«

»

Мар 01 2019

Распечатать Запись

2019 март

Ел жүрегі Астана_001

Ел жүрегі — Астана. Сердце страны — Астана : мақалалар мен сұхбаттар жинағы. Қазақ және орыс тілдерінде / Құраст. : М. Б. Қасымбеков, А. М. Молдағаринов, Ғ. Б. Боранбаева. — Астана : Фолиант, 2018. — 675 с. : сур. — ISBN 978-601-338-142-8 : 1000.00 тг

Бұл жинақта Астанаға арналып 2017-2018 жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар топтастырылып отыр. Кітап елорданың негізін қалаушы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Астананың  20жылдық мерейтойындағы салтанатты қабылдауда сөйлеген сөзімен ашылады. Мақалалар мен сұхбаттар авторларының көпшілігі – елорданы көшіріп, заманауи мегаполисті салу жөніндегі ауқымды  жобаны  жүзеге асыруға тікелей әрі белсенді атсалысқан азаматтар. Олардың осы жинаққа енгізілген естеліктері, ой-пікірлері мен куә болған жайттары Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы үшін құнды дерек көзі саналады.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. Тематический сборник составлен из материалов, посвященных Астане и обубликованных в периодической печати в 2017-2018 годах.

Книгу открывает речь основателя столицы – Первого Президента Республики Казахстан — Елбасы Нурсултана Абишевича  Назарбаева, произнесенная на торжественном приеме в честь 20-летнего юбилея Астаны.

Большинство авторов статей и интервью являются непосредственными  и активными  участниками  реализации  грандиозного проекта по переносу столицы и возведению современного мегаполиса. Собранные в книге, их воспоминания, размышления и свидетельства представляют собой ценный источник по современной истории Казахстана. Книга адресована широкому кругу читателей.

Жыр арқауы елбасы_001

Жыр арқауы елбасы : мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевқа арналған бата — тілектер, өлеңдер, толғаулар, поэмалар және ән мәтіндері / Құраст. : М. Б. Қасымбеков, А. М. Молдағаринов, А. Сейтак. — Астана : Фолиант, 2018. — 309 бет. — ISBN 978-601-338-031-5 : 1000.00 тг

Кітапқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған әр жылдардағы бата- тілектер, өлеңдер, толғаулар, поэмалар және ән мәтіндері топтастырылған. Авторлар қатарында халқымызға кеңінен танымал ақындар да, қарапайым жырсүйер қауым өкілдері де бар. Ел-жұрттың Елбасыға деген шынайы ықыласы мен мақтаныш сезімін аңғартатын жыр жинағы қалың көпшілікке арналған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті_001

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы 2017 жыл : научное издание. — Астана : Деловой мир Астана, 2018. — 351 б : сур + 1 эл. опт. диск (CD-ROM). — (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы). — ISBN 978-601-7918-12-5 : 1000.00 тг

Бұл кітап «Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып табылады. Кітапта 2017 жылы елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысумен өткізілген басты  іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңде Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2017 жылы қабылданған Қазақстан Республикасның маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген. Сондай-ақ кітаптың компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған.

Басылым көпшілік оқырманға арналған.

Первый Президент Республики Казахстан_001

Постоянная ссылка на это сообщение: http://lib.kstu.kz/2019-mart/