9 – тақырып ЖКМ-ды жөндеу

 

Дәрістің жоспары:

-         Металлконструкцияларды жөндеу;

-         Орын ауыстыру механизмдерін жөндеу,

-         Гидравликалық құралдарды жөндеу.

 

Бұл машиналардың жинау бірліктерін жөндеудің ерекшелігі оларға қойылатын талаптармен және пайда болатын ақаулардың мінездемесімен анықталады. 

 

 

Металлконструкцияларды жөндеу

 

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында ЖКМ-дың металлконструкцияларын жөндеуге техникалық шарттар жасалған. Мысалы, порттық крандарға жөндеу технологиясы РТМ 212.0093-73 "Жүккөтеруші крандардың металл конструкцияларын жөндеуге нұсқауларымен" жіктелген.

Металл конструкцияларының жөндеу әдістері бар ақаулардың мінездемесімен анықталады. Металл конструкцияларының кеңістік қалыбының бұзылуы оның жеке элементтерінің бұзылып қалуларының нәтижесі болып табылады. Бұл ақауды жойғанда негіз арақашықтықтарының және беттесетін бөшектердің осьтерінің күйлерінің мұқият тексерісі өткізілуі керек.     Элементтер 0.01 мәнінен иілумен, коррозиялық бұзылулармен 50 % қиылыста, қауіпті жерлерде орналасқан екі не одан көп шаршау қауларымен алмастырылады. Прокат профиліндегі элементтер сөреге ауысатын ақаулар бар болған жағдайда алмастырылады. Решеткалық фермдердің, конвеерлердің рамаларындағы және т.б. элементтеріндегі ақаулар, үзілулер мен коррозиялық бұзылуларды ақауланған жерлерді және осы жерлерге дәнекерлеу арқылы түзетеді. 1 м ұзындыққа 10 мм дейін, яғни 0,01-ден аз, иілулері бар иілген элементтерді суық күйінде түзетеді не қыздыру арқылы.  Суық түзету беттер 258 үшін иілу радиусы аспайтын болса, сөрелердің  жазықтығындағы швеллерлер үшін 45Л, 25Л  двутаврлар үшін; бұрыштық профильдер үшін 25Л болған жағдайда рұқсат етіледі (мұндағы 5 – беттің қалыңдығы; А – профиль номері).  Иілудің кіші радиустарында ыстық күйінде 850 - 900 С0 температураға дейін қыздыру арқылы түзетуді қолданады. Кран конструкциялары элементтерінің деформациясын 00 С жоғары температурада суық тузету арқылы соққыларды пайдаланусыз статакалық күшті басып – қол және механикаландырылған домкраттармен, винттік струбциндермен, серіппелермен түзетеді.

Жөндеудің алдында күш жөнделініп жатқан металл конструкцияларынан түсірілуі керек; олардың демонтажын жасау керек және жөндеуді мамандырылған бөлімшелер мен учаскелерде өткізу керек. Жүккөтеруші-көлік машиналарының жүккөтергіштігі үлкен (арқан жолдары, порталды және кабель-крандар, көпірлі жүктеушілер және басқалары) кейбір түрлері үшін демонтаж уақыт және жұмыс ресурстарының үлкен шығындарымен байланысты, сондықтан осы машиналардың апарушы метелл конструкцияларының жөндеуін олардан салмақты түсірмей орындайды. Бұл жағдайларда ақаулы элементтерді алмастыру есептеумен тексерілуі керек, ал жұмыстарды орындауда геометриялық конструкцияның өзгеріссіздігін қамтамасыз ететін және алмастырылатын элеметтің орнына салмақты қабылдайтын (винттік струбциндер, айырмалар, салмақшылар) құралдарды қолдану керек.  

Дәнекерлеудің барлық түрлерімен ақауларды дәнекерлеу технологиясы мынадай: ақауды оның пайда болған жеріне қарай тістемемен, крейцмейселмен не шлифтаушы машиналардың көмегімен жасайды. Жасап шығарған ақау шетінен 15 - 25 мм шығып тұрув керек. Жасап шығарманың аяқтарына ақаудың әрі қарай дамуын ескерту үшін диаметрі 6 - 8 мм тесіктерді бұрғылайды, мүнда бұл ақауларды дәнекерлемейді.

Негіз тақташалардағы және конструкция элементеріндегі болттық бекітулердегі жасалып шығарылған тесіктер номиналдыдан 3 мм аспайтын жөндеу өлшеміне бұру арқылы қалпына келтіреді не бастапқы өлшемді периметрі бойынша дәнекерлеумен втулканың орнатылуы және кейін өндеумен қалпына келтіреді.

 

 

Орын ауыстыру механизмдерін жөндеу

 

 Жүккөтеруші және көлік машиналарының орын ауыстыру механизмдерінің приводтарының түрлерінің әр алуандығымен олардың көбісі келесі конструкциялық элементтерді құрайды: қозғалтқыш, трансмиссия,  жүру бөліктері мен тежегішті. Бұл элементтер жөндеу технологиясы ертерек қарастырылған типті бөлшектер мен түйіндерден жиналады. Іштен жану қозғалтқышының және электр қозғалтқыштарын жөндеуге байланысты сұрақтар арнайы курстарда оқылады.

 

 

Гидравликалық құралдарды жөндеу

 

 Жүккөтеруші крандардың орын ауыстыру және бұрылу, көтеру және жебенің ұшуын өзгерту жетектерінде құрамына қозғалтқыштар, насостар, цилиндрлер, басқару клапандары мен арматура кіретін ең үлкен қолданысқа ие болған гидравликалық құралдар болып табылады. Жүккөтеруші машиналардың гидравликалық құралын жөндеу реті жетекші техникалық материалдармен  (ЖТМ) және шығарушы зауыт техникалық шарттарымен (ТШ) орнатылады. Ол механикалық құралды жөндеуге қабылданған типті сұлбадан кішкене ерекшеленеді. Жөндеуге түскен машиналардың гидроқұралдарының демонтажын гидроагрегаттардың техникалық күйін анықтау үшін қабылдау кезінде орындалатын диагностикалық тексерістен кейін демонтажын жасайды. Бұл осы процесс кезінде болатын қосылыстардың герметикалығы мен біріктірілген бөлшектердің жасандысы бұзылатын негізсіз агрегаттар мен түйіндерді жіктеудан арылтады.