1 – тақырып ЖКМ-ның жіктелуі. ЖКМ-ді қауіпсіз пайдаланудың техникалық бақылау жүйесі

 

Дәріс жоспары:

– машиналар мен механизмдердің негізгі топтарын анықтау;

– жүк көтеру машиналарының жіктелуі;

– тасымалдайтын машиналардың жіктелуі;

– тиеу-түсіру машиналарының жіктелуі;

жүккөтеру машиналарын қауіпсіз пайдалануды техникалық бақылау жүйесі.

 

 

Машиналар мен механизмдердің негізгі топтарын анықтау

 

Жүккөтеру машиналары – бұл циклден циклге өзгеріп отыратын өз бетімен кеңістікті жолмен даналы және сирек сусымалы жүктерді циклді тасымалдайтын машиналар. 

Тасымалдаушы машиналар массалы әсіресе сусымалы жүктерді анықталған жолмен үздіксіз ағынмен тасымалдауға арналған.  

Тиеу-түсіру машиналары сусымалы материалдар мен жеке жүктердің үлкен көлемін тасымалдаушы құрылғыға тиейді және оларды тасымалдаушы құрылғыдан түсіруді жүзеге асырады. (мысалы: табанды қаржинағыш).

КТМ-ның жалпы классификациясы 1.1 суретте көрсетілген.

Жүккөтеру машиналары жұмыс істейтін қызметкерге қауіпті болғандықтан олар өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылайтын Гостехнадзор ережелеріне толық сәйкес пайдаланылады.

Гостехнадзордың негізгі функциялары:

– жұмыстар мен қызмет көрсетулердің қауіпсіз жүргізілуін бақылау;

– жүккөтеру машиналарын тіркеу және пайдалануға рұқсат беру  ;

– техникалық куәландыру;

– крандарды дайындау мен жөндеуге рұқсат беру;

– жоспарлы-ескерту және капиталды жөндеудің техникалық қызмет көрсетулерінің мерзімінің орындалуын бақылау.