Қазақстан Республикасы статистика агенттігі статистикалық жылнамалардың электронды нұсқасын www.stat.gov.kz интернет-ресурсында ұсынады.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігі –Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі бағадарламаларын жүзеге асырып, мемлекеттік саясатты жүргізетін атқарушы органы болып табылады (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сәйкес ).
Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымындағы «Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы» бұйрығына сәйкес).
Агенттік әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзуге әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады және осы есептiң деректерiн тиiстi статистикалық көрсеткіштерді түзу үшiн пайдаланады. Агенттіктің нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгендей жағдайда, барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті.