https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Апр 29 2019

Распечатать Запись

2019 апрель

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар

Нурпеисова, Т. Б.  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар [Текст] : оқу құралы студенттерге, магистранаттарға арналған / Т. Б. Нурпеисова, И. Н. Кайдаш ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2018. — 536 бет. — ISBN 978-601-7275-72-3.

Міндетті курс бойынша құрастырылган «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу құралы жоғарғы оқу орындарының барлык мамандықтары бойынша оқитын бакалавр студенттеріне, магистранттар мен компьютерлік технологияны колдануға байланысты пәндер бойынша оқу процесін қамтамасыз ететін оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында өздерінің интеллектуалды және кәсіби деңгейін жақсартқысы келетін барлық қолданушыларға арналған.

Дәлдік жер шаруашылық..pdf

Әлинов, М. Ш. Дәлдік жер шаруашылық технологиялары [Текст] = Технологии точного земледелия : оқу құралы студенттерге, магистранттарға арналған / М. Ш. Әлинов ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2019. — 260 бет. — ISBN 978-601-7275-81-5.

Оқу құралында агроөнеркәсіптік кешеннің зияткерлік техникалық құралдары инновациялық оқу- әдістемелік нұсқаулықтары ұсынылған. Заманауи цифрлық әдістер мен робототехникалық жүйелерге негізделген ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарын жаңғырту қажеттілігі негізделген. Жаһандық позициялау жүйелері, геоақпараттық жүйелер, жерді қашықтықтан зондтау, кірістілікті бағалау, дифференциалды материалдарды енгізу сияқты нақты фермерлік жүйенің негізгі элементтері берілген.

Жерді цифрлық әдіспен зерттеу обложка.pdf

Алинов, М. Ш. Жерді цифрлық әдіспен зерттеу [Текст] = Цифровые методы исследования земли : оқу құралы студенттерге арналған / М. Ш. Алинов ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2019. — 231 бет. — ISBN 978-601-7275-90-7.

Инновациялық оқулықта ғарыш қашықтықтан зондтау технологиясы және принциптері, сандық суреттер бейнелеу және өңдеу сипаттайды. Географиялық ақпараттық жүйелер туралы ақпарат берілген. Ғарыш қашықтан табиғи апаттар (орман өрттері, өзендер мұз джемдер, су тасқыны, боран) және зондтау, және өсімдік, тоғандар, қар және мұз жамылғысының мемлекет қолдану мысалдары келтірілген. Атмосфералық озон мәселесі қарастырылады. Геоинформатика және геоақпараттық картографиялау және ГАЖ негізгі терминдері мен деректер базасын жобалау әдістері қарастырылған.

В инновационном учебном пособии описываются принципы и технологии космического дистанционного зондирования Земли, визуализации и обработки цифровых изображений. Приводятся сведения о географических информационных цифровых системах. Приведены примеры  использования космических средств дистанционного зондирования стихийных бедствий (лесных пожаров, заторов льда на реках, наводнений, штормовых ветров), а также состояние растительности, водоемов, снегового и ледового покрова. Рассмотрена проблема атмосферного озона. Изложены основные положения и методы геоинформатики и геоинформационного картографирования и  способы проектирования баз данных ГИС.

Жобалау мен құрылыста обложка

Әлинов, М. Ш. Жобалау мен құрылыста BIM — технологиялары [Текст] = BIM — технологии в проектировании и строительстве : оқу құралы студенттерге, колледж оқушыларына арналған / М. Ш. Әлинов ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2019. — 235 бет. — ISBN 978-601-7275-82-2.

Инновациялық оқу құралы жобалау және құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологиясына (BIM) арналған. BIM технологиясы соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде белсенді түрде дамып келеді. Қазақстандағы құрылыс индустриясының перспективалары мен бәсекеге қабілеттілігі осы жаңа технологияларды дамыту деңгейімен де анықталады. BIM-технологиясының негіздерін меңгеруге және практикалық пайдалануға қабілетті мамандарды даярлау өте маңызды.

Инновационный учебник предназначен для информационных технологий моделирования (BIM) в области проектирования и строительства. Технология BIM в последние годы динамично развивается в мировой практике. Перспективы и конкурентоспособность строительной отрасли в Казахстане определяются уровнем развития этих новых технологий. Важно подготовить специалистов, способных освоить и применить технологию BIM.

Жоғары математика элементтері обложка

Дүзелбаев, С. Т. Жоғары математика элементтері [Текст] : оқулық студенттерге арналған / С. Т. Дүзелбаев, Г. С. Базарбаева, Ә. С. Омарбекова ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2016. — 354 бет. — ISBN 978-601-281-203-9.

Оқу құралы міндетті болып табылатын бөлімдер мен тақырыптарды қамтыған және теориялық материалдары мысалдармен бекітілген, ал сонымен қатар әрбір бөлімнің соңында жаттығу есептері, қайталау сұрақтары, студенттердің өздігінен білімдерін тексеруге арналған тест тапсырмалары топтастырылған.

кристаллография и минерология обложка.pdf

Chernenko, Z. I. Crystallography and mineralogy [Текст] : textbook is students / Z. I. Chernenko ; Ministry of education and science of republic of Kazakhstan. — Алматы : Бастау, 2019. — 370 p. — ISBN 978-601-7275-84-6.

Учебное пособие содержит краткое изложение курса лекций, в котором изложены современные представления о генетическом происхождении минералов по классам. В разделе I учебного пособия «Кристаллография», изложены основы учения о кристаллографических особенностях минералов. Рассмотрены главнейшие типы минеральных месторождений. В раздел II учебного пособия «Минералогия» изложены основы учения о кристаллографических особенностях минералов. Рассмотрены главнейшие типы минеральных месторождений.

В учебное пособие, кроме лекционного курса, включены задания к лабораторным занятиям и самостоятельным работам студентов, а также глоссарий.

Мұнай мен газды іздеу

Қапанова, А. Т.Мұнай мен газды іздеу және барлау геологиясы [Текст] : оку құралы 5В070800-Мұнай-газ ісі және 6М070800-Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға арналған / А. Т. Қапанова, Б. Ғ. Алматова ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, С.Бәйішев атындағы Ақтобе университетінің Ғылыми кеңесі оқу құралы ретінде ұсынған. — Алматы : Бастау, 2015. — 363 бет. — ISBN978-601-281-130-8.

Оқу құралы Қазақстан аймағындағы кен орындары негізінде өте құнды мәселелерді қарастырған, төрт бөлімінен тұрады: геологиядан негізгі мәліметтер, мұнай және газ геологиясы, ресурстар және қорлар, ұңғымалар жөнінде, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Жер құрылысынан бастап мұнай мен газды барлау және іздеу жағдайлары жан-жақты қарастырылып, сондай-ақ әр терминге байланысты өте нақты түсіндірмелер, әр тақырыпқа түрлі түсті сызбалар, кестелер, қосымша мәлімдемелер айқындалған және мамандыққа сай, қолдану ерекшелігіне байланысты сұрақтар және тест жинағы да жаксы берілген.

Өсімдіктер физиолгиясы обложка.pdf

Атабаева, С. Ж. Өсімдіктер  физиологиясы [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Ж. Атабаева ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2015. — 266 бет. — ISBN 978-601-281-161-2.

Оқу құралында  қарастырылған физиологиялық үдерістер қазіргі заманғы ғылыми деңгейге сәйкес талқыланған. Қазіргі қазақ тілде  жазылған  оқу құралдардан айырмашылығы –  автор көптеген ресейлік және шетелдік  жаңа ақпараттарды қолданып, соңғы жылдарда  шыққан әдебиеттерді пайдаланып, өсімдіктер  физиологиясы ғылымының соңғы жетістіктерін көрсеткен.

пайдалы қазбалар

Черненко, З. И. Пайдалы қазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері [Текст] = Промышленные типы месторождений полезных ископаемых : оқу құралы студенттерге арналған / З. И. Черненко, И. Е. Матайбаева ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2019. — 363 бет. — ISBN 978-601-7275-83-9.

Екі тілде жазылған бұл оқу құралы типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған, қысқаша дәріс курсының баяндауын мазмұндайды, оның ішінде өнеркәсіптік типтері, генетикалық пайда болуы, пайдалы қазбалар кенорындарының іс-тәжірибелік мәні және металлогениясы туралы баяндалған. Аса назар Шығыс Қазақстанның типтік кенорындарына аударылған.

В двух языках написанное учебное пособие, в соответствии с типовой учебной программой, содержит краткое изложение курса лекций, в котором изложены современные представления о промышленных типах, генетическом происхождении, металлогении и практическом значении месторождений полезных ископаемых. Особое внимание уделено типовым месторождениям Восточного Казахстана.

Сылақ жұмыстарының технологиясы .pdf

Тажикбаева, З. Қ. Сылақ жұмыстарының технологиясы [Текст]: оқулық студенттерге арналған / З. Қ. Тажикбаева, Ж. Е. Нурулина ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.-Алматы: Бастау, 2019.-162 бет. — ISBN 978-601-7275-87-7.

Аталған  оқулық  кәсіби  модульді бағдарлама бойынша білім беру ұйымдарында пайдалануға  ұсынылады. Оқулықта сылақ жұмыстарына арналған заманауи және дәстүрлі материалдар  туралы  терең  мәліметтер  берілген. Қазіргі  заман талабына  сай әрлеу  жұмыстарының өндірісінде қолданылатын  жаңа  материалдар,  құрал-жабдықтар  туралы  және  осы  жұмыстардың  орындалу технологиясының ерекшелігі  жақсы  баяндалған. Оқулықтың  мазмұны жалпы құрылыс саласы  бойынша жаңа  заман  талабына қарай  кең  түсінік  береді.

Тағам өндірісінің технологиясы обложка 1 часть.jpg.pdf

Есіркеп, Г. Тағам өндірісінің технологиясы [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / Г. Есіркеп ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2017. 1-бөлім. — Алматы : Бастау, 2017. — 300 бет. — ISBN 978-601-281-252-7.

«Тағам өндірісінің технологиясы» деп аталатын оқу құралы осы аттас курстың зертханалық іс-тәжірибесіне негізделіп, негізгі теориялық курстың алты тарауынан тұрады. Оқу құралының негізгі теориялық курсы тағам өнімдерін алудың технологиялық, биотехнологиялық, физикалық-химиялық және механикалық үдерістерінің ғылыми негіздерін қамтиды. Тамақ өнеркәсібінің барлық салаларында қазіргі заманғы және болашағы зор технологияларға, шикізатты кешенді өңдеуге, өндірістік шығындарды азайту, қуаты аз кәсіпорындарда өнім өндіру тәсілдеріне ерекше назар аударылған.

Тағам өндірісінің технологиясы 2 часть

Есіркеп, Г. Тағам өндірісінің технологиясы [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / Г. Есіркеп ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2018. 2-бөлім. — Алматы : Бастау, 2018. — 216 бет. — ISBN 978-601-281-269-5.

Оқу құралының негізri теориялық курсы тағам өнімдерін алудың технологиялық, биотехнологиялық, физикалық-химиялық және механикалық үдерістерінің ғылыми негіздерін қамтиды. Тамақ өнеркәсібінің барлық салаларында казірі заманғы және болашағы зор технологияларға, шикізатты кешенді өндеуге, өндірістік шығындарды азайту, қуаты аз кәсіпорындарда өнім өндіру тәсілдеріне ерекше назар аударылған. Студенттердің білімдерін тексеру мақсатында әр тараудың соңында бақылау сұрақтары берілген.

теориялық механика обложка.pdf

Дүзелбаев, С. Т. Техникалық механика. Теориялық механика. Материалдар кедергісі [Текст] : оқулық студенттер мен колледж оқушыларына арналған / С. Т. Дүзелбаев ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2016. — 452 бет. — ISBN 978-601-281-175-9.

Техникалық механика курсы типтік бағдарлама бойынша: теориялық механика, материалдар кедергісі және машиналар тетіктері бөлімдерінен тұрады. Оқулық статика, материалдар кедергісі негіздері, кинематика мен динамика негіздері атты үш бөлімнен құралған. Әрбір тақырыпта теориялық материалдар мысалдармен пысықталған және әрбір тараудың соңында жаттығу есептері және қайталау сұрақтары жинақталған.

Химиялық технология обложка

Меркулов, В. В. Химиялық технология. Мұнай және газды өндеу [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / В. В. Меркулов, Р. Қ. Жаслан ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.-Алматы : Бастау, 2018. — 256 бет. — ISBN 978-601-7275-68-6.

Оқу құралы «Мунай жэне газды қайта өңдеу» мамандығы бойынша алдыңғы қатарлы білім алушыларға арналған, «Химия және мұнай газ технологиясы» оқу бағдарламасының негізгі білім денгейін дамыту үшін жасалған. Дәрістерде Казакстан Республикасынын неізі мұнайлы өндірісі, гылым мен техниканың соңғы жетістіктері негізінде мұнай өңдеу, газ өңдеу және газ конденсатының ең маңызды процес терінің бағыттарын жетілдіру жолдары қарастырылған.

Химияның теориялық негіздері 1

Аймақов, О. А. Химияның теориялық негіздері [Текст] : оқулық студенттерге арналған / О. А. Аймақов ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. — Алматы : Бастау, 2018. — 231 бет. — ISBN 978-601-7275-66-2.

Ұсынылып отырған оқу құралында бейорганикалық және органикалық  химия курстарының теориялық маңызды бөлімдері — атом-молекулалық ілім, атом құрылысы, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі, сонымен қатар, органикалық реакциялардың жүру механизмі, органикалық реакциялардың  реакцияланғыштық қабілетін  электрондық  теория  тұрғысынан  дәлелдеу,  электрондық  ығысу  теориясы  жан – жақты  қарастырылған. Оқулықта молекулалардың  күрделілігін  валенттілік  байланыс  және молекулалық  орбиталь  әдістері  бойынша  әртүрлі диаграммаларды мысал  ретінде келтіріп түсіндіру  студенттердің  бұл салада материалды толық  түрде игеруіне мүмкіндік туғызады.

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/2019-aprel/