«Жамбылдың жырлары — халықтың жүрегінен туған үн, ұлы рухтың айнасы»
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл Жабаев — қазақтың ұлы ақыны, жырау және айтыс өнерінің көрнекті өкілі. Ол XIX–XX ғасырларда өмір сүріп, халықтың мұңын, арманын, ерлігі мен бірлігін жырлады. Жамбылдың шығармалары ел тарихымен тығыз байланысты болып, ұлт рухын көтеруге қызмет етті. Ақын мұрасы Қазақстан мәдениетінің асыл қазынасына айналды. Оның есімі мен жырлары бүгінгі күнге дейін құрметпен аталып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді.

Қалижанов У. Жамбыл : роман-этюд / У. Қалижанов. – Алматы : Атамұра, 2024. – 224 бет. – (Атамұра кітапханасы).
Уәлихан Қалижановтың «Жамбыл» атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.
Роман-этюд Жамбылдың акындык, айтыскерлік, азаматтык болмысын ашады. Кезінде қазақтың ұлы классик жазушысы Мұхтар Әуезов оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген еді. Роман-этюдте Жамбылдың 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бұрынғы және Кеңестік дәуірдегі өмірі көркем әдістермен сипатталады.
Оқиғалардың барлығы Жамбыл туралы естелік қалдырған қайраткерлердің жазбаларының негізінде жазылған. Өмір шындығы, заман келбеті нақты көрсетілген.
Роман-этюд тосын деректерімен оқырманды баурап алады.
Жабаев, Жамбыл. Екі томдық шығармалар жинағы : екі томдық / Ж. Жабаев ; ред. М. Қаратаев [және т.б.] ; құраст.: К. Сейдеханов, С. Садырбаев ; Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Жазушы. – 1982.
Халық поэзиясының алыбы, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың екі томдығы 1946 жылы жарық көрген академ
иялық толық жинақтың негізінде құрастырылды. Сонымен бірге бұл кітапқа ақынның бұрынғы басылымдарда жарияланған және республика архивтерінен жаңадан табылған шығармалары қосылды.
Екінші томға Жамбылдың Ұлы Октябрь социалистік революциясының шапағатын, данышпан Ленин мен Коммунистік партияның кемеңгерлігін, совет халқының жасампаз еңбегі мен Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігін суреттейтін жырлары және көңіл-күй лирикалары енгізілді.

Жабаев, Жамбыл. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы : екі томдық / Ж. Жабаев ; құраст.: Н. Айтов [және т.б.] ; жалпы ред. С. Садырбаев ; Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Ғылым. – 1996.
Қазак халқының ұлы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жамбыл Жабаевтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы 1938, 1940, 1946, 1982 жылдарғы жинақтардың негізінде құрастырылды. Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы мен Жамбыл мұражайының қолжазбалар қорынан жаңадан табылған шығармалары қосылды.
Екінші томға Жамбыл Жабаевтың заман туралы философиялық толғаулары мен адам және табиғат, Отан және патриотизм, батырлық пен ерлік, білім мен көркемөнер, еңбек пен бақыт, әділдік пен адалдық, достық пен жолдастық, акыл мен сезім, махаббат пен адамгершілік туралы лирикалык және саяси-әлеуметтік өлеңдері, сын-сықактары енгізілді.

Жамбыл Жабаев творчествосы / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : Ғылым, 1989. – 272 бет
Қазақ совет халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен творчествосы туралы әдеби сын, очерк, публицистік мақала, естеліктер аз емес. Жекелеген диссертациялар қорғалды, зерттеулер жазылды. Ақын бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында жарқын көрініс тапты. Бұлардың бәрі де оның азаматтык, ақындық болмысын әр қырынан танып білуге мүмкіндік береді. Алайда ғасыр жасап, екі дәуірдің куәсі болған ақынның өмірі мен творчествосын түгел қамтып, жан-жақты көрсететін тұтас еңбек жоқ еді. Монографияда жыр алыбының өзіне тән творчествонын ерекшелігі. Қазақ совет поэзиясын дамытудағы ролі, ақындық мектебі жаңашылдығы кенінен сөз болады.

Жамбыл – менің жай атым : Жамбыл туралы естеліктер / кұраст. Н. Төрекұлов. – Алматы : Санат, 1996. – 222 с
Жинаққа жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың көзін көрген, дәмдес әрі пікірлес болған акын-жазушылардың естелік-әнгімелері енгізілді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Шаштайұлы Ж. Жыр-Жолбарыс : көмекші оқу құралы / Ж. Шаштайұлы. – Алматы : Санат, 1996. – 176 бет
Жазушының бұл кітабына жыр алыбы Жамбыл туралы бірнеше ой-толғаулары топтастырылған. Онда ақынның айналасындағы адамдармен арақатынасы, сыйластық-сырластығы, сондай-ақ көпшілікке беймәлім кейбір өмір белестері баяндалған.
Кітап студенттерге, жалпы окырман қауыма арналған.

Жабаев, Жамбыл. Ел қадірін біл, балам : Шығармалары, естеліктер, күнделіктер жинағы / Ж. Жабаев ; құраст.: Н. Төреқұл, Н. Оразов. – Алматы : Жалын, 1996. – 542 бет : сурет.
Жыр алыбы атанған ұлы ақынның 150 жылдығына орай шығарылған бұл жинаққа оның ең таңдаулы өлеңдері, айтыстары, дастандары енгізілді. Сондай-ақ Жамбылдың қасында жүріп, хатшысы болған ақын-жазушылардың естеліктері, күнделіктері, очерктері де бірге жарияланып отыр. Оқырман қауым ұлы ақынның рухани інжу-маржандай қымбат шығармаларымен қатар, аттай бір ғасыр өмір сүрген жыр алыбының қилы-қилы өмір белестерінен, қиын да қызықты тағдырынан мол мағлұмат алары хақ.
Дастан-ата: Жамбыл Жабаев туралы естеліктер. – Алматы : Жазушы, 1989. – 416 с.
Жиырмасыншы гасырдың. Гомері атанған, бір ғасыр жасаған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен акындық қызметі жөнінде Совет Одагындағы барлық халықтардың ақын, жазушы, зерттеушілері, шетел әдебиетінің өкілдері де ұлағатты сөздер айтқан.
«Дастан-ата»—кезінде Жамбылдың көзін көріп, қасында бірге жүрген, талай әңгіме-сұхбат құрған белгілі жазушы, өнер қайраткерлерінің естеліктерінен құрастырылған. Кітап М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Н.Тихонов, Ш.Айтматов, М.Бажан, П.Кузнецов, М.Тұрсын-заде, Т.Сыдықбеков, Ғ.Орманов т.б. естеліктерін қамтыды.
«Дастан-ата» кітабына ұлы ақынның әрқилы кезеңде жазушы, қоғам қайраткерлерімен түскен, сирек кездесетін фотосуреттері де еніп отыр.

Жамбыл бейнелеу өнерінде = Джамбул в изобразительном искусстве : альбом / құраст.: Л. Г. Плахотная, Н. А. Полонская. – Алма-Ата : Өнер, 1989. – 142 бет : 120 түсті сурет.
Альбомда тамаша қазақ ақынына, оның өмірі мен қызметіне арналған көркем, мүсіндік және графикалық жұмыстар ұсынылған.
Октябрь А. Жамбылдын жарқың бейнесі / А. Октябрь // Егемен Қазақстан. – 2021. – 16 маусым. – Бет 16.
Қастеев атындағы өнер музейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрме есік ашты. Ғибратты ғұмыр иесінің өмір өрнегінен сыр шертетін көрмеге өнер музейінің қорында сақталған 30-дан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылар қойылған.
«Больше всех народом любим тот, кто в битве неколебим…»
Ананьева С. Жамбыл Жабаев в мировом литературном процессе / С. Ананьева // Казахстанская правда. – 2021. – 17 августа. – С. 5
Феномен Жамбыла в современной социокультурной ситуации важен тем, что его творчество имеет глубокие корни в народно-поэтическом искусстве и теснейшим образом связано с жизнью и историей народа. Уникальный импровизаторский дар акына, истоки его творчества по-новому переосмысливаются учеными и литераторами.
Жамбыл Жабаев в мировом литературном процессе
Пащенко И. «Больше всех народом любим тот, кто в битве неколебим…» / И. Пащенко // Казахстанская правда. – 2024. – 11 декабря. – С. 1, 7
За годы войны акыном сложено около сорока песен, двадцать шесть из которых были опубликованы в небольшом сборнике «Песни об Отечественной войне». Его центральным произведением и внутренним ядром, наиболее ярко выделяющимся своими художественными особенностями, была песня-обращение «Ленинградцы, дети мои!». Строки этого произведения вдохновляли защитников блокадного Ленинграда и стали символом братства.
Список литературы
