«

»

Июн 03 2015

Распечатать Запись

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. 02 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

01

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.


Рисунок1 ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНДАРЫ. / Б.Ғ. Аяған, А.Ж. Габдуллина, М.С. Бекенова, Ж.Н. Калиев./Б.Ғ. Аяғанның ред. — Алматы: Раритет, 2011. — 260 б., қазақша, орысша Сіздердің назарыңызға ұсынылып отырған кітап тауелсіз Қазақстан нышандарын кешенді түрде бейнелейді. Кітаптың жаңалығы мен ерекшелігі сол — Мемлекеттік рәміздермен қатар Тауелсіз Қазақстанды бейнелейтін республиканың елеулі табыстары мен брендтері берілген. Кітапты Мемлекет тарихы институтының авторлық ұжымы дайындаған.   СИМВОЛЫ НЕЗАВИСИМОСТИ Б.Г. Аяган, А.Ж. Габдуллина, М.С.Бекенова, Ж,Н. Калиев. Под ред. Б.Г. Аягана. Алматы: Раритет, 2011. — 260 с, на каз., на рус. Предлагаемая вниманию читателей книга представляет собой комплекс символов независимого Казахстана. Ее преимущество и новизна состоит в том, что наряду с Государственными символами представлены все наиболее значимы бренды и достижения республики, символизирующие Независимый Казахстан, Издание подготовлено авторским коллективом Института истории государства.

 

 

 

 

111 098

Шаймерденүлы Е.Елтану әліппесі: Қазақ елінің рәміздері. Оқу құралы. — 1998. 160 бет. Автордың осыдан бес жыл бұрын 1993 жылы «Қазақ елінің рөміздері» , деген атпен шыққан кітабы рәмізтану саласында елімізде жарық көрген тұңгаш арнаулы зерттеу болатын. Ғылыми жұртшылық жылы кабылдаған еңбек содан бері тарих, саясаттану және мәдениеттану такырыптары бойынша қорғалған бірқатар докторлық және кандидаттық диссертацияларда, қазақ, орыс тілдеріндегі ғылыми-әдістемелік және тарихи-публицистикалық кітаптар мен мақалаларда кең ғылыми айналымға түсті. Соңдай-ақ ол жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, мектептерде оқу құралы ретінде пайдаланылып келеді. Қазақтың алғашқы рәмізтанушының қайта қаралып, жан-жақты толықтырылған бұл жаңа кітабы алуан түрлі оқу орындарына арналған бағалы оқу құралы ретінде көпшіліксұранымына орай шығарылып отыр. Кітапта пайдаланылған суреттер мен слайдтер автордың жеке мұрағатынан алынды.

 

 

 

 

 

111 100Шаймерден Е. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Государственные символы Республики Казахстан. Алматы: «Өлке», 2002, 160 бет. Кітап қазақ және орыс тілдерінде. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман- аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Ал ұлттық зердемізге, ой-санамызға бойтүмар болар рәміздердің мән-мағынасын жақсы білу баршамыздың, әсіресе өскелең ұрпақтың парызы. Кітап көпшілік қауымға арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

111

Каирбеков Б.Г., Каиргали Ш.Н., Назарбаева А.Н. Государственные символы Республики Казахстан. — Алматы: Центр обучения и социальных технологий, 1997, — 40 с.

Авторы брошюры в научно-популярной форме рас- крывают семантику государственных символов — герба, флага и гимна Республики Казахстан и истоки их воз- никновения. Издание рассчитано на широкий круг читателей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Список рекомендуемой литературы

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lib.kstu.kz/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizderi/