышандары = Символы независимости : научное издание / Б. Г. Аяган, А. Ж. Габдуллина, М. С. Бекенова, Ж. Н. Калиев ; под ред. Б. Г. Аягана ; М-во образования и науки РК, Институт истории государства. – Алматы : Раритет, 2011. – 260 б. – (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл).
Кітап екі бөлімнен тұрады, алғашқысында Тәуелсіз Қазақстанды сипаттайтын нышандар кешені құрылған, екінші бөлімінде республикамыздың жетістіктері көрсетілген. Кітапта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фотосуретшісі Ш. Шахай мен «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі И. Бургандиновтың мұрағаттарындағы фотоқұжаттар пайдаланылған
Такежанов, С. Т. Золотая мера доверия : научное издание для научных работников, аспирантов и студентов / С. Т. Такежанов, К. З. Куанышева. – Алматы : Комплекс, 2000. – 396 с. : ил. – (Ассоциация высших учебных заведений РК). – ISBN 9965-471-13-4.
Алтынның және оның отбасының экономикадағы, әлеуметтік саладағы және саясаттағы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі рөліне шолу, талдау жүргізілді. Оның негізінде және өз тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның алтын өнеркәсібін дамыту бойынша болжам мен ұсыныстар берілді. Елдің бүкіл банк жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын нығайтуда алтынның мәнін арттыру жолдары көрсетілген. Кітап материалдары пайдалы және көптеген мамандарға, ғылыми қызметкерлерге, өндірушілерге, аспиранттар мен студенттерге арналған.
Хилл, Чарльз Халықаралық бизнес: Жаhандық нарықтағы бәсеке : оқулық студенттерге арналаған Чарльз Хилл, Томас. Халт. – 12-баслым. – Астана : “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры, 2019. – 720 бет. – (Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). – Загл. обл. : Халықаралық бизнес: Жаhандық нарықтағы бәсеке = International business competing in the global marketplace.
«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл – «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.
Валютное право: понятия и термины: учебное пособие для студентов, магистрантов, аспирантов, слушателей школ переподготовки и повышения квалификации / Н. Б. Мухитдинов, К. Н. Айдарханова, А. С. Жукенова ; Казахский государственный национальный университет им. Аль-Фараби. — Алматы :Қазақуниверситеті, 2004. — 202 с. — ISBN 9965-12-659-3.
Оқу құралы негізгі валюталық-қаржылық ұғымдар мен терминдердің кеңейтілген сөздігі болып табылады. Онда валюталық ұғымдарды түсіндіру арқылы валюталық құқықтың мазмұны ашылады, валюталық заңнама институттары, валюталық реттеу және бақылау мәселелері қаралады. Халықаралық валюталық-кредиттік ұйымдарға сипаттама беріледі. Валюталық құқықты зерделеу үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер ұсынылған, нұсқаулыққа Қазақстандағы қазіргі валюталық қатынастардың мазмұнын ашатын кейбір негізгі заңдар мен ережелер енгізілген. Оқу құралы валюталық құқықтық қатынастардың мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі валюта нарығының жаңа шындықтарын ескеруге мүмкіндік береді.
Студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мектептерінің тыңдаушыларына, практикалық қызметкерлерге, сондай-ақ валюталық құқық мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналған.
Махамбетова, Д. Тенге – неотъемлемая часть истории / Д.
Махамбетова. – Текст : электронный // Казахстанская правда. – 2018. – 14 декабря. – С. 4.