Құрметті оқырмандар!

📢 Кітапхана сізді Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін және бас құрбандарын еске алу күніне арналған “31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні” атты кітап көрмесімен танысуға шақырады.

🕯 Көрмеде қазақ халқының тарихының қайғылы беттері, қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық жылдарынан аман қалған адамдардың тағдыры туралы баяндайтын кітаптар, тарихи құжаттар мен материалдар ұсынылған.

📚 Экспозиция бас ғимарат кітапханасының электронды оқу залында (254 аудитория) безендірілген және тарихи жадыны сақтауға, өткенді құрметтеуге және тарих сабақтарын түсінуге бағытталған.

📌 Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді көрмеге қатысуға және ХХ ғасырдағы қайғылы оқиғалардың құрбандарын еске алуға шақырамыз.

Сіздің Кітапханаңыз 📚