https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Авг 08 2023

Распечатать Запись

Абай- дана, Абай дара қазақта

«Қазақтың бас ақыны Абай»

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Ахмет Байтұрсынов  қазақтың ақыны.    

1


1АбайҚара сөз. Книга слов. - Алматы: Атамұра, 2016. — 200 бет.

Абайдьщ сыншылдык,, ойшылдык, жэне адамгершілік туралы ұлагатты қара сездерініңбұл басылымы көркем безендіріліп, екі тілде шығарылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 


2Сен де 6ip Kipniш дуниеге. Өлендер мен карасөздер. —Алматы: Атамұра, 2014. — 288 бет.

Хакім Абайдың асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес қазына. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толкын көкірегіне тоқып, көңіліне  шамшырақ етіп алары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3

Абай (Ибраhим) Кұнанбаев. Шығармаларының екі томдык толык, жинағы. II том. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1977.312 б.

Казак әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдығын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарындағы жетістіктер мен кемісіктер түгелдей ескеріле отырып, текстологиялык тексерулер жүргізілді, түсіндірме сөздер толыктырылып, түзетілді. Сондай-ақ Абай шығармаларының. текстологиясы жөнінде бұрын-соңды айтылып келген орынды пікір мен ұтымды ұсыныстар кабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4Абай Құнанбайұлы

Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, кара сездер / Құрастырушысы Г. Бельгер. — Алматы: Мектеп, 2003. — 248 б. — («Жетінші сөз» сериясы).

«Мектеп» баспасынын жана кітаптар сериясы өз бойымыздағы рухани бастауды сактап, өмірдің мәні туралы ойлануга, өнер-білімге ұмтылуға үндеген Абай өсиеттерін арқау етеді.

Қазақстандық белгілі жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер құрастырып, академик Зәки Ахметов алғы сөзін жазған Абай шығармаларының жинағы осы серияның беташар кітабы болып отыр. Өлеңдері, поэмалары және қара сездері топтастырылған бұл басылымда ұлы ақын шығармашылығы толықтай көрініс тапқан.

«Жетінші сөз» сериясы бойынша алдағы уақытта Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы, тарихи географиясы, әдебиеті мен медениетін қамтитын танымдық сипаттағы кітаптар жарық көреді.

 

 


5

Тематическая папка посвященная Абаю Кунанбаеву (папка находится в Электронном читальном зале  гл. корпус  ауд.№254)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3

Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтарға тағылым: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды, 2020. – 246 б.

Жинақта қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардаң бірі, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-қайраткер, һәкім Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтарға тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары топтастырылып берілген.
Конференция жинағында шетелдік ғалымдар, мамандар, коғам қайраткерлері, Қазақстандық беделді ғалымдар және жас зерттеушілер қазақ халқының аса көрнекті ақынының, біртуар тұлғасының шығармаларындағы ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтармен, Абайтану бойынша жүргізілген зерттеулерімен, тұщымды ойларымен бөліскен. Бұдан бөлек, жинақта Абайдың көзқарастары, XXI ғасырдағы қазақ қоғамы, тіл біліміндегі өзекті мәселелер жайында да сөз қозғалған.

 

 


5

Абай: Ақыл сөздер. Өлеңдер / Құраст. Рахымбекова А. = Абай: Мудрые изречени: стихи. – Алматы, 2020. – 115 б.

Ұлы Абай ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, сондай-ақ кісінің кемелденуі, ерік пен мінезді қалыптастыру мәселелері хақында ой толғап, ізгі қасиеттерді насихаттайды. Тәрбие ісін осы заманға сәйкес жемісті етіп ұйымдастыруға Абай шығармаларының зор көмегі бар деп білгендіктен бұл кітапта ойшыл ақынның қанатты сөздері екі тілде берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


7Құнанбайұлы, А. Көңілімнің санасы. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 180 б.

Дара поэтикалық шеберлігі, қазақ поэзиясын жаңа түр, жаңа мазмұнмен байытуы Абай Құнанбайұлын өз заманының үздік лирик ақындарының қатарына қосты. «Желсіз түнде жарық ай» (1888), «Көлеңке басын ұзартып» (1890), «Сағаттың шықылдағы емес ермек» (1896) атты өлендері – ақынның терең ой мен шынайы сезім, көркемдік кемелділікпен ерекшеленетін лирикалық поэзиясының жарқын үлгілері болып табылады.
Биік Поэзия мен поэтикалық Сөзді құрметтеушілерге арналған бұл кітап қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының терең ойлы лирикалық өлеңдерінен құралған.

 

 

 

 

 


2

Абай. – Алматы: Аруна, 2015. -24 б. – (Даңқты адамдар).

Кітап ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевқа арналған.
Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

 

 

 

 

 


Список литературы

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/abaj-dana-abaj-dara-aza-ta/