https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Jun 03 2016

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

Sapka

Білім және ғылымды дамытудың халықаралық қоры (International Foundation of Development of Science and Education, IFDSE)
«Инфра-М» компаниясының тобымен бірге хабарлайды

«Академуста» ең үздік ғылым және білім жарияланымына I халықаралық конкурс!

Конкурстың мақсаты – ғылым-білім және техника саласында жетістікке жеткен монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын көпшілікке ұсынып, оқырмандарды олардың қорытындыларымен таныстыру, көпшіліктен дарынды авторлар тауып, олардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ынталандырып отыру болып табылады.

Өтініштер 2016ж. 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында қабылданады. Конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау 2016 жылдың қыркүйегінде болады.

Жалпы шарттар

1. Конкурсқа орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми және оқу шығармаларының түпнұсқалары, сонымен қатар бірінші өзге тілде жазылып, оны автордың өзі аударған шығармалары қатыса алады. Жұмыстар бұрын жарияланған және еш жерде жарияланбаған деп қарастырылады. Жұмыс көлемі 40 авторлық парақтан аспауы керек. Конкурсқа қатысу тегін.
2. Конкурсқа ұсынылып отырған шығарманың құқыға авторға те қана мына жағдай беріледі:
- Шығарманың құқығы басқа баспаларға тиесілі болмаса немесе басқа баспалармен келісім-шарты бітсе;
- Шығарма қызметтік тапсырыспен жазылмаған болса (еңбек келісім-шартымен).
3. Ұсынылып отырған шығарма конкурс мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталғанша ешқайда жарияланбауы тиіс. Басқа баспалармен келіссөздер немесе келісім-шарт жасалып қойған шығарманы конкурсқа қатыстырмау құқығы ұйымдастырушар жағында болады.
4. Әрбір автор конкурсқа бірнеше шығармасын ұсына алады.

Номинациялар

Конкурс келесі номинациялар бойынша жүргізіледі (оқу әдебиеттері мен монографияларға жеке):
Сәулет және құрылыс
Гуманитарлық ғылым
Жаратылыстану ғылымы
Инженерлік-техникалық ғылым
Компьютерлік және ақпараттық ғылым
Мәдениет және өнер
Әлеуметтік ғылым, білім және педагогика
Ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы
Қызмет көрсету саласы және қосалқы жұмыс мамандықтары
Физика-математика ғылымы
Экономика және басқару
Тіл білімі және әдебиеттану
Сонымен қатар конкурста ғылыми және оқу әдебиеттерін насихаттап және таратып жүрген кітап саласы мамандарына арнайы сыйлық бар.

Конкурстың өткізілу тәртібі

1. Авторлар шығарманы электронды немесе баспа түрінде тапсыра алады. Егер конкурста жеңіп жатса, баспа өндіірстік мақсатта шығарманың баспалық түрін сұрауға құқылы.
2. Қолжазбалар *.doc, *.docx, *.rtf форматтарында файлмен жіберіледі, файл көлемі 10 Мб көп болмауы керек. Ілеспе хатта міндетті түрде егер кітап бұрын басылған болса соның мәліметтері және алған номинациясын көрсету керек.
3. Егер бірнеше автордан тұрса, барлық авторлар туралы мына мәліметтер жіберілуі тиіс:
А) аты-жөні (толығымен);
Б) жұмыс орыны, лауазымы;
В) электронды поштасының адресі;
Г) телефон номері.
Материалдар derikova_ta@infra-m.ru электронды поштасына «Конкурс «Академус» белгісімен жіберілуі керек. Егер баспа түріндегі нұсқаны жібермек болсаңыздар, онда алдын ала авторлар туралы мәліметтермен ілеспе хатты жоғарыдағы электронды адреске жіберулеріңіз керек.
4. Қолжазбаның бағасын құрамына сарапшы жетекші ғалымдар, ғылым мен өнердегі танымал мамандар, кітап және баспа нарығындағы кәсіби мамандар береді.
5. Лауреаттар диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздарға «ИНФРА-М» баспасы шығармаларын жариялау үшін келісімшартқа отыруды ұсынады. Сонымен бірге жеңімпаз:
А) өз жұмысын 11 баспа тобының кез-келгенінде тегін жариялау және Америка Құрама Штаттарының Academus Publishing ғылыми баспасында ағылшын тілінде жариялай алады.
Б) баспалық және электронды көшірмелерді сатудан роялти.
В) ИНФРА-М Citation бағдарламасы арқылы қатысып, ХИРША индексін жоғарылату мүмкіндігі.
Г) тапсырылған жұмыс DOI идентификаторын иеленеді, автор ORCID алып, ал шығармаңыз CrossRef және РИНЦ орналастырылады.

Басылымды шығару және жылжыту шығындарын баспа өз мойнына алып, білім беру мекемелері мен жеке сатып алушыларға да сату үшін үнемі бар болатынына кепілдік береді.
Бұл конкурста кітап шығару, кітап тарату саласындағы және кітапхана ісіндегі үздіктердің үздігі анықталатын болады.
Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!
Барлық сұрақтар мына телефон бойынша
(495) 280-15-96 (қосымша.404)
НИЦ ИНФРА-М маркетинг бойынша директоры
Дерикова Татьяна Алексеевна

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-13/