7 – тақырып ЖКМ-ды монтаждау

 

Монтаж деген оны жинау, жұмыс қалыбына орнату, сонымен қатар ауданды және пайдалануға тапсыру бойынша  машинаны пайдалану орнында орындалатын жұмыстар жинағы.

ЖКМ-ның тек жеке түрлері (қол және электр жүккөтергіштер, жүктиегіштер және т.б.)  ғана кіші өлшемдері мен шағын конструкциясына қатысты жұмыс орнына жиналған күйде келеді және оларды пайдалануға енгізу монтаждық жұмыстарды қажет етпейді. Бірақ көптеген КТМ үлкен масса мен өлшемдерге ие және дайындаушы зауыттың шарттарына сәйкес оларды бөлшектелген күйде алып келеді, кейбіреулерін жұмыс орнында алғаш рет жинайды, оларды пайдалануға енгізу үшін монтажды жұмыстардың күрделі комплексін өткізу қажет.

 

 

 


Монтажды алаңды ұйымдастыру

 

Монтаждау ауданы ұғымына құрылыс объектісінде жұмыстың қалыпты өндірісін қамтамасыз ететін өндірістік және әкімшілік - тұрмыстық ғимараттар мен үймереттер кіреді.

 

 

Монтаждау алаңын дайындау

 

Құрылыс қалдықтарынан тазалаудан бастаймыз, негіздерді жобалау мен бекіту, топырақты тегістеу мен монтаждық ауданды салу, уақытша жолдармен, іргетастармен жабдықтайды.

Жабдықты монтажға дайындау.

Жабдықтарды жеткізу.

Жабдықты тасымалдау негізінен теміржол көлігімен жүргізіледі,  бірақ басқа да көлік түрлерімен жүргізілуі мүмкін.

Құрылыс объектісінде монтажға беруге дейін жабдықты алу, қалау және сақтау КТМ кіретін кәсіпорынның тапсырыс берушісінің міндетіне кіреді.

Жабдықты сақтау орындары 4-ке бөлінеді:

1.ашық алаңдар (үлкен өлшемді жабдықтар, металл конструкциялары);

2.жартылай жабық қоймалар (редукторлар, жүкшығырлар);

3.жабық жылыланбаған қоймалар (арқандар, электрқозғалтқыштар);

4.жабық жылытылған қоймалар (майлау, датчиктер).

Жабдықты қабылдау және  монтаж.

Монтаждау ұйымы монтаждау жұмыстары басталмас бұрын акты толтырумен тапсырыс берушіден жабдықты қабылдау керек.

Жабдықты монтажға дайындау – монтаждалатын жабдықты сызба мен құжатнаманың техникалық шарттарына сәйкестігін тексеру.

Бекітетін жинақтау – бірнеше элементтерді бір ірілендірген элементке біріктіру.

Жабдықты монтаждау зонасына жіберу теміржол көлігі мен трейлер арқылы жүргізіледі.

Жүктемелер тасымалданатын жүктердің массасы мен өлшемдерін, жүктемелі тягачтың қозғалысына кедергілердің қосындысын есепке ала отырып таңдалады.

F = g (mтfт + (mп + mо)fп ± (mт + mп +mо)fу)

mт ,mп ,mо – тягачтың, жүктеменің, жабдықтың массасы; fт , fп – тягач пен жүктеменің қозғалуына кедергілік коэффициенті; – еңіс коэффициенті; =1/100 еңістің әрбір пайызы үшін.

Орнынан қозғау үшін тарту күші: =1,5F.

Қозғалтқыштың көмегімен N (кВт) және жүктемелі тягачтың қозғалыс жылдамдығы v (км/сағ).

Тягачтың тарту күші : Fд = 3.67Nh/v

h = 0.85 –автомобильдің ПӘК-і

h = 0.8 – тракторлардың ПӘК-і

Тягачтың жолмен үйкелісі бойынша тарту күші тең: Fc = gлj, мұндағы – тягачтың тіркелетін массасы (автомобиль үшін = 0,5-0,6 тягачтың массасынан, трактор үшін mс = mт), j - жолдың жабындысымен үйкеліс коэффициенті.

 

 

Такелаждық  жабдықтау, монтаждық  құрылғы және жабдық

 

Арқандар. Оларды қолданылу ерекшеліктері. Жүк асатын арқандарды, тарту үшін, кернегіштерді дайындау үшін арқандарды таңдағанда оларды қолдануға ең аз шығын жұмсайтын жұмыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ету талаптарына сүйену қажет. КТМды монтаждауда алтытұлымды екікресті өрімді болат арқандар көп қолданылады. Сымдары линия бойынша жанасатын арқандар негізінен берік және тозуға төзімді болып табылады. Тұлымдарының сымдары нүктелі жанасатын арқандарды да қолдануға рұқсат етіледі.  Арқандарды таңдағанда органикалық өзекті арқандар жоғары бағаланады, яғни мұндай өзек арқанға иілгіштік қасиет береді және жүкті көтерудің басы мен аяғында жұмсақтандырады. Ең көп таралған арқандар – полипропиленді өзекті  – 400 С температурада қолданылатын арқандар.

Көптеген иілулерде сыналатын жүктік арқандар жоғары иілгіш және берік болуы керек (ЛК – РО 6*36+1 о.с., ТЛК 06*37+1 о.с.).

Көтеретін жүктерді орау үшін қолданылатын арқандар созылудан басқа көптеген иілулерге ұшырайды, сондықтан олар жоғары иілгіштікке ие болуы керек.

Монтаждау жұмыстарында көтеріліп бара жатқан жүктерге арқанды бекітудің әртүрлі әдістері қолданылады: түйіндер мен ілмектер пайда болады, бірақ болат арқандардың үзілуіне кедергілік 2 есе кемиді, сондықтан арқандардың бірбірімен немесе көтерілетін жүкпен жалғасуы қысқыштардың көмегімен жүзеге асырылады (сурет 7.1)

 

 

7.1 – сурет - Фрикционды қысқыш.

1 – арқан; 2 – пластина; 3 – сақина; 4 – коуш немесе ось; 5- түтіктің бөлігі; 6 – қысатын тақтайша; 7 – болттық  біріктіру.

 

 

Такелаждық құрылғылар

 

Көтерілп бара жатқан жүктерді жүккөтеру механизмінің ілмегіне немесе ілгегіне ілу үшін жүк асатын арқандар, ұстау құрылғылары, асқыштар және траверстер қолданылады.

Жүк асатын арқандар – бұл арқан немесе ілмекті шынжыр түріндегі жүкті көтеретін қарапайым құрылғы.

 

 

7.2 – сурет - Жүкті асатын арқандардың түрлері: а) әмбебап; б) жеңілденген; в) екітармақты шынжыр.

 

 

Траверстер мен ұстау құрылғылары

 

Үлкен өлшемді және ұзын жүктерді монтаждағанда арнайы қатты жүк асатын арқандарды – траверстерді қолданады.

 

 

7.3 – сурет - Траверстердің түрлері:

а) арқалықты; б) ұзындықты өзгертетін арқалықты; в) жүкті екі кранмен көтеруге арналған теңгергіш.

 

Металл арқалықтарды монтаждау үшін түптік, сына тәрізді және эксцентрикті ұстау құрылғылары қолданылады.

 

 

7.4 – сурет - Қыстырмалар:

а-түптік; б-эксцентрикті; в-сына тәрізді қыстырмамен стропылау сұлбасы

 

 

Қосымша механизмдер

 

Оларға алып кетуші (күш әрекетінің бағытын өзгертетін) және жүкті (күште ұтысы бар) болып бөлінетін блокты обоймалар жатады. Сонымен қатар, қосымша механизмдерге полиспастыларды, домкраттарды (гидравликалық, қолмен не электрлі приводы бар), тальдер (жүктердің тік бағытта 12 м-ге дейін орын ауыстыруы үшін), және лебедкалар.  

Такелажды жабдықты тексеру мен сынау.

Такелажды жабдықтың сенімділігіне адамдардың қауіпсіздігі мен монтаждалынушы құрылыстардың түгелдігі байланысты. От надежности такелажного оборудования зависит безопасность людей и сохранность монтируемых конструкции. Такелажды жабдықты қалыпты күйде қолдау келесі әрекеттердің жүйесімен қамтамасыздандырылады:

-техникалық куәландыру;

-пайдалану жерінде әрбір көтерудің алдында жұмыс күйінде сынау мен қарау;

-периодты қараулар мен сынаулар.

Техникалық куәландыру кезінде жабдықты өзінің номиналды жүккөтергіштігінен 25%-ке асатын күшпен сынайды.

Жұмыс күйінде сынау номиналды жүкті аласа биіктіктерге (200-300 мм.) көтеру мен оны 10 минут бойы шыдатудан тұрады. Мұнда строптарды қарайды , полиспасттардың, лебедкалардың, алып кетуші блоктардың, мачтылардың бекітілуінің сенімділігін  тексереді.

Такелажды жұмыстардың түрлері, құрылымы мен такелажды жұмыстарды орындау әдістері.

ЖКМ монтаждау кезінде такелажды жұмыстар жинау бірліктерін жүктеу мен жүктен босатудан, байлау мен бекітуден, стропылау мен стропысыздандыру, көлденең және тік орын ауыстыруларды контовкалаудан тұрады. 

Жүктеу мен жүктен босатуды әр түрлі машиналармен жүргізген дұрыс, олар болмаған кезде қосымша такелажды құралдарды (блоктар, полиспастылар, тальдар, лебедкалар және т.б.). пайдаланады. Осылайша, массасы бойынша үлкен емес жүктердің жүктенсіздендірілуін орындайды.

Жұмыстарды жеңілдендіру үшін арнайы аудандарды көлік құралының еден деңгейінде көкжиекке Ð15-20° кренмен.

Лақтырып тастау мен құралдың трап үстінде өзінше жеке сырғанауына жол берілмейді! Трап катоктармен қамтылған. Көлбеу жазықтықта жүктің орынауыстыруына керекті тарту күші (кН):

 

 

Арнайы мехпнизмдер мен ЖКМ бөлшектерін монтаждау

 

1. Тежеу құралдары.

Тежегішті орнатудың алдында жинаудың сапасы мен тежегіш шкивының өлшемдері, оның соғуы, сопақтығы мен конустылығы мәндерден аспауы керектігі тексеріледі.

Жұмыс сызбасымен бекітілген, колодкалардың шеңберінің центрінің радиалды орын ауыстыруы 0,3 мм-ден аспауы керек. Тежегіш шкивтер мен фрикционды қойдырманың арасындағы радиалды тесік барлық жайма бойынша бірдей болуы керек.

Жақсы қалыптандырылған тежегіште шкивтің бетіне қойдырмалардың жабысу ауданы   80-85%-дан кем болмауы керек.

 

2. Жүру доңғалақтары мен көпір жолдары.

Монтаж жерінде көпірді жинағаннан кейін кранның және арбаның жүру дөңғалақтарының жағдайының зауыттық қалыптандыруы бұзылуы мүмкін, сондықтан монтаж кезінде жүру доңғалақтарының жағдайын тексереді және қалыптандырады.

 

 

Көпірлі және козловой  крандарды монтаждау

 

Жүккөтеруші крандардың, жүк объектісі ретінде, басты ерекшелігі ауқымдылығы болып табылады. Оны кранды жасаудың барлық этаптарында, жобалаудан бастап монтаждаумен аяқтай отырып, ескереді.

Көпірлі крандардың монтажы.

Крандар монтажға жеке құраушы бөліктерге бөлінген болып келеді. Жүккөтергіштігі 5-тен 50 тоннаға дейін крандардың көпірлерін ауданшалардың жиынтығымен екі жартыкөпір түрінде не екі ұшпа және екі аяқтама балкалар түрінде әкеледі.

Жоба күйіне көтерудің әдістері.

Екі әдіс бар: 1) кейін кабинаның көтерілуімен төменде жиналған көпірді арбамен көтеру; 2) кейін арба мен кабинаны көтерумен екі жартыкөпірлерге жіктелген көпірді көтеру. 

Төменде жиналған көпірді арбамен көтеру үшін әрқашанда жебелік монтажды кранды қолдануға болмайды, өйткені көпірдің ені оны жебенің астына орнатуға жол бермейді. Мачтының көмегімен көтеру кезінде (сур.1 қара) не  мачтысыз құрау конструкцияларының және монтажды балкалардың көмегімен көтеруде бұл қиындық болмайды, бірақ монтаждың еңбектілігі60 – 90% артады, сонымен қатар құрау конструкцияларын пайдалану барлық жағдайда мүмкін емес.  

 

 

7.5 – сурет - Көпірді көлбеу күйінде “балық” әдісімен көтерудің сұлбасы: а) монтажды мачтымен; б) екі монтажды балкалармен;

1-алып кетуші блок; 2-мачты; 3-полиспаст; 4-көтеруші лебедка; 5-көпірді ығыстырушы лебедка; 6-айырма; 7-монтажды балка.

 

 

Козловой крандардың монтажы

 

Козловой крандарды монтаждаудың келесі сұлбалары бар:

- тіректер мен көпірдің элементтерін жебелі кранның көмегімен көтеру;

- тіректерді тарту әдісімен алдын-ала тіректердің көпірлерге қосылған көпірді көтеру (сур. 7.6а);

- көпірді бір не екі мачтымен көтеру (сур. 7.6б).

 

 

7.6 – сурет - Козловой кранды монтаждаудың сұлбасы

1 – кранның тірегінің орнатпасы; 2 – көпір; 3 – арба (монтажды); 4 – мачталар.

 

Көпірлі және козелді крандардың техникалық құжаттарын қоюда оған кран рельс жолдарының рельстерін жатқызумен ағаш негізді жартышпалдарға негізді орнату бойынша  нұсқауларды кіргізеді. Кран жолдарының негізгі элементтері төменгі және жоғарғы құрылымдар болып табылады. 

Төменгі құрылымдар – жер жамылғысы және суағызушы каналдар. Балластылы призмалардың орнатуымен жер жамылғысының енін  кран жолдары үшін 2400мм-ден кем қабылдамайды.

Жолдың жоғарғы құрылымы – балластылы қабат, тіректі элементтер, рельстер және рельстті бекітулер, бітеулі күштемелер және жерге жақындастыру элементтері. 

Жер жамылғысының дайындау ауданшасына баллстыны биіктігі 1650 мм және қалыңдығы 300 мм етіп шпалдардың табанына дейін призма түрінде себеді. Призманың бүйір жақтарын 1/1,5 – 1/5 көлбеулігімен орындайды. Жазылған баллстылы қабатты тегістейді және катоктармен нығыздайды. Балласт қабатына ұзындығы 1350 мм шпалдарды қояды. Кран жолдарын қою балласт қабатына 500 ± 50 мм қадамымен шпалдарды қояды. Рельстерді бекіткеннен кейін оларды балластымен нығыз қағылған рельстердің 2/3 биіктігіне дейін себеді.

Рельстерді қоюда келесі шарттар мен рұксат етулерді ұстайды: рельстар арасындағы тесік 1,5 мм – 100 С; рельстердің алдарының биіктік бойынша жылжуы 1мм-ден аспауы керек; жолдың серпімді деформациясы 23мм-ден аспауы керек; кран рельстерінің соңына  бітеулі күштеулерді  орнатады және міндетті түрде кран асты жолдарына жерге жақындастырады.

 

 

Құрылыс мұнара крандарын монтаждау

 

Монтаждау мен демонтаждау тәсілдері.

Құрылыс мұнара крандары көп реттен қызмет ету мерзімінде әр түрлі объектілерде қолданылады. Осыған байланысты монтаждау әдістері олардың құрылыста тиімді қолдануына және құрастырылып көтерілетін объектілердің құнына үлкен әсер етеді. Крандардың жинау бірліктеріне жіктеудің көптігі демонтаж кезінде және келесі монтаж кезіндегі жинау ақаулар мен мерзімінен бұрын тозуға, біріккен жинау бірліктерінің істен шығуына әкеледі. Монтаждауға кететін уақыт шығыны ұлғаяды, жұмысқа деген сенімділік пен кранның ұзақмерзімділігі де азаяды.

Өндірісте шығарылатын мұнаралық крандарды шартты түрде екі түрге бөледі: мобильді және мобильді емес.

Мобильді крандарды монтаждаудың ерекшелітері.

Ірілендірілген жинау бірліктеріне минималды түрде жіктейтін демонтаж жасайтын мұнарасы бұралатын крандар шартты түрде ''мобильді'' крандарға жатқызады. Мұндай крандар бір объектіден екіншісіне мұнара және жебемен тасымалдайды. Жүк және жебелі арқандарды, соныме қатар электқұрылғыларын демонтаждамайды. Мұнарасы бұрылатын крандардың монтажының келесі түрлері кең таралған: ''өзіне қарай'' және ''өзінен әрі'' күйлері. ''Өзінен әрі'' күйінде тасымалдайтын крандардың мұнарасы жебемен бірге және жебеге қарай түсірілген.

Мобильді емес – бұл демеонтажы және тасымалдауы ірілендірілген түйіндермен орындалатын мұнарасы бұтылмайтын крандар. Мұнарасы бұрылмайтын крандардың монтажының келесі түрлері қолданылады: 1) монтаждалынып жатқан краннның жұмыс жебесімен; 2) монтажды жебе арқылы; 3) берілетін жебе арқылы.

Кран құрылыс аланыны жеткізілгенде оған келесі дайындау жұмыстарын өткізеді:

- кран жолын дайындайды, көтерілетін ғимаратың ұзындығымен рельстерді толықмерлі шпалдарға қояды, жолдарды салуда кранның шығып тұратын бөліктері мен оқшауланатын ғимарат конструкциялары арасында ең қауіпсіз арақашықтықты қаматамасыз етеді;

- кранды орнатқан жерге электэнергиясын әкеледі және кран жолына жерлендіру жасайды;

- қажетті монтажды такелажды құралдар мен саймандарды дайындайды;

- кран жолдарына монтаждалатын кранның кірстерін дайындайды.

Алдында демонтаждалған кранды әкелінетін арбамен тартушыға қойылған монтаж аланыңа қояды. Монтаж алаңының өлшемдеріне байланысты крандардың кран жолына қойылуы екі әдіспен орындалады: тартушының кран жолдарына параллель жүргенде және кранның кран жолдарының алдына берілгенде.

 

 

7.7 - сурет - Мұнаралы кранды жолға қоюдың сұлбасы:1 – тягач; 2 – монтаждалушы кран; 3 – теуіп келуші арба.

 

Бұралушы мұнаралы крандардың монтаждау.

Жолдардың алдыңғы жағында орын жеткілікті болған жағдайда краннның қойылуын көлік құралының алдын-ала көлденең осі кран жолының осімен сәйкес келетіндей артқа жүруімен орындауға болады, бұл жағдайда тартушының кран жаймасына қойылуы міндетті емес.

Монтаж жұмыстарын жүргізуде автомобиль жүрісіндегі монтажды кран, монтаждалатын кранның жебелік және жүк лебедкалары қолданылады. Монтаж алдында жебелік полиспастысының арқанын жүк лебедкасының дабылына қорға қояды, ал жүк арқанын – жебелік лебедкасының дабылына.

 

 

7.8 – сурет - Мұнаралы кранның өзіне қарай күйі арқылы монтаждау тізбегі: 1-әкелінетін арба, 2-монтажды орнатпа, 3-подкостар, 4- жебелік полиспаст,- 5- айырмалар, 6- ілмек, 7-мұнара, 8-монтажды подкостар,9- шар қалыпты шарнир,10-флюгерлер,11-клиндер, 12-жүк лебедкасы,13-жебелік лебедка.