«

»

Июн 01 2021

Распечатать Запись

Қазақстан Республикасының рәміздері — Символы Республики Казахстан

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

333

1

Тәулсіздік нышандары. Символы независимости : научное издание / Б. Г. Аяган [и др.] ; М-во образования и науки РК, Институт истории государства. — Алматы : Раритет, 2011. — 260 б. — (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл).

Сіздердің назарыңызға ұсынылып отырған кітап тәуелсіз Қазақстан нышандарын кешенді түрде бейнелейді. Кітаптың жаңалығы мен ерекшелігі сол – Мемлекеттік рәміздермен қатар Тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін республиканың елеулі табыстары мен брендтері берілген. Кітапты Мемлекет тарихы институтының авторлық ұжымы дайындаған.

2

Шаймерден Е. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Государственные символы Республики Казахстан. Алматы: «Өлке», 2002, 160 бет.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман- аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Ал ұлттық зердемізге, ой-санамызға бойтүмар болар рәміздердің мән-мағынасын жақсы білу баршамыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың парызы. Кітап көпшілік қауымға арналады.

56

Шаймерденұлы, Е.  Елтану әліппесі: Қазақ елінің рәміздері: оқу құралы / Е. Шаймерденұлы. — Алматы : Рауан, 1998. — 158 бет.

Автордың осыдан бес жыл бұрын 1993 жылы «Қазақ елінің рәміздері» деген атпен шыққан кітабы рәмізтану саласында елімізде жарық көрген тұңғыш арнаулы зерттеу болатын. Ғылыми жұртшылық жылы қабылдаған еңбек содан бері тарих, саясаттану және мәдениеттану тақырыптары бойынша қорғалған бірқатар докторлық және кандидаттық диссертацияларда, қазақ, орыс тілдеріндегі ғылыми-әдістемелік және тарихи-публицистикалық кітаптар мен мақалаларда кең ғылыми айналымға түсті. Сондай-ақ ол жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, мектептерде оқу құралы ретінде пайдаланылып келеді.

Қазақты алғышқы рәмізтанушысының қайта қаралып, жан-жақты толықтырылған бұл жаңа кітабы алуан турлі оқу орындарына арналған бағалы оқу құралы ретінде көпшілік сұранымына орай шығарылып отыр. Кітапта пайдаланылған суреттер мен слайдтер автордың жеке мұрағатынан алынды.

5

Ерофеева, И. В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время): научное издание / И. В. Ерофеева ;отв. ред. Т. И. Султанов. — Алматы : ИД Аркаим, 2001. — 152 с. : ил

Верховная власть в каждом государстве имеет свою особую социально-культурную природу и свою собственную оригинальную историю. Это культурно-историческое своеобразие государства наиболее ярко и концентрированно выражается в государственной символике, непременным атрибутом которой является герб, флаг и печать.

8969

Шаймерденов, Е. ШҚазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері. Символы независимости Республики Казахстан = The symbols of independence of the Republic of Kazakhstan : научное издание / Е. Ш. Шаймерденов. — Алматы : Алматыкітап, 2005. — 231 б. : сурет

Кітапқа еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы зерттеу еңбектер және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-1 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Конституциясының ресми мәтіні енгізілген. Ата заңымыз бен ұлттық зердемізге, ой санамызға бойтұмар болар рәміздердің мән-мағынасын жақсы білу баршамыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың парызы.

8996

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Государственные символы Республики Казахстан : комплект из трех листов. — Алматы : Өнер, 2006. — 3 л. : цв.ил.

Екі тілде әзірленген мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба және Әнұранның мәтіні,нотасы және сипаттамалары қоса беріліп отыр. Бұл плакат студенттерге, ұстаздар мен мектеп оқушыларына, тарихшылар мен мәдениеттанушыларға, тәуелсіз мемлекітіміздің жаңа тарихын білгісі келген қалың көпшілікке арналады.

369

Каирбеков, Б. Г.   Государственные символы Республики Казахстан: научно-популярная литература / Б. Г. Каирбеков, Ш. Н. Каиргали, А. Н. Назарбаева. — Алматы : Центр обучения и соц. технол., 1997. — 40 с. : ил.

Авторы брошюры в научно-популярной форме рас- крывают семантику государственных символов — герба, флага и гимна Республики Казахстан и истоки их воз- никновения. Издание рассчитано на широкий круг читателей.

96

Трофимова, С. Біздің Отан. Қазақстан тәуелсідігінің рәміздері : сборник / С. Трофимова. — Алматы : ТОО «8&8″, 2013. — 23 бет.

«Біздің Отан» басылым топтамасы Отанымыз – Қазақстан Республикасына арналған. Басылым дүниелері еліміз өмірін жан-жақты қамтиды. Алуан түрлі нақты мәліметтер мектеп оқушыларының Қазақстан туралы көптеген тың деректер мен қызғылықты жайттарды білуіне көмектеседі. Әр басылымның соңында викторина сұрақтары ұсынылған, олар материалдың қаншалықты игерілгенін тексеріп көруге мүмкіндік береді.
Топтама мектеп жасындағы балаларға ұсынылады және оны жалпы құқықтық білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ дүниетану сабақтарында қосымша оқу құралы ретінде де пайдалануға болады.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің Рәміздері» басылымы жас мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері туралы әңгімелейді. Оқырмандар еліміздің мемлекеттік рәміздерімен, ұлттық валютамызбен, Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған ескерткіштермен таныс бола алады.

Список рекомендуемой литературы

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lib.kstu.kz/aza-stan-respublikasyny-r-mizderi-simvoly-respubliki-kazahstan/