https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jun 07 2017

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

2017 жылдың 3 маусымында ҚарМТУ кітапханасының оқу залында қарағандылық ақын, жазушы, журналист Валерий Михайлович Могильницкийді еске алуға арналған кездесу кеші болып өтті.
Валерий Могильницкийдің жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты жазушының туыстары, ақын-жазушылар, оқытушылар мен студенттер, сонымен қатар жанкүйерлері қатысты. Валерий Могильницкийді еске алып ,оның өлеңдерін және оған шығарылған өлеңдер оқылды. Валерий Могильницкиймен кездескен сәттері, ол қалай естерінде қалғандары жайлы әркім әңгіме қозғады.
Валерий Могильницкий өте көпшіл болатын, адаммен араласуда ерекше құпияны меңгерген жан еді, ол адамнан тек жақсы тұстарын көретін. Тамаша әңгімелер мен мақалалар жарыққа шықты.

IMG_3666

Валерий Могильницкийдің өмірлік ұстанымы -
«Әлсіз жанбай, лаулау керек» болды. Осы атаумен кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін жасады.
Жазушының жақындары ҚарМТУ кітапханасына В.М.Могильницкийдің бірнеше кітаптарын сыйға тартты.
Осындай ерекше жан туралы естелік өлмей, жиі еске алынып, еңбектері қайта басылып шығарылса деген ойымыз бар.

IMG_3730

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-41/