4 – тақырып Жебелі крандардың орнықтылығы (жүктік және өзіндік)

 

Крандарды орнықтылыққа тексеруді жүкпен (жүктік орнықтылық)   және жүксіз (өзіндік орнықтылық) жұмыс жағдайына жүргізеді.

Осыған байланысты орнықтылық екі коэффициентпен сипатталады: жүктік орнықтылық коэффициентімен және өзіндік орнықтылық коэффициентімен.

Кранның орнықтылығын жебенің кран қозғалысын бойлай немесе көлденең орналасуында да қамтамасыз ету қажет. Бірақ жебелі крандарда ереже бойынша колея базадан кіші, сондықтан қауіпті және есептік жағдай болып жебенің кранның қозғалысына көлденең орналасуы табылады. Жебелі крандардың жүктік және өзіндік орнықтылығын анықтау еңістің 30 –тан кем емес бұрышында жүргізіледі.  Гостехнадзордың ережелеріне сәйкес жүктік орнықтылық кранның үш жағдайына есептеледі:

– кран ең үлкен жіберілетін еңісте жұмыс істейді, кранның қозғалысы еңіске көлденең болады, жебе еңіс жаққа бағытталған. Қосымша жүктемелер (желдік, инерциялық) есепке алынады. Жүктік орнықтылық коэффициенті  1,15-ке тең;

– кран көлденең ауданда жұмыс істейді. Жүктік орнықтылық коэффициенті  1,4-ке тең. Қосымша күштер есепке алынбайды;

– кран ең үлкен еңістің бағытына 450 –пен бағытталған жебенің ұшуымен жіберілетін еңісте жұмыс істейді.  Қосымша күштер есепке алынады. Жүктік орнықтылық коэффициенті  1,15-тен кем емес.

Есептеу схемасы  4.1суретте көрсетілген.

 

 

4.1 – сурет - Бірінші есептеу жағдайы үшін жебелі кранның орнықтылығын анықтау схемасы

 

Жүктік орнықтылық коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

 

 

,

(4.1)

 

 

 

 

 

 

мұндағы M – аударылу қабырғасына қатысты кранның ауырлық күшінің моменті;

Мж – аударылу қабырғасына қатысты желдік жүктеменің моменті;

Мин – аударылу қабырғасына қатысты инерция күштерінің моменті;

Екінші есептеу жағдайына жүктік орнықтылықтың коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

 

 

,

(4.2)

 

Үшінші жағдайға арналған кранның орнықтылығы бірінші есептік жағдайдағы сияқты анықталады. Кранның 450 бұрышқа бұрылуы аударылу қабырғасына қатысты күштердің әсер ету иығының өзгеруіне алып келеді, ал қалғанында есептеу қайталанады.

Өзіндік орнықтылықты тексергенде кранды келесі қалыпқа келтіреді: қозғалыс еңіске көлденең, противовес еңіс жаққа бағытталады, жебенің ұшуы ең кіші, жүк болмайды (сурет 4.2).

 

 

4.2 – сурет - Өзіндік орнықтылықты анықтауға арналған есептеу схемасы

 

Өзіндік орнықтылық коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

 

 

,

(4.3)