«

»

Mar 02 2020

Print this Post

Құрметті оқырмандар!

2020 жылдың 17 – 21 ақпан аралығында кітапхананың электронды оқу залында (бас корпус, 254 ауд.) Ақпарат күндері өтті. Қатысушылардың назарына ғылымның, жоғары білімнің өзекті мәселелері және мамандыққа байланысты қызуғушылық тудыратын жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Ақпарат күндері шеңберінде екі семинар-тренинг өткізілді.
«Студент кеңесшісі» ЭКЖ-нің жұмысы туралы семинарды «ПОЛИТЕХРЕСУРС» ЖШҚ бас директоры Молчанов Антон Викторович өткізді. Семинар мақсаты: «Студент кеңесшісі» ЭКЖ-нің жұмысымен қолданушылар мен ЖОО оқытушыларын таныстыру. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.
«Aknurpress» сандық кітапханасының жұмысы туралы семинарды Aknurpress өкілі өткізді. Семинар мақсаты: сандық кітапхананың жұмысымен қолданушыларды таныстыру және оны ЖОО орынының оқытушылары мен кітапхананың жұмысында қолдану болды.

IMG_20200218_151023IMG_20200218_151006IMG_20200218_152814

Permanent link to this article: http://lib.kstu.kz/kz/rmetti-o-yrmandar-109/