https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Авг 09 2022

Распечатать Запись

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай Кунанбаев — великий мыслитель, философ, поэт.

Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер.

Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Қ.К. Тоқаев, ҚР Президенті
«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
атты мақаласынан

.


1

Анастасьев, Н. А. Абай: Тяжесть полета: научное издание / Н. А. Анастасьев. — М. : Молодая гвардия ; Астана : Фолиант, 2008. — 383 с. — (Жизнь замечательных людей: ЖЗЛ : серия биографий ; вып. 1169).

Абай Кунанбаев (1845-1904) широко известен как основоположник казахской литературы, поэт-гуманист, соединивший в своем творчестве вековые традиции степных певцов-жырау с европейской культурой. Он был тонким лириком и глубоким мыслителем, и сатириком, бичующим пороки современников. Жизнь Абая небогатая внешними событиями, но наполнена творческими исканиями, поиском новых форм, заочным диалогом с классиками Запада и Востока. Абай – не только сын Великой Степи, борющийся за просвещение и процветание своего народа, но и собеседник Пушкина и Гёте, Шекспира и Декарта, наравне с ними входящий в пантеон великих деятелей мировой культуры.

 

 

 

 

 

 

 


2

Абай. – Алматы: Аруна, 2015. -24 б. – (Даңқты адамдар).

Кітап ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевқа арналған.
Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

 

 

 

.


3

Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтарға тағылым: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қарағанды, 2020. – 246 б.

Жинақта қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардаң бірі, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-қайраткер, һәкім Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтарға тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары топтастырылып берілген.
Конференция жинағында шетелдік ғалымдар, мамандар, коғам қайраткерлері, Қазақстандық беделді ғалымдар және жас зерттеушілер қазақ халқының аса көрнекті ақынының, біртуар тұлғасының шығармаларындағы ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтармен, Абайтану бойынша жүргізілген зерттеулерімен, тұщымды ойларымен бөліскен. Бұдан бөлек, жинақта Абайдың көзқарастары, XXI ғасырдағы қазақ қоғамы, тіл біліміндегі өзекті мәселелер жайында да сөз қозғалған.

 

 

 

 


4

Құнанбаев, ИбраҺим Өлең-сөздің патшасы : көркем әдебиет. Шығармаларының бір томдық жинағы / Абай (Ибраһим Құнанбаев). — Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2006. — 565 б.

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.
Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы – Абайдың мәңгі өшпес даңқының ең асқақ айғағы, міне, осында.

 

 

 

 

 

 


5

Абай: Ақыл сөздер. Өлеңдер / Құраст. Рахымбекова А. = Абай: Мудрые изречени: стихи. – Алматы, 2020. – 115 б.

Ұлы Абай ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, сондай-ақ кісінің кемелденуі, ерік пен мінезді қалыптастыру мәселелері хақында ой толғап, ізгі қасиеттерді насихаттайды. Тәрбие ісін осы заманға сәйкес жемісті етіп ұйымдастыруға Абай шығармаларының зор көмегі бар деп білгендіктен бұл кітапта ойшыл ақынның қанатты сөздері екі тілде берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


6

Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

Ілкімді ізденіс пен зерделі зерттеу нәтижесінде дүниеге келген бұл сүбелі еңбекте қазақ руханиятының толағай тұлғасы, ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы теңіздей терең ой, астарлы ақиқат, тылсым да тұңғиық сырлар туралы тұжырым-пайымдар жасалған.
Ұлы бабамыздың түсініктері туралы түсінік деп бағалауға лайык, абайтану ғылымына сөзсіз ұлкен үлес болып қосылар туынды көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


7

Құнанбайұлы, А. Көңілімнің санасы. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 180 б.

Дара поэтикалық шеберлігі, қазақ поэзиясын жаңа түр, жаңа мазмұнмен байытуы Абай Құнанбайұлын өз заманының үздік лирик ақындарының қатарына қосты. «Желсіз түнде жарық ай» (1888), «Көлеңке басын ұзартып» (1890), «Сағаттың шықылдағы емес ермек» (1896) атты өлендері – ақынның терең ой мен шынайы сезім, көркемдік кемелділікпен ерекшеленетін лирикалық поэзиясының жарқын үлгілері болып табылады.
Биік Поэзия мен поэтикалық Сөзді құрметтеушілерге арналған бұл кітап қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының терең ойлы лирикалық өлеңдерінен құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 


8Құнанбайұлы, А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы:Жазушы, 2005. – 296 б.

Қазақ халқының ұлы Абай Құнанбайұлының екі томдық толық жинағын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарда айтылып жүрген ескертпелер ескерілді, жаңадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер толықтырылып қайтадан жазылда.
Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


9

Құнанбайұлы, А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы:Жазушы, 2005. – 336 б.

Қазақ халқының ұлы Абай Құнанбайұлының шығармаларының екі томдық толық жинағынның екінші томына ақынның 1896 жылдан кейінгі өлеңдері мен аудармалары және поэмалары, қарасөздері, сондай-ақ «Үкімет билігіндегі сенатқа» атты шағым пікірі еніп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


10

Молдаханов, Ә.М. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық / Ә.М. Молдаханов. — Алматы : Дәуір, 2011. – 192 б.

Оқулықта халқымыздың ұлы ғұламалары Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтің әдәби-ғылыми мұраларының еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылы ішінде зерттелу нәтижелері қарастырылған. Оларды жаңа көзқараспен қайта тану тұрғысында абайтанудың, шәкәрімтанудың, әуезовтанудың әлі ашылмай жатқан өзекті беймәлім тұстары бойынша тың деректер берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


11

Бітібаева, Қ. Абай шығармашылығын оқыту: оқу құралы / Қ.Бітібаева. — Алматы : Мектеп, 2003. — 231 б.

Еңбекте әдебиет тереңдетіліп оқытылатын мектептердің барлық сыныптарында Абай шығармашылығын оқытудың тиімді әдістемесі, абайтану бойынша әдеби сын-зерттеу еңбектерді оқытудың тәсілдері ұсынылады. Сондай-ақ ұстаздарға көмек ретінде дидактикалық материалдар мен сыныптан тыс жұмыс ұлгілері берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


12

Құнанбаев, Абай. Қалың елім, қазағым...: өлеңдер / А. Құнанбаев. — Алматы : Атамұра, 2002. — 224 б. — (Атамұра кітапханасы).

Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл жинағына біршама өлеңдері іріктен алынды. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Қалың оқырман қауым Абай сөздері арқылы өз жүрегіне, өз табиғатыны тағы бір үніле түседі деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Список литературы

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/abaj-nanbaev-ly-ojshyl-filosof-a-yn-abaj-kunanbaev-velikij-myslitel-filosof-poet/