8 – тақырып ЖКМ эксплуатациясы

 

Машиналардың эксплуатациясы түсінігі өндірістік пайдалану бойынша ұйымдастырулық іс-шаралар мен өнімділікті арттыру бойынша жұмыстар – өндірістік эксплуатация, сонымен қатар, машиналардың жұмыс қабілеттілігін қолдау үшін және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет ету, қарау – техникалық эксплуатацияны құрайды. 

Толық пайдалану мерзіміне дейін ЖКМ-ның түзетуге болатын жағдайын қамтамасыз ету кез келген кәсіпорынның қалыпты жұмысы үшін үлкен маңызға ие.  Дұрыс эксплуатациядан, бірінші кезекте машиналардың көп түріне пайдалану мерзімі кезінде бірнеше есе машинаның құнынан асатын техникалық қызмет ету мен жөндеу шығындары байланысты. Мысалы, бірінші толық жөндеуге дейінгі автожүктегіштің эксплуатациясының қосынды құны оның бастыпқы құнынан 4-5 есе асады.

Техникалық эксплуатацияның құраушы бөліктері:

1)                   Машиналарды сақтау. Машиналарды ауысым арасындағы үзілістерде күтім керек және сақтау. Ол машинаның сыртқы күтімі бойынша жұмыстардың орындалуын қарастырады және жаңа ауысым келгенде машинаның қалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді, әсіресе, ашық алаңдарда төмен температураларда пайдаланылатын ауысымаралық сақтауды.

2)                    Машиналардың эксплуатациясы. Эксплуатация кезінде машина жасаушы зауыттың не машинаны жөндеуші ұйымның кесірінен пайда болатын ақаулардың салдарынан машинада сынып қалулар мен істен шығулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда жоғарыда аталған кәсіпорындар машинаны қалпына келтіруге міндетті. Эксплуатациялаушы ұйым ЖКМ машиналардың дұрыс сақталынуын, өндеу ережелерінің, монтаж бен ЖКМ техникалық қызмет етудің сақталынуын қарау керек. Куәліктік күштемеден асатын салмақта пайдаланбау, ЖКМ-ға периодты түрде көрсетулерді өткізу.

Жебелі өздігінен жүретін кранның мысалында ЖКМ текмерудің тізбегін қарастырайық. Тексеру эксплуатациялық-техникалық құжатармен және кранмен жұмыс істеудің шарттарымен танысудан басаталады. Кранды қарайды және оның техникалық күйін тексереді, солнымен қатар, механизмдердің, арқандардың, электрқұрылғыларының, қауіпсіздіқ құралдары мен металл конструкцияларын да. Қауіпсіздік құралдарының жұмысын кранның пайдалану  нұсқаулығымен сәйкес келесі тізбек бойынша тексеруін орындайды: креномер, ілмектің жоғары не төмен биіктікке көтерілуін шарттаушы, кранның бұрылысын шарттаушы, жүккөтерімді шарттаушы және басқа құралдар. Кранды тексерудің кезінде сынып қалуларға, деформацияларға, басқа да ақуларға есеп жүргізулер ұйымдастырылуы керек. Жұмыс кезінде майлаулардың және басқа сұйықтықтардың ағып кетуіне байланысты  нығыздаулардың сапасын тексереді, сонымен қатар, резьбалық қосылыстарға тексерулер, бақылаушы тартулар жүргізіледі. Бөлшектердің ұсталынуын тексереді, қалыптармен орнатылған мәндерден аспауы керек, кері болған жағдайда, машинаны әрі қарай апйдалануға жол берілмейді. Жеке электрқозғалтқыштың және тежегіш құралдарының  жөндеуге келетіндігін тексереді.  

Өндірістік эксплуатацияның негізгі мақсаттары ЖКМ-дың рационалды пайдаланылуы мен машиналардың қуаты және уақыты бойынша толығымен қолданумен іске асатын олардың өніміділігін арттыру болып табылады. Таңдау зерттеулерінің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарда пайдаланып жүрген 466 көпір крандарының 17% ғана массасы 20% номиналды жүккөтерімнен аспайтын жүкті өңдеумен айналысады, ал олардың жартысы жүккөтерімі бойынша 60%-дан азы қолданылады. Көп жағдайларда машиналарды уақыты бойынша пайдалану көрсеткіші төмен, сондықтан уақыты және қуаты бойынша толығырақ пайдаланылатын машиналардың паркін комплектілеу керек.

Дұрыс өнімділік және техникалық эксплуатация мәнді қосымша шығындарсыз машинаның қызмет ету мерзімінің артуына септігін тигізеді. Бұл үлкен маңызға ие, өйткені қазіргі уақытта біздің республикамыздың территориясында ЖКМ-дың кейбір түрлеріне деген қажеттілік толығымен қаматамасыздандырылмаған.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ, ЖКМ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ.

ЖКМ-дың жөнге келетіндігін бақылаудың және қауіпсіз жұмысының ережелерін сақтаудың бір қалыбы мемлекеттік және жергілікті техникалық бақылау болып табылады. Техникалық бақылау бойынша іс-шаралар құрал ережелерімен және ЖКМ-дың қауіпсіз пайдаланумен келісілген. Оларға мыналарды жатқызады: тіркеуді; жұмысқа қосуға рұқсат алуды; периодты техникалық куәландырулар; ЖКМ-ын басқаруды ұйымдастыруын, олардың күйі мен жұмыстарды жүргізудің әдістерін бақылау.  

Жүккөтеруші машиналар жұмысқа жіберілмейді:

- Оларды куәландырғанға дейін;

- Кезекті техникалық куәландырудың мерзімі өткеннен кейін;

- металлконструкцияларынның жауапты жерлеінде ақулардың болған кезде; 

- ілмектің, арқанның, шынжырдың пайдаланудан шыққанда;

- көтеру механизмдерің не жебенің ұшының өзгерісі және механизмдердің жұмысының шарттаушыларының жөнге келмейтіндігінде.

Шығарушы зауыттың көрсеткен мәнінен ( -20 – 250С) кем қоршаған орта температурасында кранның жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

Жүккөтеруші машиналармен жұмыстар жүргенде краншы ЖКМ қауіпсіз пайдалану және құралдарының ережелеріне сәйкес міндетті:

- стропылаушының белгісі бойынша ғана кранмен жұмыс істеуге;

- жүккөтергіштің көрсетулері бойынша әрбір жебе үшін кранның жүккөтергіштігін анықтауды;

- жұмыс аумағында адамдардың болмпған кезінде ғана кранға жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

- жүкті көтергенде ілмектің обоймысы мен жебедегі блоктар арасындағы қашықтық 0,5м-ден кем болмауы керек; 

- жүкті көтергенде массасы максимал жүккөтерімнің мәніне жақын болғанда жебенің берілген ұшуы үшін 200-300мм биіктікке көтеру арқылы орындалады, кранның тұрақтылығы мен тежегіштердің қалыптылығына көз жеткізіп, содан кейін ғана жүкті керекті биіктікке көтеру керек,

- массасы 500 кг асатын нақты массасы туралы нұсқаулар мен белгілеулер болмаған  темірбетон және бетон бұйымдарын көтеруге жол берілмейді.

Ең жиі кездесетін КТМ-ның жөндеуге келмейтіндерге жатады:

- үйкелетін бөлшектердің беті;

- түйіндердің бекітілуінің босауы;

- біліктердің осьтерінің келмеуі;

- майдың ағуы;

- блоктардың сынуы;

- тежегіштердің дүрыс емес қалыптандырылу;

- кранның электрқұрылғысының, гидрожүйесінің зақымдалуы.

Жебелік өздігінен жұретін крандардың анализі көрсеткендей, жөнсіздіктер жүкті көтерген кездегі бөлшектердің жүктелуі, біріктірулердің бекітілуінің босауы нәтижесінде болатындығын көрсетеді. Мұнаралы крандардың қарсы көрсетулерінің санының ең үлкені жүкті көтеру, жебені кһтері, қозғалу және бұрылу механизмдерінің жүмысы кезінде болады, өйткені бұл механизмдер мәнді динамикалық, вибрациялық, соғулық күштермен сыналады.  

Басқа жүккөтеруші машиналармен салыстырғанда көпірлі және козелді крандар жоғарырақ сенімділікке ие. Бөлшектер механизмінің негізгі топтарының жқнсізідіктерін қарастырайық (тісті берілістер, біліктердің, осьтердің, тежегішті дабылдары мен шкивтерін, жүру доңғалақтарын). Таңба ауысатын күштердің әсерінің, және де майжағулардың жетіспеушілігінің салдарынан осы кранның тісіт берілісті механизмдері тез істен шығады. Ерекше назарды негізгі мақсаты жүккөтеруші машиналардың авариялық жағдайсыз жүмыс істеуіне жағдайлар жасау болып табылатын қауіпсіздік құралдарына бөлу керек. Қауіпсіздік құралдары жұмыс істеу қағидасы, конструкциялық орындалуы және тағайындалуы бойынша 6 топқа бөлуге болады:

1)                               жүккөтерімді көрсетушілер (жебенің ұшуын ескере кранның жүккөтергіштігін анықтайды және кранның көлбеулігін көрсететін көрсетушілер – креномерлер);

2)                               сөндіру құралдары мен блоктаушылар (соңдаушы сөндірулер);

3)                               жүкті көтерген және тасымалдаған кезде кранды қауіпті салмақтан және желдің жебеге әсерінен сақтайтын жүккөтерімді шектеушілер; 

4)                               желдің күшін және жылдамдығын, кранды алып кетуді не рұқсат етілетін жылдамдықтың мәнінен асқан жағдайда дыбыстарды беретін не кранның  сөніп қалуын анықтайтын  анемометрлер;

5)                               қауіпті кернеудің белгі берушілері (элекртберушілерінің жанына кранның жебесінің жақындаған кезде хабарлау белгісін береді).

6) сақтандыру кұрылғысы, тіректер және буферлер