Оқитын ұлт

«Оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқы арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ барлық жас және әлеуметтік топтар арасында кітапты білім көзі ретінде насихаттауға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің рухани жаңғыруы мен зияткерлік дамуы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.
