https://www.akademik.interstudi.edu/pasca/.well-known/

«

»

Мар 11 2016

Распечатать Запись

Праздник весны и благоденствия — Көктем мен мейірім мерекесі

В годы независимости мы превратили этот праздник в символ единства, дружбы всех народов, которые живут в нашей родной стране – Республике Казахстан.

Н.А. Назарбаев

1Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті: ғылыми басылым = Быт и культура казахского народа: научное издание = Life and culture of the Kazakh people: scientific publication. — Алматы: Алматыкітап, 2010. — 384 б., суретті

Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеп, жинақтап, жүйелеп жазып жүрген белгілі қаламгер әрі этнограф Сейіт Кенжеахметұлының бұл жинағын көтерген жүгі мен бағасы жағынан энциклопедиялық еңбек деп тануға болады. Мұнда халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны кеңінен көрсетілген. Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып, ұғым мен ырым, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін баяндайтын бұл бірегей жинақтан көп жайды біліп, тануға болады.
Туған еліміздің, халқымыздың бұрын көп айтылмаған, жазыла да бермеген төл мәдениетімізге лайық таным-түсініктері мен ерекшеліктері берілген.
В течение многих лет известный писатель и этнограф С.Кенжеахметулы проводил исследования и собрал богатейший материал, касающийся культуры и быта казахского народа. Систематизировав его, он написал настоящую книгу, которую можно назвать энциклопедическим изданием. В книге подробно изложен материал о «кара шанырак» — «святом очаге» (так казахи называли юрту), об основных ее элементах, убранстве, значении в жизни казахов.
В книгу вошло материалы о ритуалах и обычаях казахов, не вошедшие в прежние издания автора. Книга предназначена для широкого круга читателей.

2

Дымов О.Г.
Тепло казахстанской земли: научное издание. — Алматы: Арыс, 1999. — 272 с., фот.цв.

Это книга известного политолога, публициста, поэта, члена Совета Ассамблеи народов Казахстана Олега Григорьевича Дымова посвящена актуальным проблемам национальной политики, результативно проводимой в нашей стране. Его работа является также своеобразным историко-этнографическим обзором ряда этнических диаспор республики.
Книга будет особенно полезна историкам, политологам, социологам, всем, для кого интересна проблематика современных межнациональных отношений и их перспектив.

 

 

 

 

 

 

3

Народы Казахстана: Энциклопедический справочник. — Алматы: Арыс, 2003. — 350 с., ил., фото.цв. — (Новая энциклопедия фонда Арыс)

В книге впервые собрана информация о представителях 125 национальностей, проживающих в РК.
Издание содержит сведения о каждом народе, включая данные об этническом формировании и истории образования национальных диаспор в Казахстане. Отдельную часть составили научные статьи информационно-обобщающего характера по наиболее важным темам: общие сведения, демографические процессы, языковая политика, конфессиональные общины и др.
Книга предназначена для специалистов, студентов, преподавателей и широкого круга читателей, интересующихся вопросами демографии, культуры и историей страны в целом.

 

 

 

 

4

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: 2 томдық. — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты; ред. С. Е. Әжіғали. — Алматы: Арыс. – 2006. - 412 б., суретті. — (Мәдени мұра)

«Мәдени мұра» бағдарлаамасы аясында жарық көріп отырған бұл кітап «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты еңбектің екінші томы.
Бұл ұжымдық еңбек Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология бөлімінде даярланды. Бірінші томнан бұл еңбектің ерекшелігі – тұңғыш рет XIX – XX ғасырдың бас кезіндегі негізінде орыс тілінде жарық көрген шетелдік және отандық авторлардың қазақтар туралы жазбалары ана тілімізге аударылып, барынша толық түсініктемелерімен жарияланып отыр. Кітап «Отбасылық әдет-ғұрыптар», «Баланың дүниеге келуі. Балалық шақ», «Үйлену салттары», «Адамның отбасы мен қоғамдағы орны», «Дүниеден өту. Жерлеу. Ас беру» деген бес тараудан тұрады. Сондай-ақ кітапта Библиография, екі томға арналған Атаулар көрсеткіші беріліп отыр.
Кітап этнографтарға, тарихшыларға, мәдениеттанушыларға, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға араналған.

 

5

Нүсіпоқасұлы А.
Тал бесіктен жер бесікке дейін: кітап көпшілік оқырманға арналады. — Алматы: Өнер 21-ғасыр ҚҚ, 2014. — 591 б.

«Тал бесіктен жер бесікке дейін» деп аталатын бұл жинақтың тараулары жеке-жеке кітапша болып, 2002 жылы Үрімші қаласындағы (Қытай) «Шыңжаң жастар — өрендер» баспасынан араб қарпімен жарық көрген. Автор оларды қайтадан қарап, толықтырып, оқырмандарға тұтас бір том етіп ұсынып отыр. Жинақта қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын-сауықтары, халықтың тәрбиесі туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Кітап оқырманның ұлт мәдениетінің нәрімен сусындап, адами асыл қасиеттер үлгісін санасына сіңіруіне мол септігін тигізері сөзсіз.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.

 

 

 

 

Төтенаев Б. 6
Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Кайнар, 1994. — 144 с.

Бұл кітапта қазақтың ұлттық ойындары, ойын ережелері жан-жақты сөз болады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға, әсіресе балаларға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Дымов О.

Мы, народ Казахстана = We are the people of Kazakhstan : научное издание. — Астана: ТОО Дизайн-бюро Проксима, 2004. — 632 с.

Это книга известного политолога, публициста, поэта, члена Совета Ассамблеи народов Казахстана Олега Григорьевича Дымова посвящена актуальным проблемам национальной политики, результативно проводимой в нашей стране. Его работа является также своеобразным знакомством с состоянием современного полиэтнического общества Казахстана, а также историко-этнографическим обзором о ряде диаспор республики.
Книга будет особенно полезна историкам, политологам, социологам, студентам, всем, кому интересна проблематика современных межнациональных отношений и их перспектив.

 

 

 

 

 

Қош келдің, Наурыз!. — Алматы: Ақ Орда: Өлке, 1993. — 80 с.8

Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз жайындағы көрнекті ақын-жазушылардың, ғұлама ойшылдардың қызықты әңгіме-жырлары, тұрмыс-салт өлеңдері, халық әндері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Наурызнама: аталы ойлар. — Алматы: Жалын. – 1993. – 112 б.

Бұл кітапта шығыс халықтарының ең аяулы мерекесі Наурыздың туып қалыптасуына қатысты бағзыдан келе жатқан сән-салтанат, салт-дәстүр, жамиғатқа жарасымды жақсы рәсімдер жинақталған.
Сондай-ақ, жинақтан әйгілі ғұлама, шайырлар – Омар Һайам мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көпшілікке әлі күнге дейін аян бола қоймаған Наурызға қатысты ұлағатты жазбаларымен таныса аласыздар. Қолдарыңыздағы «Наурызнаманың» атбасы алтынға татырлық құндылығы міне, осында.

 

 

 

 

 

 

 

 

10Мұқанов С.

Халық мұрасы: тарихтық-этнографиялық шолу. — Алматы: Жазушы, 2005. — 303 б.
Ғұлама жазушының бұл еңбегін Қазақтану әлемінің әліппесі деуге болар. Бұрын көптеген қысқартулармен жарық көрген «Халық мұрасы» 1995 жылғы басылымы бойынша толықтырылып ұсынылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Қазақ халқының ұлттық киімдері : ғылыми басылым = Национальная одежда казахского народа : научное издание = National dothes of Kazakh people : scientific publication. — Алматы: Алматыкітап, 2011. — 384 б: суретті

Бұл басылымда қазақ ұлттық киім түрлері жүйеленіп берілген. Киімдердің жасалу жолдары, пішімдері, тігуге қолданылған заттар, қысқаша өңдеу, көркемдеу, әшекейлеу жөнінде де материалдар енгізілген.
Кітапта кәсіптік киімдер (аңшы, малшы, діндарлар, және әртүрлі рәсімдерге байланысты киімдер т.б.) жөнінде
жазылып, олардың ғұрыптық аспектілері, одан туындайтын киіммен байланысты қазақ халқының дәстүрлі ырымдары, тыйымдары, салттары енгізілді.
Ертедегі қазақ жерін мекендеген сақ, түркі, қыпшақ, үйсін, қимақ тайпаларының киімдерімен сабақтастығы баяндалып, фотоматериалдармен толықтырылған.
Бұл басылым оқырманның қазақтың ұлттық киімі туралы таным түсінігін кеңейтеді.

 

 

Постоянная ссылка на это сообщение: https://lib.kstu.kz/prazdnik-vesny-i-blagodenstviya-k-ktem-men-mejirim-merekesi/