ОҚУЛЫҚ ЖАЙЛЫ

 

«Жүк көтергіш машиналар»  пәні  бейінді пәндер циклының элективті пәні болып табылады.

Пәннің мақсаты - студенттерге жүк көтеру, жүктеу және жүктен алу машиналарының тағайындалуы, құрылымы, пайдалану саласы, сонымен қатар оларды құрастырудың тиімділгі және қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру кезіндегі қажетті параметрлердің  өзара байланысы бойынша білім беру. 

«Жүк көтергіш машиналар» пәнінің басты міндеттері біліктілік сипаттамасына сәйкес аңықталады. Ол 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологилары» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер тиісті:

– жүк көтеру, жүктеу және жүктен алу машиналарының  қазіргі заманғы жағдайы, орындалып жатқан зерттеулер, даму перспективалары туралы түсінуге;

– жіктелуі, тағайындалуы, құрылымы мен пайдалану саласын білуге;

– негізгі жүк көтеру, жүктеу және жүктен алу машиналарын есептеу әдістемесінің негізгі ережелерін білуге;

– технологиялық мүмкіндіктері, қауіпсіз жұмыс талаптары мен пайдалану ереушеліктерін қолдана алуға;

– жүк көтеру, жүктеу және жүктен алу машиналарының  негізгі жобалау есептерін орындау және олардың әр түрлі техникалық шешімдерін талдауға дағдылануға;

– өнімділікті арттыру мәселелерін шешуге;

– пайдаланудың нақты талаптары мен технологиялық үрдістері үшін жүк көтеру, жүктеу және жүктен алу машиналар таңдауын жүргізуге;

практикалық  дағдыларға ие болуға:

– қойылған міндеттердің техникалық  шешімдерінде тиімді нұсқалар таңдауға.