Батылдық-ел мұрасы, үлгі – ұрпақ


 

 

 

 

 

 

 

 


«Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуы тиіс»

Бауыржан Момышұлы


Демеуов, А.Қ. т.б.
Әскери ұрыс тактикасын оқытып-үйрету әдістемесі. / А.Қ. Демеуов, Б.Р. Ахметов, А.Қ. Бекбосунов. — Шымкент, 2020. — 183 б.

Оқу құралында тактикалық дайындықты оқыту әдіс-тәсілдері көрсетілген. Жоғары оқу орындарының студенттерін тактикалық дайындықтың тапсырмаларын ойдағыдай орындау, сонымен қатар жоғары білікті маман болып қана қоймай, жақсы тактикалық деңгейде білімі бар азамат болып шығуына және мектеп мұғалімдерінің оқушыларды тактикалық дайындықта даярлауға мол септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 


2 Крылов, В.М., Емельянова, Е.В.Тактика : Учебное пособие. / Восточно-Казахстанский государственный университет им. С. Аманжолова. — Усть-Каменогорск: Берел , 2015. — 93 c.

Оқу құралында мотоатқыштар мен танк бөлімшелерінің қазіргі заманғы жалпы әскери ұрысты дайындау және жүргізу жөніндегі негізгі ережелері, сондай-ақ оларды ұрыстың негізгі түрлерінде жауынгерлік қолдану жөніндегі ұсынымдар баяндалған. Осы мәселенің маңызды параметрлерін талдау оқырманға қазіргі заманғы жалпы әскери бо пен оны ұйымдастырудың жан-жақты сипаттамаларының деңгейіне шығуға көмектеседі. Оқу құралы жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 


Жақыпақынов, Б.Б. және т.б.
Әскери-патриоттық тәрбие: теориясы мен тәжірибесі : оқу-әдістемелік құрал. / Б.Б. Жақыпақынов, Қ.Ж. Ақынжанов, А.Ж. Құрақбаев. — Қарағанды: Ақнұр, 2018. — 100 б.

Оқу-әдістемелік құралда әскери-патриоттық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік мәселелері қарастырылады. Құралдың ғылыми негізін этнопедагогикалық тұрғылар және заманауи тәрбие тұжырымдары құрайды. Авторлар әскери-патриоттық тәрбие беруде тұлғаны тұтастай дамытуға ерекше көңіл бөле отырып, жастарды Отан қорғауға әзірлігін қалыптастыруға арналған бірегей жүйені құруды ұсынады.

 

 

 

 

 


Дубовцев, Г.Ф.
Военная безопасность в Республике Казахстан: опыт, актуальные проблемы, основные направления обеспечения : Монография. . — Астана: КИСИ при Президенте РК, 2018. — 218 c. –

Монографияда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігінің мәні мен мазмұны зерттеледі, еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін оны қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары талданады. Қазақстанның Әскери доктринасының талаптарын іс жүзінде іске асыруды талдауға көп көңіл бөлінді, өйткені бес доктринаның әрқайсысы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін еліміздің дамуының белгілі бір кезеңінде қабылданды. Басылым әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ғылыми қызметкерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, әскери қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық танытатын жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттарына ұсынылды.

 

 

 


Сартаев, Ж.Н. т.б.
Әскери педагогика : Оқу-әдістемелік құрал. / Ж.Н. Сартаев, К.Б. Малдыбаев И.А. Ахметов. — Петропавл: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты, 2020. — 147 б.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары әскери оқу орындары курсанттарына тәжірибелік әрекетте пайдалану үшін қажетті білім мөлшерін құрайды. Оқу-әдістемелік құралда әскери-педагогикалық процес, тәрбиелеу және оқыту негіздері қарастырылып, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және оқытудың мақсаты, міндеті, принциптері, әдістері мен формалары көрсетіледі. Оқу-әдістемелік құрал тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыс органдары офицерлеріне, бөлімше командирлеріне, сондай-ақ, әскери қызметшілерді тәрбиелеу мәселесін өз бетінше зерделеуші курсанттарға арналған.

 

 

 

 


Сартаев, Ж.Н. и др.Психология девиантного поведения военнослужащих и его профилактика:: Учебно-методическое пособие. / Ж.Н. Сартаев, А.И. Митяев, И.А. Серов. — Петропавловск: Военный институт Национальной гвардии РК, 2020. — 239c.

Оқу-әдістемелік құралда тұлғаның девиантты мінез-құлқы мәселесі бойынша заманауи теориялық тұжырымдамалар мен ғылыми-практикалық деректер жүйеленген. Девиантты мінез-құлық психологиясының өзекті мәселелері ашылады: бұл құбылыстың феноменологиясы, девиантты мінез-құлықтың құрылымы, түрлері мен формалары келтірілген. Алдын алу, диагностика әдістемесі және девиантты мінез-құлықты психологиялық түзету мәселелері қарастырылады. Әскери қызметшілер арасындағы ауытқуларға ерекше назар аударылады.
Оқу-әдістемелік құрал офицерлерге, курсанттарға, әскери психологтарға және кәсіби қызметі девиантты мінез-құлықтың әртүрлі көріністері бар әскери қызметшілермен тәрбие және психологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты басқа мамандарға арналған.

 

 

 


Мақала: https://lib2.kstu.kz/wp-content/uploads/2025/02/Erdin-isi-erlik-1.pdf

Бейне: https://youtu.be/QwVtEol1gT8