6 – тақырып ЖКМ-ын пайдаланудың жалпы сұрақтары

 

ЖКМ-ын пайдалану облысындағы инженердің негізгі міндеті – бұл жүккөтеру машиналарының сенімділігін жоғарылату, оларды жинақтауға, пайдалануға және жөндеуге қатысты жақсарту технологияларын құру мен ендіру міндеттерін шеше алуы қажет.

ЖКМ-ды пайдалану – бұл ең аз шығындарда ең үлкен өнімділікке жету үшін көтеру тасымалдау жұмыстарын механикаландыру құрылғыларын мақсатты түрде пайдалану процесі. Бұл негізгі шарттар пайдалануда ұтымды және олар қамтамасыз етілуі керек: нақты жұмыстарды орындағанда машиналар мен жабдықтарды мақсатты түрде таңдаумен, машинаның жұмыс өндірісінің рационалды схемасын таңдаумен және машина жүргізушінің шеберлігі.

Тәртіптің курсы ЖКМ-ның сенімділігі сұрақтарымен толық түрде танысуға мүмкіндік береді, машинаның сенімділігін ұстап тұру жолының бірі машинаны жобалау мен дайындау процесінде жатыр, бұл жинақтау, тіркеу, техникалық куәландыру, бақылау мен қызмет көрсету, сонымен қатар пайдалану процесінде жүзеге асырылатын жұмыс өндірісі мен жөндеу  бойынша жұмыстардың технологиясын анық ұйымдастыру және бақылау.

Тәртіптің міндеттері ЖКМ-ның пайдалану қасиеттерін максималды қолдану, сақтау және қалпына келтіру әдістері туралы білім жинақтау болып табылады. ЖКМ-ды максималды қолдану көбінесе олардың конструкцияларынан (яғни конструкцияның бөлшектерінің сапасынан және монтаждың сапасынан) тәуелді. Жоғарысапалы конструкциясы бар машина пайдалануда ұзақ уақыт болады және қажет етілетін жұмыс көлемін берілген уақытта тоқтамай орындайды. Конструкция сапасының комплексті көрсеткіші ретінде сапаның интегралды көрсеткіші қабылданады.

ЖКМ-ның негізгі көрсеткіштері сенімділік, тоқтаусыздық, жүккөтерімділік, жүкті көтеру биіктігі мен түсіру тереңдігі, энергиясыйымдылығы, материалсыйымдылығы, технологиялық, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі мен шығынға жазуға дейінгі қор болып табылады. ЖКМ-ның сенімділігінің жоғарғы деңгейіне жету үшін техника жобаға, техникалық шарттарға, мемлекеттік стандартқа және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қатаң түрде дайындалуы қажет. Материалдарды жоба талаптарын сай келмейтіндей дайындау, технологияны бұзу, технологиялық операцияларды, термоөңдеуді, дәнекерлеуді орындамау машинаның сенімділігінің деңгейін төмендетеді, сол себепті оның пайдалану көрсеткіштері төмендеуі мүмкін, ауыр ақырына алып келетін апаттардың болуы мүмкін. 

 

 

Пайдаланудың жалпы сұрақтары

 

Машинаға тұтынушыға жеткізілгеннен кейін ол оның сақталуына жауап береді. Үш ай немесе одан көп сақталғаннан кейін машина арнайы ережелерді орындаумен ұзақ консервациядан өткізілуі керек. Ол кезекті техникалық қызмет көрсетуден өтуі керек және толық жұмыс жасайтын қалыпта болуы керек. Резина мен тері бұйымдарын шешіп алып 100 С  температурада сақтайды. Электржабдықтарын, аккумуляторлар мен құралдарды босатып алып, оларды жабық бөлмелерде сақтайды. Рессоры бар ілінетін дөңгелекті машиналарды тіреуге орнатады да, жұмыс сұйықтықтарын құйып алады.

Машинаны ашық ауада сақтағанда консервацияның жағдайын үш ай сайын тексеріп отырады. Машинаны бір жыл сақтағаннан кейін оны бос жүрісте сынап көреді. Төмен температураларда (- 200 С) машинаның майларын құйып алады. Машинаны ашық ауада сақтағанда оны брезентпен жабады, ал үлкен өлшемдерде күштік құрылғы мен трансмиссияның ашық бөліктерін жабады.

 

 

Пайдалануға енгізу

 

Дайындау мен жөндеуден кейін жиналған күйде түскен машинаны пайдалануға келесі түрде енгізеді: машинаның, сыртқы түйіндердің  техникалық күйін тексереді, содан кейін бос жүрісте сынақтан өткізеді және дайындаушы зауытпен немесе жөндейтін кәсіпорынмен бекітілген режим бойынша жүктемеде сынап көреді.

Крандар мен басқа машиналарды Гостехнадзордың бақылауымен тіркеуден өткізеді, осы органдарда автомобильді шассидегі крандарда және жол полициясының органдарында тіркеледі.

Пайдалануға дайындаушы зауытпен жинақталған техникалық түзетілетін жабдықты ғана енгізеді. Пайдаланудың құжатнамалары (ГОСТ 2601) осы  ГОСТ-та көрсетілген құжаттардан тұрады.