Тақырып 7. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

 

 

7.1.Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының функциялануы.

7.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің шет елдердегі тәжірибесі.

7.3.Қ.Р-дағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері.

7.4. Шағын және орта кәсіпорындар саласындағы мәселелер мен мемлекеттік реттемелеудің қажеттілігі.

7.5.Экономикалық модернизация барысында Қ.Р-дағы мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлігін басқарудағы мақсаттары.

 

7.1. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының функциялануы

 

 

Дамыған кәсіпкерлік сектор-әр мемлекеттің экономикалық арқауы. Дамыған мемлекеттерде  шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 60-70%-ға дейін жетеді, ал Қазақстанда болса 30%-ға жетіп отыр. Осыған байланысты ҚР-дағы мемлекеттік саясат кәсіпкерліктің нығаюына ерекше көңіл бөлуде және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті тұрақтандыруда.

Кәсіпкерлік экономиканың белсенді формасы ретінде мемлекеттік деңгейде де, жеке меншікте де жүзеге асады. Оны былай айырады:

а)мемлекеттік кәсіпкерлік;

б)жеке меншік кәсіпкерлік.

Мемлекеттік кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің мекеменің атынан жүзеге асырылады. Ол мекеме былай бекітіледі:

а)Мемлекеттік басқару органдарымен (ол қолданыстағы заңмен жүзеге асады) бекітіледі. Олардың құзырында мемлекеттік меншікті басқару бар (мемлекеттік мекемелер).

б)Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бекітіледі.

Жеке меншік кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің мекеме атынан жүзеге асатын формасы (егер мекеме заңды тұлғаға тіркелсе ғана) немесе индивидуалды кәсіпкердің атынан жүзеге асатын форма (физикалық тұлға).

Мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің әр түрінде өзіне тән белгілері болады, бірақ олардың басты принциптері көп жағдайда ұқсас болып келеді. Екі түрде де кәсіптің жүзеге асуы максималды пайдаға ұмтылысты,жауапкершілікті,инициативті бапты қажет етеді. Кәсіпкерлік инициативті  кәсіптің нормасы болып табылады, ол максималды пайдаға ұмтылады.

Кәсіпкерліктің кәсіптік мазмұнына қарай және оның бастапқы стадиялармен байланысына қарай мынындай түрлері ажыратылады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, сақтандырулық, серіктестік.

Егер кәсіпкер кәсібінде тауар өндіріп, еңбек құралдарын пайдаланып,қызмет көрсетуде ақпарат берсе, рухани маңыздылығын көрсетсе,тұтынушылардың сұранысына ие болса, онда бұл кәсіпкерлікті өндірістік кәсіпкерлік деп атаймыз.

Кәсіпкерлік іс өндірістегі тауарлармен байланысты болса,мынандай сипаттарға ие болады:

1)Дәстүрлі сипат (дәстүрлі кәсіп)

2)Инновациялық сипат (инновациялық кәсіп,инновациялық кәсіпкерлік)

Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы мен функциялануының сұрақтарын қарастыру үшін, оны Қазақстандағы  ұйымдастырушы-құқықтық формамен анализ жасап, салыстырамыз.

 

7.2.Шағын және орта кәсіпкерліктің шет елдердегі тәжірибесі

 

 

Әлемдік экономикалық нарыққа шығу үшін басты кілттің бірі-кәсіпкерлік. Көптеген мемлекеттерде,соның ішінде Қазақстанда ол нарықтық экономиканың дамуын жеделдетті.

Мемлекеттің жеке сектормен серіктестігі нарықтың дамуына өте жағымды әсер етеді. Жеке меншік және кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасы мен қазынасын дамытады.

АҚШ-та еңбек ресурсының жартысы шағын мекемелерде жұмылған.Олар ел саудасының 44%-ын құрайды және ұлттық тауардың 38%-ын құрайды. Шағын кәсіпті қолдау оларда 1953жылдан бастап жүзеге асты.1978 жылдан бастап «Ұлттық тұтынушыларға арналған шағын кәсіпкерлік» деген бағдарлама жүзеге асып келеді. Бірнеше ұлттық программаларды қолдау мақсатымен АҚШ-тың сауда министрлігі  80-ші жылдары шағын кәсіпкерліктің басқармасын ашты. 1980-90жылдары жетпіс мыңдай шағын кәсіп мекемелеріне 2млрд.дол.инвестиция және 180мың кредитке 31млрд.дол.бөлінді.

Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлік өндірістің,қызмет көрсетудің, сауданың 99%-ын құрайды. Онда еңбек ресурсының 80,6%-ы еңбек етеді, өңдірістік тауардың 55 %-ы іске қосылады, 60%-ы көптік  бағамен сатылса,80%-ы жалпы бағамен сатылады.

Мемлекеттік салық жүйесінде шағын кәсіпкерлік мекемелер үшін салық ставкасы 12%-ға жеңілдетілген,ал жергілікті 6%-ға жеңілдетілген. Кей жағдайда оларды салықтан толық босату практикада кездеседі.

Германияда шағын кәсіпкерлікті дамыту экономика министрлігімен федералдық дәрежеде жүзеге асады, ал жерге қатысты болса жергілікті басқару органдарымен жүзеге асады. Мемлекетте шағын мекемелерге арналған жеңілдіктер жүйесі бар,олар 20жылға дейін созылады. Соның өзінде алғашқы 10жылда оны төлемеуге де болады. Жеңілдіктердің жүйесі көрсетілген: бірінші екі жыл проценттер төленбейді,төртінші жылға үш процент,бесінші жылға 5 процент,алтыншы жылдан бастап жалпы рыноктық ставкамен төлейді.

Инновациялық кәсіп мекемелеріне ғылым және технология министрлігі көмек береді.

Францияда шағын және орта кәсіпке қолдауды өндіріс министрлігі көрсетеді. Осы қолдау барысында салықтық жеңілдіктер мен бюджеттік көмек,ғылыми-техникалық көмек көрсетіледі.

Италияда да шағын мекемелерге төмен пайызды кредиттер және салық льготтар беріледі (жыл сайын 600млрд.лир бөлінеді)

1991жылдан бастап Италияда шағын кәсіптің модернизациясына байланысты заң қабылданды. Осы мерзімнен бастап жыл сайын 1570млрд.лир бөлініп отырды.

Ұлыбританияда фирмалардың 96%-ы шағын кәсіп мекемелеріне жатады. Еңбек ресурсының 25%-ы осында еңбек етеді. Шағын кәсіпті дамыту үшін арнайы саясат жүргізіледі.

Халықаралық шағын және орта мекемелерді басқару федерациясының үлесіне капиталдық салымдардың 30%-ы, өнімдердің 50%-ы тиесілі.

Жапония, Малайзия, Индияда шағын кәсіпкерлікке көмек мемлекеттің арнайы жеңілдіктерінен және ірі компаниялармен тығыз байланысынан байқалады.

Оңтүстік Кореяда шағын және орта кәсіп мекемелерінде еңбек ресурсының 78%-ы жұмылған. Олардың 47%-ы ішкі тауар өндірісімен айналысады, олардың үлесіне Оңтүстік Корея экспортының 42%-ы тиесілі. Қытайда болса, еңбек ресурсының 75%-ышоғырланған, 60%-ы ішкі таур өндірісімен айналысады, жалпы экспорттың 60%-ын құрайды. Тайваньдық экономиканың ерекшелігі –шағын және орта кәсіп доминациясы,ол сауданың 3тен 1бөлігін, экспорттың 5тен 1бөлігін қамтиды.

Шағын және орта кәсіпті  мемлекеттік басқару анализдері Азияда,Батыс және Шығыс Еуропада, Солтүстік Америкада, сондай-ақ ТМД елдерінде де кездеседі. Осының арқасында біз мынандай экономикалық аспектілерді бөліп,қарастыра аламыз:

-заңды түрде қамтамасыздандыру;

-жеңілдетілген кредиттік жүйе;

-жеңілдетілген салық салымдары;

-кредиттерді мемлекеттік сақтандыру;

-тікелей бюджеттік қамтамасыздандыру;

-ақпараттық,маркетингтік, кадрлық қамтамасыздандыру.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың әлемдік тәжірибесіне жүгінетін болсақ, кәсіпкерлікті дамыту үшін мынандай антимонопольді жағдайлар қарастырылуы керек:

-азаматтық кодекс пен шарушылық құқықтың және антимонопольді заңдылықтардың көмегімен кедергісіз экономикалық іс жасау;

-арнайы заңдарға сүйене отырып жеңілдіктер жүйесін жасау;

-шағын кәсіпкерлікке жауапты мемлекеттік мекеме ұйымдастыру;  

-мемлекетік қаржы механизмін ұйымдастыру;

-ұлттық-экономикалық саясатты дамыту.

 

7.3. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері

 

 

Кәсіпкерліктің дамуы бастапқы жылдарда ауыр жағдай кешті. 90-шы жылдардан бастап Қазақстанда кәсіпкерлік пайда бола бастады,сол жылдар ішінде осыған байланысты реформалар өзгеріп отырды. 1991-1992жылары шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты біраз реформалар құрыла бастады. Шағын кәсіп мекемелері, ауылшаруашылық өнімдерді өңдейтін мекемелер бастапқы екі жылда салықтан босатылып отырды. Осыған орай 1993жылы шағын кәсіп мекемелерінің саны 30%-ға дейін өсті.

1994жылы бұл үрдіс бәсеңдей бастап, кейінгі екі жылда мүлдем жойылды.Бұл экономиканың құлдырай бастауына әкеліп соқты.

1995-1996жылары шағын кәсіпкерлік құлдырауын жалғастырды. Бұл мемлекетті беріктігі жоқ әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкелді. Тек коммерция ғана өз өмір сүруін тоқтатпады.

1997жылы шағын кәсіпкерліктің дамуын түптей өзгерту туралы реформа қабылдана бастады. Индивидуальды кәсіпкерлік туралы актілер бекітілді және де жаңа критерийлер мен заңдар қабылданды. Олар әлі күнге дейін қолданыста жүр. Әр түрлі шаралар жүзеге асырылып,жағымды нәтиже берді.Мемлекеттік статистикаға жүгінсек, 01.01.99жылдары елімізде 31,2мың бірлік шағын кәсіп мекемелері тіркелген, еңбек ресурсының 318мың адамы осында жұмысатқарған.

Кемшіліктерді жою барысында 1998 жылы 1999-2000жылдары шағын кәсіптің дамуына  арналған бағдарлама бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты шағын кәсіп орын саның 500мыңға дейін жеткізу, 2млн.адамды еңбекке жұмылдыру, ішкі тауар өндіруді 15%-ға дейін көтеру болды. Шағын кәсіп мекемелер саны өскенмен, жұмысқа жұмылдырылған халық азаматтар саны өспеді. 2001жылы елімізде шағын кәсіп саны 256ға дейін жетті,ал еңбекші халық саны 1,25млн.болды, яғни еңбек ресурсының 17,6%-ын құрады.

2001жылы мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы шұғыл шаралар жүзеге асырылады. 2001жыдың мамыр айында ел басы атынан 2001-2002жылдары шағын кәсіпті дамытуға арналған бағдарлама қабылданады. Қазір ҚР-да шағын кәсіп орын саны 300мың, бұған 1,3млн.еңбек күші жұмылған.

2002 жылдың аяғына қарай мемлекет тарапынан тағы да 2003-2005 жылға арналған жаңа бағдарлама жүйесі қабылданады. Оның басты мақсаттары шағын кәсіп үшін салықтың азайтылуы, шағын және орта кәсіпорындарына арналған кредиттік ресурстарды дамыту, кәсіпке байланысты заң нормаларын реттеуге келтіру болып табылды. Жаңа құрылу жылдарында Қазақстан экономикасының трансформациясы барысында шағын кәсіпкерлік экономикада елеулі рөл атқарды.

Шағын кәсіпкерлік және шағын кәсіп жергілікті сұранысқа байланысты ұйымдастырылды. Олардың беріктігі совет заманы адамына қажеті тауар өндіру барысында байқалды. Қазіргі кезде Қазақстанда шағын кәсіпкерлік 80%-ға ішкі аудандық нарыққа негізделеді, ішкіаудандық өндіріске негізделген кәсіпорындар 70% болып табылады. Дамыған аудандық кәсіпорындар Алматыда(29,3 %), Астанада(8,3%), Шығыс Қазақстан облысында(8,2%), Оңтүстік Қазақстанда(7,4%) көп кездеседі.

Осы күнге дейін ҚР териториясындағы шағын кәсіпорындарын тіркеу қатты қадағаланады. Жоғарыда айтылып кеткен аудандарды барлық шағын кәсіпорындардың ішінде тек 58,7%,54,9%,53,2%-ы ғана тіркелген (2008жылғы көрсеткіш бойынша).

 

Кесте 2- 2008жылдың бірінші жарты жылдығындағы шағын және орта кәсіпорындардың кірісіне қарай аудандардың жіктелуі:

 

Аудандар

Облыстар мен қалалар

Кірістің жалпы көлемі, %-бен

1

2

3

Орталық

Ақмола,Қарағанды

8,1

Батыс

Ақтөбе,Атырау;Батыс Қазақстан,Маңғыстау

11,6

Шығыс

Алматы мен Шығыс Қазақстан

14,0

Солтүстік

Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан

13,3

Оңтүстік

Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан

6,7

Астана қ-сы

Астана қаласы

8,8

Алматы қ-сы

Алматы қаласы

37,5

Жалпы Қ:Р бойынша

 

100

 

Жалпы көпшілік қабылдаған критерий- 1000 адам басына шаққандағы шағын кәсіпорындар саны. Тұрғындардың кәсіпорындарға деген белсенділігі мол Алматы (1000 адамға 12,2 кәсіпорын), Астана (1000 адамға 7,9), Маңғыстау (3,8), Павлодар (3,7) қалалары. Өте төмен позициялар Жамбыл (1,2)және Оңтүстік Қазақстан (1,7) облыстарында көп кездеседі. Ауыл шарушылығына байланысты болса, кейбір аудандар алдыда тұр. Оңтүстік Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 45,2 кәсіпорын. Жақсы көрсеткіштер Алматы (28,6), Шығыс Қазақстан (22,7), Қарағанды (21) облыстарына тиесілі. Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Атырау артта қалуда.

 Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сүйенетін болсақ, шағын кәсіпкерлік бүгін белгілі бір дәрежеде бірнеше саты биіктеді және экономикаға жағымды әсер етіп келеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлі күнге дейін дамытылу керек, мемлекет экономикалық саясатты дұрыс бағыттаған жөн,сонда ғана кәсіпкерлік биік шыңдардан көріне береді.

 

7.4. Шағын және орта кәсіпорындар саласындағы мәселелер мен мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

 

Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатса да, бұл салада әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Салықтың көптілігі, ресурстарға толықтай қол жеткізе алмау, басқарушы органдардың кей жағдайларда толыққанды жұмыс істемеуі мысал бола алады. Шағын кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктердің аз болуы мен бюджеттік төлемдер де шешілмеген мәселелерге жатады.

Өнімді өткізуге кері әсер ететін факторлар: өнімнің бәсекеге қабілетті болмауы,импорттық өнімдерге қарағанда шикізат сапасының төмен болуы, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы, коммерциялық және өндіріс орындарынан алыс орналасуы, өнімнің бағасының жоғары болуы.

Кәсіпорындардың қаржы орталықтарынан алыс орналасу, қаржы жүйелерінің болмау, тұтынушылардын сұраныс болмау микроқаржыландырудың дамуына әкеледі. Экономикалық зерттеулер институтының анализдері банктердегі кредиттеу жүйесінің кемшіліктерін тапты. Олардың ең бастысы – ссуданың проценті. Проценттердің тұрақтануы тікелей рыноктық экономикаға байланысты, ол қызмет көрсетудің не өнімнің сапасына байланысты қарастырылады. Мұнай істермен Ұлттық Банк айналысады.

Өте көкейкесті мәселенің бірі кәсіпкер кредит алу барсынды банк тарапынан қолайлы жағдайдың жасалмауы. Тағы да осындай мәселелерге кредитің аз мерзімге берілуі, льготтық кезеңнің болмауы, кредит беру үшінөте көп құжатты талап ету, салым беру барысындағы қиындықтар жатады.

Мемлекет жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржы бөліп отырады. Мұндай шаралар екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асады, олар мемлекеттен қосымша қаржы алып, орта есептік ставкамен қайтарады, кей жағдайларда банк сыйақы алып отырады. Бірақ микроқаржылы мекемелердің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен бөлінген қаржыға қолы жетпейді. Байқасақ, мемлекеттен бөлінетін бюджет тек шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ғана емес, экономиканың қаржы секторының дамуына да әсер етеді. Экономиканың қаржы секторы микроқаржылық қызмет көрсетуге сұраныс болуынан дамиды және көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге жағымды әсер етеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған саясат декларативті немесе люббтсттердің қозғалысы болмау үшін, саясат кәсіпкерлік өзі жалғыз шеше алмайтын  сұрақтарды шешуде көмеек беру керек.

Көптеген авторлардың зерттеулеріне қарасақ, кәсіпкерлік сектордың мынандай мәселелерін аңғарамыз:

1)Заң мен фиксальды саясат;

2)Инвестициялану мен кредиттеу мәселелері;

3)Өкіметпен қарым-қатынас;

4)Ақпараттық қамтамасыздандыру(маркетингті қосқанда);

5)Білімнің аздылығы.

 

7.5.Экономикалық модернизация барысында ҚР-дағы мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлігін басқарудағы мақсаттары

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қаржылық қамтамасыздандыру, салық салымдарының үлкен жүйесімен,мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы келіссөздер, серіктестікке деген стимулдың жоқтығы сияқты мәселелермен қиындатылады. Бәсекеге тұрарлық отандық кәсіпорындардың аз болуы ескі технологиялардың қолдануына,капиталға оңайлықпен қол жеткізе алмауына, транспарентіктің жоқтығымен,мамандардың жоқтығымен, аз әсерлі саясатпен өте тығыз байланысты.

Модернизация барысында ҚР-дағы кәсіпкерлікті дамытудың басты мақсаттары:

-Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ететін ккәсіпкерлікке барлық жағдайды жасау:

-Отандық өнімдерді дамыту үшін барлық потенциалдарды дамыту және оларды нарыққа шығару;

-Шағын және орта кәсіпкерлікті селективті түрде қолдау.Соның арқасында бәсекеге тұрарлық өнімдер мен кәсіпорындар санын көбейту.

Бүгінгі күні еліміздегі экономиканың модернизациясы әлемдік шағын және орта кәсіпкерліктің жаһандану процесімен қатар келеді. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге тұрарлық болуына белгілі бір шамада кері әсер береді.

Жаһандану процесі кәсіпкерлікке де жаңа талап қоюда,бірақ ол уақыттың еншісінде болса да, экономиканың жаңа, кең масштабты моделін жасауға ықпал етеді. Жаңа технологиялар,ғылым базасына негізделген шағын кәсіпкерлік үлкен вертикальды компанияларды айналып, рыноктың белгілі сегменттерінің (дерфикацямен байланысты) орнын баса алады. Жаһанданудың осындай ерекшеліктері шағын және орта кәсіпкерлікті әлемдік деңгейде дамытады. Интеллектуалды меншікке байланысты шағын және орта кәсіпкерлік экспорттық потенциалды және жоғарғы технологиялы өнімді өсіре алады.

Шағын және орта кәсіпкерлікке байланысты саясат жаһандану жағдайында кәсіпорындарға бизнес ортасындағы глобалдық өзгерістерге бейімделуге,ассиметрикалық ақпарат етудегі кемшіліктерді жоюға, рынокқа қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге,капиталдар мен жаңа технологияларға қол жеткізуге және Отандық кәсіпорындардың шығынын азайтуға көмек беру керек. Мемлекеттің сұранысына қарай, саясат шағын және орта кәсіпкерлікті экологиялық тазалығы жағынан, халықаралық деңгейге жету жағынан және әлемдік сапа стандарттырына негізделген түрде қарастыру керек. Бұдан басқа кәсіпкерлікке тікелей байланысты және кәсіптің спецификалық қажеттілігіне байланысты бүкіл сұрақтар қамтылу керек.

Мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты мотивациясының өсуін өз жауапкершілігіне алуы керек, кәсіпкерліктің функциялануының дұрыс дамуы, антимонопольды саясаттың дұрыс бағытта жүзеге асуы, халықтың инновациялық жүйесінің және орта кластың дамуы шағын және орта кәсіпкерліктің арқауы болып табылады.

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің модернизациялануын басқарудың басты бағыттары мынандай:

-экспортқа тауар  тауар шығаратын кәсіпорындаға ерекше қолдау көрсету,

-жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындар мен жаңадан тағы құрылған кәсіпорындардың субъектілерін  қолдау;

-шағын және орта кәсіпкерліктің түрлі потенциалдарын таныстыруды дамыту.

 

СӨӨЖ-ге берілген тапсырмалар:

 

1.Кәсіпкерлік іске анықтама беріңіз

2.Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық ыормасы туралы айтып кетіңіз.

3.Қандай заңды актілердің арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық формалары жүзеге асады?

4.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудағы басты заң актілерін айтыңыз.

5.Шағын және орта кәсіпкерліктің кемшіліктері мен жетістіктерін айтыңыз.

6. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын кері тартатын қандай жағдайлар?

7. Шағын және орта кәсіпкерлікті басқарудың шет елдік тәжірибесіне тоқталыңыз,мысалға АҚШ, Италия, Жапония, Израиль, т.б.мемлекеттер.

8.Қазақстандағы экономиканың модернизациялануы барысында Шағын және орта кәсіпкерлікке арқау болған басты факторлар туралы айтып кетіңіз.