«

»

Jul 11 2018

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

Кітапханаға «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» қоғамдық қорының үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (азаматтық қоғамның көзқарасы) баяндамасы алынды.

«TRANSPARENCY KAZAKHSTAN»  қоғамдық қоры – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.

Жеке тұлғалардың, бизнес пен мемлекеттік қызметкерлердің қолдауымен «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN»  үкіметтің және қоғамның ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлықты төмендетеді.

«TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» қызметінің ерекшелігі – Қазақстанда қолданылатын құралдар мен әдістерді бейімдеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарына басымдылық бағыты, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу, технологиялар мен ресурстарды игеру.

Баяндама мәтінімен кітапхананың электронды оқу залында таныса аласыздар ( бас оқу ғимараты, 254 ауд.)

Permanent link to this article: http://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-64/