https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Авг 28 2023

Распечатать Запись

Тіл – халықтың жаны. Язык — душа народа

0

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады

                                                                                                                                   Мусрепов Ғ. М.


1

ҚазақстанРеспубликасындағы тіл туралы: Қазақстан Республикасының Заңының ресми мәтіні = О языках в Республике Казахстан: Закон Республики Казахстан.

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



2

Сыздық, Р. Тіл — ғұмыр : ғылыми мақалалар жинағы. — Алматы : А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, 2018. — 341 бет.

Кітапқа көрнекті тіл маманы, ҚР ҰҒА академигі филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы очерк, ғалымның қазақ әдеби тілінің тарихы, тіл мәдениеті, лингвостилистика, поэзия тілі, алаш арыстары, тілдік норма т.с.с. бойынша зертттеу мақалалары, сұхбаттары, әріптестері мен шәкірттерінің ғалым еңбектеріне берген пікірлері сараланып енгізіліп отыр. Сондай-ақ зерттеушінің әр жылдары түскен фотосуреттері де берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 


3

Хасенов, Әмеди.

Тіл білімі: оқу құралы. — Алматы : Санат, 2003. — 415 бет.

Корнекті ғалым Әмеди Хасеноитің (1927-1990) бүл кітабында филология факультеттерінде оқытылатын негізгі пон — “Тіл біліміне кіріспе” курсының бағдарламасына сойкес тілдің негізгі жүйесі мен қүрылымдык, моселелері қарастырылған. Қазақтілінің негізгі қағидалары мен түжырымдары дүние жүзіндегі бірсыпыра тілдердің ерекшеліктерімен салыстырыла зерттелген. Тілдің фонетикалық, стилистикалык, диалектілік, тарихи, лексикалық т.б. заңдылықтары жан-жақгы қамтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4Янсон, Торе

Тіл тарихы : Торе Янсон. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 244 бет.

 

Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл еңбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған. Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихы мен сыр-сипатына да қанық болады.

 


5

Пинкер, Стивен.

Тіл-инстинкт :

Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 386 бет. Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер – ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған. Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды. Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.

 

 

 

 


6

Тіл және қоғам :

альманах.- [2013. - № 2] / Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Тіл комитеті ; бас ред. А. Алдоңғарұлы. — Астана : Парасат KZ, 2013.

Біз тілді қоғамдық құбылыс дегенімізбен, оның негізі ұлттық мәйегінде, халықтық сипатында екендігі даусыз. Тіл де тірі ағза секілді өмір сүреді немесе өледі, яғни жасарып, жаңарады, түлейды, түрленеді hәм қартаяды, қатардан шығады. Ол сол тілде сөйлейтін ұлттың тағдыр-талайына қамысты болмақ. Ұлт бар жерде тіл бар, тіл бар жерде сол ұлттың өмір сүруіне негіз бар.

 

 

 

 

 

 

 


7

Аханов, К.

Тіл білімінің негіздері : оқулық / К. Аханов. — төртінші басылымы. — Алматы : Санат, 2003. — 496 бет.

Оқулықта тіл білімінің негізгі ұғымдары мен басты-басты теориялық мәселелері қамтылған. Бұдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын жарық көрген бұл туын. Тіл-әрбір адамның өмір бойы қолданатың ең маңызды құралы. Бұл кітапта болашақ мамандарға сол құрал туралы ғылымның әрі тартымды, әрі өте маңызды екенін баяндап беру басты мақсат етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

8Түркі тілдері :

монография студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған. — Астана, 2015. — 455 бет

 

Кітапта түркі тілдес халықтар әдеби тілдерінің қалыптасу, даму тарихы, түрлі кезеңдердегі жағдайы мен мәртебесі, бүгінгі жетілу, даму үдерісі, қолданыс аясы мен қоғамдық қызметі және болашағы қарастырылып, зерттеліп-зерделенген. Бұл ұжымдық монография білім, ғылым жүйесі мамандарына, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының профессор-оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға арналған.

 

 

 

 

 

 


Список литературы

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/til-haly-ty-zhany-yazyk-dusha-naroda/