https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Nov 20 2019

Print this Post

«Әл-Фараби ізімен» — «По следам аль-Фараби»

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының маңызды бағыты ұлттың мәдени кодты сақтау болып табылады. Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры ” мақаласында ұлы есімдер арасында бірінші болып әл-Фараби есімі аталған. Оның мұрасы әлемдік өркениеттің игілігі болып табылады. Әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”деп атап кеткен. Ол өзінен кейін бай ғылыми мұра – түрлі ғылым саласын қамтитын 200-ге жуық трактаттар қалдырған. Бірегей жұмыстарының ең танымалдары “Данышпандық маржандары”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”, “Философиялық трактаттар” және Ортағасырлық Еуропада оны танымал қылған “Музыка жайлы үлкен кітап” атты трактаттары.

Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында университет кітапханасы ҚХАжәнеӘГП кафедрасымен бірлесіп “Әл-Фараби ізімен” — “По следам аль-Фараби” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге кітапхана қорынан алынған сирек кездесетін аль-Фарабидің “Таңдамалы трактаттары”, “Математические трактаты”, “Логические трактаты”, “О разуме и науке” сияқты кітаптары қойылған. Мерзімді басылымдарда жарияланған ұлы ғалым жайлы зерттеулер ұсынылды.

Dfawb3Z2-u0

t6Y3Wn_1MtosIvoaCHtmsA

Permanent link to this article: https://lib.kstu.kz/kz/l-farabi-izimen-po-sledam-al-farabi-2/