«

»

Мар 15 2022

Распечатать Запись

Қош келдің, мерейлі Наурыз!

«Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен үлдарға,
Наурыз айы туғанда»
М. Мақатаев
 
«Один только праздник в степи, когда казах чувствует себя казахом – это Наурыз» — гласит народная мудрость.
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырып қатып қалған тастардан
Күн күркіреп , жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған.
М. Неталиев.

 

1

Армысың, әз Наурыз! (Наурыз мейрамын өткізуге қатысты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ас-су деректері, сценарийлер жинағы) : көпшілік қауымға арналған кітап / Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің тапсырысымен дайындалған ; ред. О. Асанғазы. — Астана : «Зерде» баспасы, 2012. — 328 бет.

Бұл жинақта Наурыз мейрамына қатысты танымдық материалдар, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, киіз үй жабдықтары, қолөнер бұйымдары, ұлттық ойын түрлері, бата, әуен, мақал-мәтелде, ұлттық тағамдарды дайындау тәсілдері жөнінде мол мағлұматтар беріледі. Балабақша, мектеп, колледж, университеттер мен мемлекеттік мекемелерде Наурыз тойын өткізу сценарийлері енгізілген.

Кітап балабақша тәрбиешілері, сынып жетекшілері, колледж, университет оқытушылары, мекеме қызметкерлері мен көпшілік кауымға арналған.

 

 

 

 


 

2Омаров, А. А. Наурыз : ғылыми басылым / А. А. Омаров. — Алматы : Білім, 1990. — 32 бет.

Кітапшада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз туралы, оны халықтық мереке ретінде атап өтудің тәрбиелік, танымдық маңызы жайлы тиянақты баяндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

3

Қош келдің, Наурыз! : ғылыми басылым. — Алматы : Ақ Орда ; [Б. м.] : Өлке, 1993. — 79 с. — (Ақ Орда кітапханасы).

Халқымыздың үлы мейрамы — Наурыз жайындағы көрнекті ақын- жазушылардың, ғұлама ойшылдардың қызықты әңгіме-жырлары, тұрмыс-салт өлеңдері, халық әндері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4

Наурызнама : ғылыми басылым. — Алматы : Жалын, 1993. — 111 бет.

Бұл кітапта шығыс халықтарының ең аяулы мерекесі Наурыздың туып қалыптасуына қатысты бағзыдан келе жатқаи сән-салтанат, салт-дәстүр, жамиғатқа жарасымды жақсы рәсімдер жинақталған.

Сондай-ақ, жинақтан әйгілі ғүлама, шайырлар — Омар һайам мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көпшілікке әлі күнге дейін аян бола қоймаған Наурызға қатысты ұлағатты жазбаларымен таныса аласыздар. Қолдарыңыздағы «Наурызнаманың» атбасы алтынға татырлық кұндылығы міне, осында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

5

Құтты болсын тойларың!: той кітабы / құраст. Б. Сапаралин. — 2-е изд., испр. и доп. — Алматы : Өнер, 1990. — 500 бет.

Наурыз тойы республикамызда 1988 жылдан бері қайта жаңғырықты. Бұл — бүкілхалықтық еңбек мейрамы. Бұл барымен көп алдында абырой алатын, жоғыңды анықтайтын кемшілік-кенжеліктерге арналатын күн. Алдымен айтысқа түскен ақын-жыраулар өз жағының озығын тілге тиек етсе, қарсы жақтың тозығын да қағас қалдырмайды.

Наурыз тойы халық фольклоры геройларын театрланған көріністері арқылы жас буынға жанды түрде таныстырып, зейін-зердесін байытуға да көмектеседі. Қилы жарыстар мен қызықты ойындар өнерпаздар мен спортшылардың намысын жанып, қабілеттерін шыңдауға себін тигізеді.

Той — тәрбие мектебі. Әр тойдан көңілдерге із қалады. Ол іздер — ізгілік, жақсылық іздері болуға тиіс. Артында кірлі іздер, мұңлы іздер қалмасын!..

 

 

 

 

 

 

 


 

6Құтты болсын тойларың!: той кітабы / сост. Б. Сапаралы. — 2-е изд., испр. и доп. — Алматы : Өнер, 1993. — 732 бет.

Адам өміріндегі қызық-қуанышқа орай болатын той-тамашаның түрлері көп. Кезінде заман ағымына қарай ұмытылып; өше бастаған дәстүрлі мереке-мейрамдарымыз бүгінде жаңғырып, жанданып, тұрмыс-тіршілігімізден лайықты орын алуда. Кітапта шілдехана, сүндет, тілашар, туған күн, үйлену тойларын, наурыз, айт, сабантой мейрамдарын тойлаудыц шаралары туралы әңгіме қозғалып, оларды мәнді де мағыналы өткізудін, түрлі үлгілері ұсынылады. Сонымен бірге, кітапта халықтық пақыл мен даналық ойларға, ән-жырларға да орын берілген. Той басқаратын асаба да қажетті ақыл-кеңесті осы кітаптан таба алады.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 

 

 

 


 

7

Наурыз:жаңғырған салт-дәстурлер / құраст. М. Қазбеков. — Алматы : Қазақстан, 1991. — 256 бет : сүрет. — ISBN 5-615-00619-6.

Халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік дүниесіндегі қымбат қазыналардың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмір тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың жүріп өткен даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі, танымы мен түсініктері жинақталған. Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен дүниеден өткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың туу себелтерін, даму ерекшеліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің, анықтаудың жас ұрпақ үшін танымдық, тәрбиелік мәні үлкен.

Қолдарыңыздағы кітапта қазақ халқының ұлттық игі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, халықтық педагогика тарихи жазба деректер негізінде этнографиялық тұрғыдан сөз болады. Алпыс екі жылдан кейін кайта тойланған, мерейімізді өсірген Наурыз мейрамының шығу тарихы мен оны өткізуге байланысты ұсыныстар, сценарий берілді.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

 

 


8Калыбекова, Асма. Теоретические и прикладные основы народной педагогики казахов : монография / А. Калыбекова ; М-во образования и науки РК, Южно-Казахстанский Государственный университет им. М. Ауэзова. — 2-е изд. — Алматы : БАУР, 2006. — 363 с. : цв.ил., фото.цв. — ISBN 9965-9936-2-9.

Монография посвящена актуальной проблеме нашего времени — возрождению и использованию идей народной педагогики казахов в воспитании подрастающего поколения. Ибо каждый ребенок должен стать человеком, знающим свои корни, любящим свою Отчизну, в дальнейшем силой этой любви и определится мера их способности трудиться и защищать свою Родину, землю. На большом теоретическом материале показано непреходящее значение казахских народных традиций, обычаев в воспитательном процессе общества и их роль в формировании нравственных качеств личности. Особо подчеркивается роль казахской семьи и семейных традиций в воспитании детей.

Значительное место в монографии отведено практической стороне вопроса — методике обновления системы воспитания с учетом общечеловеческих ценностей, исторического опыта казахского народа, его многовековых традиций и обычаев, что способствует укреплению нравственности, духовности, интеллектуальных качеств подрастающего поколения.

Автор в своей работе обращается к тем, кто хочет болыде узнать о казахах, их обычаях и менталитете, а также к родителям, учителям, воспитателям и всем, почитающим и развивающим традиции своих предков.

 


 

9Кенжеахметұлы, С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері = Традиции и обряды казахского народа = Kazakh traditions and customs : научное издание / С. Кенжеахметұлы ; Қазақстан Республиқасының білім және ғылым министрлігі = М-во образования и науки РК, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті = Евразийский национальный ун-т им. Л. Гумилева. — Алматы : Алматыкітап, 2007. — 282 б. : сурет. — (Менің Қазақстаным). — ISBN 9965-24-947-4

Қазақтың ұлттық тербиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен өдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген белгілі жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметүлының еңбектері бір төбе. Ел есінен шығып бара жатқан “бел көтерер”, “немеурін”, “құттық”, “қыз алар”, “ақтай жоқтау”, “шүлен тарату”, “биеқысырамас”, “қасқа жазасы” тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен бұл жинақты анықтамалық десе де болады. Ғылыми-танымдық, көркемдік-тәрбиелік жағынан ұтымды әрі тартымды жазылған осы еңбек қазақ мәдениеті мен мінезін, тұрмыстық салт ерекшеліктерін даралап көрсетуімен қымбат екенін қолға ұстаған әр оқырман толық көз жеткізеді.

 


 

10Кенжеахметұлы, С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті : ғылыми басылым = Быт и культура казахского народа : научное издание = Life and culture of the Kazakh people : scientific publication / С. Кенжеахметұлы. — Алматы : Алматыкітап, 2010. — 384 б : суретті. — ISBN 978-601-01-0409-9.

Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеп, жинақтап, жүйелеп жазып жүрген белгілі қаламгер әрі этнограф Сейіт Кенжеахметұлының бұл жинағын көтерген жүгі мен бағасы жағынан энциклопедиялық еңбек деп тануға болады. Мұнда халық «қара шаңырак» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны кеңінен көрсетілген. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын аркау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұғым мен ырым, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін баяндайтын бұл біреғей жинақтан көп жайды біліп, тануға болады.

Туған еліміздің, халқымыздың бұрын көп айтылмаған, жазыла да бермеген төл мәдениетімізғе лайық таным-түсініктері мен ерекшеліктері берілген.

 

 


 

11Кенжеахметұлы, С. Қазақтың дарқан дастарқаны = Национальная кухня казахов = National kichen of Kasakhs : ғылыми басылым / С. Кенжеахметұлы. — Алматы : Алматыкітап, 2005. — 238 б. : сүрет. — ISBN 9965-24-559-2.

Есімі мен еңбегі көпшілік қауымға жақсы таныс белгілі этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлының қазақ халқының кең дастарқанындағы ұлттық тағамдар мен жеңсік астар және оның ерекшеліктері туралы ғылыми-танымдық бұл жинағы құнды шығарма. Дерегі мен дәйегі мол көркем тілмен жазылған бұл еңбек қазақ елінің тұрмыстық мәдениетін біліп, танығысы келген әр адамға кеңесші құрал бола алады.

Қазақгың ежелгі ұлттық асы мен тағамдарын әзірлеудің әдіс-тәсілдері, ол туралы әдет-ғұрыптары, ырым, тыйымдары мен түсініктері, сөздіктерінің де қамтылуы кітап бағасы мен құнын арттыра түскен.

 

 

 

 


12Кенжеахметұлы, С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті = Быт и культура казахского народа : ғылыми басылым / С. Кенжеахметұлы ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. — Алматы : Алматыкітап, 2006. — 384 б. : сурет. — ISBN 9965-24-751-X.

 

Қазак халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеп, жинақтап, жүйелеп жазып жүрген белгілі қаламгер әрі этнограф Сейіт Кенжеахметұлының бұл жинағы көтерген жүгі мен бағасы жағынан энциклопедиялық еңбек деп тануға болады. Мұнда халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны кеңінен көрсетілген. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұғым мен ырым, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін баяндайтын бұл бірегей жинақтан көп жайды біліп, тануға болады.

Туған еліміздің, халқымыздың бұрын көп айтылмаған, жазыла да бермеген төл мәдениетімізге лайық таным-түсініктері мен ерекшеліктері берілген.

 


13Дымов, О. Г. Тепло казахстанской земли : научное издание / О. Г. Дымов. — Алматы : Арыс, 1999. — 272 с. : фот.цв. — ISBN 9965-447-11-Х

Эта книга известного политолога, публициста, поэта, члена Совета Ассамблеи народов Казахстана Олега Григорьевича Дымова посвящена актуальным проблемам национальной политики, результативно проводимой в нашей стране. Его работа является также своеобразным историко-этнографическим обзором ряда этнических диаспор республики.

Книга будет особенно полезна историкам, политологам, социологам, всем, для кого интересна проблематика современных межнациональных отношений и их перспектив.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/osh-keldi-merejli-nauryz/