НевадаСемей


НевадаСемей 1989 жылғы 28 ақпанда Қазақ КСР қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған ядролық қаруға қарсы қозғалыс. Қозғалыс Семей полигонында ядролық сынақтардың жалғасуына қарсы жалпыұлттық наразылық толқынында пайда болды. 1949 жылдан бастап 500-ге жуық жер үсті және жерасты ядролық сынақтары жүргізілді. Қозғалыс қызметінің нәтижесінде Семей полигонындағы жарылыстар саны жоспарланған 18ден 7-ге дейін қысқарды. 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигоны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жабылды. Қозғалыс демонстрацияларға, наразылық шерулеріне, Қазақстандағы, Ресейдегі, Америкадағы және Жапониядағы бейбітшілік шерулеріне қатысты. ЮНЕСКОның шешімі бойынша адамзатқа сіңірген еңбегі үшін НевадаСемей қозғалысының қызметібейбітшілік жады Дүниежүзілік тізіліміне енгізілді.


Мақалалар тізімі: